Тілімнің тікені бар
08.01.2016
1416
0
219733_933645895_IMG_20160106_162825Сықақшы Тұрлыхан Кәрімнің «Толағай Т» баспасынан 2015 жылы «Тілімнің тікені бар» атты жинағы жарық көрді.

Сатирик-жазушы Т.Кәрімнің бұл кітабы әзіл әң­гімелер мен сықақ өлеңдер, қазақы қалжыңдар, зерттеулері мен комедиялық шығармасына орайлас, құрылымдық жағынан аражігі ажыратылған бес бөлімнен тұрады. Жинаққа енгізілген қай дүниесі де әбден екшелген, тілдік кедір-бұдырлықтан аулақ. Қай-қайсысы да авторлық жауапкершілік жүгін шынайы сезінетін қаламгердің қолынан шыққанын айқындап тұр. Сын-сықақ әңгімелері ықшам, сати­ра­лық өлеңдерінің айналасы жұп-жұмыр, қазақы қал­жыңдары да түйінділігімен ерекшеленеді. Сати­ралық жанрға байланысты зерттеулері де өзіндік ой-пікірлерімен көңіліңізге қонады.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір