«Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі»
22.10.2021
861
1

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,

 Алматы қаласы әкімінің «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты грантына әдеби байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

 

  • БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстан Жазушылар одағы

 

  • БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ
  • Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, тәуелсіздігімізді дәріптеу, абыройын асқақтау, тарихқа үңілу, тағзым ету;
  • Тәуелсіздігіміздің куәгері, ел тарихының бастауы және алтын қазығы болған Алматының бүгінгі болмысын көрсету үшін аға буын қаламгерлерді де жастарды да осы байқауға тарту.
  • қазақ әдебиетінің қазіргі әлеуетін байқатып, жастардаың шығармашылығын таныту;
  • БАЙҚАУДЫҢ ӨТЕТІН УАҚЫТЫ
  • Байқауға өтініштерді қабылдау жарияланған күннен 26 қараша 2021 жылға дейін жүргізіледі.
  • Қабылданған жұмыстардың ішінен сарапшылар шешімімен іріктелгендері келесі кезеңге өтеді.

 

  • БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
  • Ел руханияты мен қазақ әдебиетіне өз үлесін қосып жүрген барлық қаламгерлер қатыса алады. (Жасқа шектеу қойылмайды).

 

  • БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

 

  • Байқауға қатысушылар «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты ортақ тақырыпта әдеби жанрларға байланысты төмендегідей аталым бойынша бақ сынайды:
  1. Поэзия;
  2. Проза;
  3. Балалар әдебиеті (поэзия немесе проза);
  4. Драматургия;
  5. Қысқаметражды фильмге көркем сценарий;

 

  • ПОЭЗИЯ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Үміткерлер байқауға екі өлеңімен қатысады:

  • Тақырыпқа байланысты бір өлең
  • Еркін тақырыптағы өлеңі;
  • Қатысушыға қойылатын талаптар:
    • Байқауға қатысушы берілген тақырып бойынша өзінің бір арнау өлеңімен және еркін тақырыптағы бір өлеңімен қатысады;
    • Өлеңнің көлемі 3 беттен аспау керек (А 4 форматында);
    • Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады;
    • Өлең Microsoft Word түрінде ( Times New Roman 14) жазылып writerskz@gmail.com эл.поштасына жіберілуі керек;

 

  • ПРОЗА АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

 Қатысушылар берілген тақырып бойынша прозалық шығарма жазады.

Жұмыстың көлемі 10 беттен аспауы керек;

  • Қатысушыға қойылатын талаптар:
  • Әдеби жанрға тән қалыптарды сақтап, көркем мәтінде тақырыпты ашу;
  • Байқауға қатысушылар еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен отыз жыл ішіндегі өмірін суреттеген прозалық әңгімелерін жолдай алады. Сондай-ақ, Қазақстан тарихын арқау еткен әңгімелер де қабылданады;
  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) жазылып writerskz@gmail.com эл.поштасына жіберілуі керек;
  • БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Қатысушылар берілген тақырып бойынша проза немесе поэзия аталымдары бойынша балаларға арналған шығармаларын ұсынады.

  • Қатысушыға қойылатын талаптар:
  • Әдеби жанрға сай ерекшеліктерді сақтай отырып, көркем мәтінде тақырыпты ашу;
  • Жазылған жұмыстың көлемі 5 беттен аспауы керек (А 4 форматында);
  • Шығарманың желісі тәуелсіздікпен байланысты болуы шарт;
  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) writerskz@gmail.com эл.поштасына жіберілуі керек;
  • ДРАМА АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Үміткер берілген тақырып бойынша драмалық шығармасын ұсынады.

  • Қатысушыға қойылатын талаптар:
  • Қатысушылар аталған тақырыптық идеяның негізінде өз шығармаларын ұсынады;
  • Драмалық шығарма І актылы немесе ІІ актылы бола береді;
  • Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) writerskz@gmail.com эл. поштаға жіберілуі керек;

 Жоғарыда аталған аталымдар бойынша жіберілген жұмыстарды арнайы тағайындалған сарапшылар тексеруден өткізіп, үздік деп танылған жұмыстар қорытынды жиында марапатталады.

Әр жанрды сараптаушылар 3 адамнан. Жалпы саны 15 адам. (Жабық түрде)

  • БАЙҚАУДЫҢ МАРАПАТТАУ КЕЗЕҢІ
  • Байқауға қатысушыларды марапаттау кеші Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының ұйымдастыруымен өткізіледі.
  • Марапаттау кешіне елімізге белгілі әдебиет өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысады;
  • Әр номинация бойынша бір ғана жеңімпаз анықталады;
  • Әр аталым бойынша тағайындалған қазылардың шешімімен анықталған үздік жұмыстар республика көлемінде дәріптеледі. (БАҚ-да, Теле бағдарламаларда)
  • БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
  • Байқауға қатысушылар жазылған жұмысымен бірге төменде көрсетілген (қосымша 1) үлгі бойынша өтініштерін толтырып, өзінің аталымы бойынша электронды мекен-жайға жібереді.

 

Өтініш беру үлгісі

Қатысушының аты-жөні
Қатысушының аталымы, шығармасының атауы
Туған жылы, айы, күні
Мекен-жайы, (облыс, қала, аудан, ауыл)
Электронды мекен-жайы
Байланыс номері

 

Ескерту! Өтініштің қате толтырылғандығы үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 24.10.2021 | 08:05

Зак Снайдер в интервью рассказал, что доволен своей версией «Лиги справедливости», но режиссер не горит желанием работать над еще одним фильмом по комиксам. — Всё о Sony Playstation консоли, планшетах, компьютере — на PC, Mac, Linux. — В сиквеле будет играть мало героев, тем не менее там будут технические загадки и некоторые потенциальные злодеи. Я не буду рад, если часть этих сюжетов мы повесим на компьютерную иглу. Сиквел «Лиги справедливости» в свою очередь станет сиквелом «Тайны острова головорезов» и будет сосредоточен на приключениях Билла, Тима и Марка одновременно.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір