«Гогольдің өлімі?..»
25.04.2020
253
5

(Амангелді Кеңшілікұлының «Гогольдің өлімі» сын-эссесіне орай…)

«Қазақи жын-сынға – адами шын-сын»

 …«Сөз» айту үшін, алдымен – айтар жеріңді әбден зерттеп-зерделеп, толық-тай меңгеріп алғаның абзал-ды. Сыншы, зерттеуші: жазушының бір өлеңіне, бір әңгімесіне, немесе бір романына қарап түпкілікті шешім-қорытындысын жасамауы тиіс. Белинский айтпақшы (қайталаудан жалықпаймыз), «жалпы, бүкіл шығармашылығының пафосын аңдап алуымыз» керек. Сонда ғана «объектіңді» тап басасың, «вердиктің» шынайы шығады.

Амангелдінің зерттеу-мақалаларын оқып-біліп, қуанып жүрміз: білімділігі, таланты, «әкесінің ізі» көзге ұратындай. Дегенде, осы жолы (жиілеп те барады ма?..) мүлт кеткендей. Бірден, ойымызды ашып алайық: Амангелді, Гогольден – «әулие – өз әулиесін» жасап алғандай; екіншіден, «үлкен ілімнен» хабары аздық етсе керек-ті-ау. Міне, «мүлт кетуінің» басты себептері осы болар. Бұл – албырттығының басылмағандығы, пісіп-жетіліп қалыптаса қоймағандығы да шығар. «Бәлкім?..»

Амангелді: «Орыс жазушыларының ішінде сайтан тақырыбына ең алғаш рет Гоголь қатты назар аударды» дейді. Бұлай деуі, сол «өз әулиесінен» өзгені көрмей – көре алмай қалуынан емес пе екен? Оу, басқаларды былай қойғанда, «сайтанның жеті атасын» түгелдеп өткен Пушкин, Лермонтовтарды қайда қоямыз?..

Амангелді: «Құдайтануда ғұлама Достоевский мен Толстой да қателесті. Гоголь ғана қателескен жоқ» дейді. Бұл өте жеңіл айтыла салған сөзге, шын мәнісінде күрделі мәселеге әңгімеміздің соңында оралалық.

Амангелді: «Бір жарым ғасырдан аса уақыт өтсе де, кейде ит болып үріп, кейде түлкіше құйрығын бұлғаңдататын Белинский жарықтықтың (?!. «И. Ә.») «Гогольге хатын» қайта-қайта оқыған сайын, жазушыны емес, сыншыны аяймын.» «Гогольдің ізбасарлары Достоевский, Тургенев, Толстой, Булгаковтар адамзат баласының санасын әлі талай мыңдаған жылдар бойы суаратын мәңгілік дүниелер қалдырды. Белинскийдің соңынан ергендердің құмға сіңген судай іздері де қалған жоқ. (?!.) Өйткені орыс әдебиетінің сыны Белинскийден емес, Гогольдің «Достармен сырласу» атты еңбегінен басталуы тиіс еді.» «Мәссаған! Енді Гоголь анау-пынау емес, сол уақыттары «поэзияның пайғамбары» саналып жүрген Ломоносовты сынап салды.» «Белинскийге берген жауабында Гоголь сыншының шын мәнісіндегі білімсіздігін тап басады, түлкі табиғатының осал жерінен ұстап алады.» «Бірақ, Гогольдің шаужайына жабысқандар жалғыз ғана Белинский ме…» деп-деп кеп кете барады-кете барады. (?!?!?!)

«Мәссағанның» көкесі енді болған жоқ па!? Ойпырым-ай, осы уақытқа дейін басқа ешбір жан көріп-білмей келген «мұншама дүниеәуи жаңалықтарды» Амангелді табан астында қайдан таба қойды?! «Түс көрді ме екен… түлкішекпен түнесіп шықты ма екен?..» Бәрі-бәрі, сол, Гогольді «әулие жасап алғандығынан» деместен басқа амалымыз жоқ.

«Құйрығын бұлғаңдататын түлкі» – «кім» екендігін әңгімеміздің барысында көре жатармыз; ал, әзірге мынаны айталық: «Құдайым-ау, алғаш Гогольді – Гоголь етіп танытқан, таныған Белинский емес пе еді?» Тыңдалық: (мысалдарымыздың көбісі орыс тілінде болып жатса, оқырманнан алдын ала кешірім өтінеміз; «источниктер» солай болса не шара) «Реакционная критика встретила Гоголя враждебно. Она порицала писателя за исключительный интерес к изображению «грязных» сторон действительности. «Библиотека для чтения» писала: «Мы всегда были того мнения, что она очень грязна.» «Северняя пчела»: «Зачем же показывать нам эти рубища, эти грязные лохмотья?» Осылай да осылай… Осындай қиын-қыстау кезеңде Белинский ғана әділдігін көрсетіп, тура сөзін айта білген еді. «О русской повести и повестях г. Гоголя», «Похождения Чичикова, или Мертвые души», т. т. сын-рецензияларында Белинский жүрегі жарыла бүкіл әлемге жар салды: «Гоголь  поэт, поэт жизни действительной!» «Повести г. Гоголя народны в высочайщей степени!» «Тарас Бульба»  это дивная эпопея, написанная кистию смелою и широкою, достойная Гомера!» «О, пред такою нравственностью я всегда готов падать на колени!» «г. Гоголь еще только начал свое поприще: следовательно, наше дело высказать свое мнение о его дебюте и о надеждах в будущем; г. Гоголь владеет талантом необыкновенным, сильным и высоким. По крайней мере, в настоящее время он является главою литературы, главою поэтов; он становится на место, оставленное Пушкиным…» Гоголь жайында барша ізгілікті адамзат та – соның ішінде біздер де осылай ойлаймыз. Гоголь – тек қана орыс әдебиетінде ғана емес, әлем әдебиетінде өз орны бар тұлға. Оны одан сайын қолдан биіктетіп, «ИДОЛ» жасаудың – ол үшін, «соқыр-мылқауланып» алып, Белинскийді соншама қорлап-қаралаудың қаншалықты қажеті бар еді?! Мұнымен, Белинский шынымен де бейшара боп қала ма?..

Амангелдінің ашу-ызасын тудырған – Белинскийдің: «Письмо к Н. В. Гоголю» деген мақаласы екен. Оу, сонда – «пәленбай жылдардан кейін Амангелді мырза ренжіп қалады екен» деп Белинский шындықты айтпауы керек пе еді?

Амангелді, сен өзің былай дейсің тағы да: «Тәні емес, жаны ыстық табада шыжғырылып, мына жалған тіршіліктен түңілген Гоголь енді өлуге бел буды. Бұл Гогольдің өміріндегі ең үлкен қателігі болатын… Қара тобырдың, қоғамның, Матвей әкейдің айтқанына өкпелеп, өлгісі келді; сайтанның тұзағына осылайша ілінді…»

Ия, тұп-тура-ақ айтып отырсың, пәленің қайдан келгенін. Сөйте тұра, арғы-бергі жағыңда, үнемі: «бәріне кінәлі – күнәһар Белинский» деген ойың ашық та жасырын да жылт-жылт етіп көрініп тұр. Жалпы, осындай екіұдай ойларың мақалаңның өн бойында жалмаңдай өріп жүр. Бірді айтып, бірге кетіп қала бересің. Саған, Гогольдің өлімін ақтап, Белинскийдің «атақты мақаласын» даттау үшін, – Гогольді әсіре асқақтату үшін, – «крупный фигураны жертва ету» керек болған сыңайлы. Ол – Белинскийдің дәп өзі болып шыққан!.. Сен, Белинскийді үнемі «сыншы емес» дегің келгенімен, бәрі-бір – «сыншы» деуден танбайсың. Көрдің бе – ішкі күдігіңмен арпалысуда болғансың.

Ал, енді, «Письмо к Н. В. Гоголюдің» өзінен үзінді келтіріп өтелік: «Да, я любил Вас со всею страстью, с какою человек, кровно связанный со своею страною, может любить ее надежду, честь, славу, одного из великих вождей ее на пути создания, развития, прогресса… И если ее принимали все (за исключением немногих людей, которых надо видеть и знать, чтоб не обрадоваться их одобрению) за хитрую, но чересчур перетоненную проделку для достижения небесным путем чисто земных целей  в этом виноваты только Вы… Вы столько уже лет привыкли смотреть на Россию из «Вашего прекрасного далека», а ведь известно, что ничего нет легче, как издалека видеть предметы такими, какими нам хочется их видеть… Поэтому Вы не заметили, что Россия видит свое спасение не в мистицизме, не в аскетизме, не в пиэтизме, а в успехах цивилизаций, просвещения, гуманности. Ей нужны не проповеди (довольно она слышала их!) не молитвы (довольно она твердила их!) а пробуждение в народе чувства человеческого достоинства, столько веков потерянного в грязи и навозе… Страны, где, наконец, нет не только никаких гарантий для личности, чести и собственности, но нет даже и полицейского порядка, а есть только  огромные корпораций разных служебных воров и грабителей… Не истиной христианского учения, а болезненною боязнью смерти, черта и ада веет от Вашей книги  «Переписка с друзьями». И что за язык, что за фразы: «Дрянь и тряпка стали теперь всяк человек». Неужели вы думаете, что сказать «всяк» вместе всякий значит выразиться библейски? Что за выражение про народ: «неумытые рылы»?.. Кто способен страдать при виде чужого страдания, кому тяжко зрелище угнетения чуждых ему людей,  тот носит Христа в груди своей и тому незачем ходить пешком в Иерусалим… Я не умею говорить вполовину, не умею хитрить: это не в моей натуре. Пусть Вы или само время докажет мне, что я ошибался в моих о Вас заключениях  я первый порадуюсь этому, но не раскаюсь в том, что сказал Вам. Тут дело идет не о моей или Вашей личности, а о предмете, который гораздо выше Обоих; тут дело идет об истине, о русском обществе, о Руси!..»

   Белинский туралы замандастары не деп еді? Тыңдалық: «Неистовый Виссарион!..» «Белинский был не что иное, как литературный бунтовщик, который за неимением в то время у нас места бунтовать на пдощади, бунтовал в журналах…» «В этом застенчивом человеке, в этом хилом теле обитала мощная, гладиаторская натура…» «Он бросался на противника барсом, он рвал его на части, делал его смешным, делал его жалким и по дороге с необычайной силой, необычайной поэзией развивал свою мысль…» «Это были революционные начала, вносимые в литературу, за невозможностью внести их в область государственного устройства…» «Самая революционная натура!..» Ал, Белинский өзі жайында не деген екен? Байқалық: «Я в мире боец!..» «Я литератор  говорю это с болезненным и вместе радостным и гордым убеждением. Литература расейская  моя жизнь и моя кровь…» Ал, «сын» жөнінде ше? Көрелік: «Критика – самовластная царица современного мира!..»

Міне, осындай – «Әдебиеттің шынайы құлы», «Отаны үшін жанпида» – шындықтың жолында қасқиып тұрар адам: «КІМНІҢ ОРАШОЛАҚТЫҒЫН, ЖАРТЫКЕШТІГІН» кешірер еді?!.

Белинский мен Гогольдің «түсініспестігінің» (турасында Амангелдінің ғой…) себебін толықтырып өтер болсақ, мына зерттеушілерді де тыңдап көрелік. С. Машинский: «Он подверг неотразимой критике политические, нравственные, эстетические идеи реакционной книги Гоголя. С потрясающей силой темперамента Белинский раскрыл в Письме свои взгляды на важнейшие явления современной жизни  крепостное право и самодержавие, церковь и религию, исторические судьбы русского народа и его культуру… Написанные кровью сердца, письма к Гоголью стали политическим завещанием Белинского, одним из самых пламенных произведений русской словесной мысли.» В. Кулешов: «Гоголью не хватало способности четко и полно понять значение нарисованных им картин. Будучи сам жертвой николаевской действительности, Гоголь пугался собственного смеха. Под влиянием «друзей» из консервативного и славянофильского лагеря он начал отказываться от реализма, своих великих созданий. В начале 1847 года Гоголь выпустил реакционную книгу «Выбранные места из переписки с друзьями», в которой зачеркивал все свое предыдущее творчество, отказывался от «Ревизора» и «Мертвых душ» и проповедовал  «христианское смирение…»

Бұл айтылғандарға қосарымыз: 1845 ж. Гоголь, «Оқу министрі» Уваровқа «ыстық ықыласты» хат жолдамаушы ма еді – ақшалай көмек көрсеткеніне жауап ретінде. (Гоголь «ақшасыз» ба еді?..) Сөйтіп-сөйтіп, «қанды қол биліктің» қолтығына өзі барып кіріп кетпеуші ме еді. Мұны ол неліктен істеді? «Өлімнен қорықты…» шамасы, – «жан-тәттілікке» бой алдырған болуы керек. «Шіркеушіл» бола қалды. Бұл жөнінде толықтай айтарымыз, – жоғарыда ескерткеніміздей, – әңгімеміздің соңында болсын.

Амангелді, сенің әңгімең, негізінен: «Гогольдің сайтанмен күресі және өлімі». Өте жақсы. Бірақ, әңгімеңнің барысында жиі-жиі «сайтанды есіңнен шығарып алып», Белинскийге қарай беталды қисайып, шүйлігіп, басыңды орынсыз бетон-дуалға соққылайсың. Ломоносов бейбақты да сүйкеп өтесің – «Гогольдің мүйізімен». Ия, Гоголь «солай» деп айтса айтқан-ақ шығар бір кездерінде; бірақ, сенің мынау әңгімеңе оның тіптен де қатысы жоқ қой!? Уақытында ғалым Ломоносовты ақын десе –  деген шығар; ал, Пушкиндердің кезінде шын мәнінде «ақын» деп кім әспеттеп жатыпты?.. «Орыс поэзиясының табиғаты мен ерекшелігі неде?» деген жалғыз мақаласына қарап – Гогольді «ұлы сыншы» дейсің. Қай-да-а-а-ам?.. Гогольді солай деген сенен басқа ешкімді кездестірмедік әзірге. Бәрі де айтып, мойындап келеді: «Гоголь – үлкен жазушы; Белинский – кемеңгер сыншы».

Амангелді, сенің – Гоголь мен Белинскийді шоқыстыруыңның жөнсіздігін тағы бір тегістеп өтсек, өз замандастарының, кейініректегі зерттеушілердің нақты сөздерімен:

Чернышевский: «Белинский – главный деятель критики гоголевского периода.» Тургенев: «Белинский  мой «отец  и командир»; я обязан всем ему, он меня поставил на настоящую мою дорогу, без его советов я не решаюсь теперь печатать мойх мараний.» Достоевский: «Он мой  «крестный отец.» Кулешов: «Особенно велики заслуги Белинского в осмыслений и разъяснений творчества Пушкина,  Лермонтова и Гоголя… После смерти Пушкина и Лермонтова, а также духовного кризиса Гоголя, в литературе выдвинулись целая плеяда молодых писателей: Некрасов, Григорович, Достоевский, Герцен, Тургенев, Гончаров и др. Белинский первым приветствовал их, многих из них направлял в творческих исканиях.»

Ия, бұл айтылған соңғы жазушылар Гогольді де ұстаз тұтты. Белинскийдің өзі оларды Гогольдің «натуральная школасынан» (реализм) шыққан деді. Сонда, «таласымыз – түсінбестігіміз» не?..

Жалпы, Амангелді жап-жақсы әңгімесінен ауық-ауық ауытқып кетеді дедік қой. Біз де ізбе-із жүріп шықпасақ болмас. Амангелді: «Пушкин Гогольдің «Өлі жандарының» қолжасбасын оқып шығып, «ойпыр-ай, мен білмейді екенмін ғой елдің жайын, не деген сұмдық!» деп таңқалыпты» дейді. («Комплиментті» шатастыру ғой бұл енді). «Содан, мына өлеңін жазыпты» деп бір шумақ Пушкиннің өлеңін келтіреді. Қолжазбаны оқыған-ақ шығар, бірақ, «Пушкин есінен танып қалыпты» дегенге кім сене қояр екен? Пушкин ол кездері түгілі, екі жүз жыл өткен бүгіндері тірі болса ештеңеге таң қала қоймас. Себебі, ол – Құдайдың жаратқан ерек тұлғаларының бірегейі! Әдебиетке Гогольден әлдеқашан бұрын келген Пушкин әлгі өлеңін өзінше-ақ жазып қойған. Гоголь енді бой түзеп жүргенде, Пушкин ол өлеңін он орайтын мына өлеңін де жазып қойған-ды:

 (изыде сеятель сеяти семена своя)

Свободы сеятель пустынный,             

Я вышел рано, до звезды;                              

Рукою чистой и безвинной                              

В порабощенные бразды                                

Бросал живительное семя                            

Но потерял я только время,

Ярмо с гремушками да бич.

Благие мысли и труды…

Паситесь, мирные народы!

Вас не разбудит чести клич.

К чему стадам дары свободы?

Их должны резать или стичь.

Наследство их из рода в роды.

Мынау өлеңін де:

О, муза, пламенной сатиры!                      

Приди на мой призывный клич!                   

Не нужно мне гремящей лиры,                  

Вручи мне Ювеналов бич!                              

Не подражателям холодным,                      

Не переводчикам голодным,                           

Не безответным рифмачам бледных                 

Готовлю язвы эпиграмм!                                

Мир вам, несчастные поэты,                 

Мир вам, журнальные клевреты,

Неизгладимую печать!

Мир вам, смиренные глупцы.

А вы, ребята подлецы,

Вперед! Всю вашу сволочь буду

Я мучить казнию стыда!

Но если же кого забуду,

Прошу напомнить, господа!

…О сколько лиц бесстыдно

О, сколько лбов широко медных

Готовы от меня принять

Неизгладимую печать!   

…Керісінше, зерттеушілер не дейді? Тыңдалық: «Зимой 1841 года, сам Гоголь встретился с критиком Белинским в Москве и вручил ему рукопись «Мертвых душ», для того чтобы Белинский помог ему добиться разрешения в Петербурге на печатание книги  московская цензура отказалась это сделать. Белинскому через друзей «Отечественных записок» удалось это разрешение.»

Енді не қалды? Жарайды, жетер осы да. Көзі қарақты пенделер білетін – белгілі жәйттерді біраз езбелеп тастадық. Амангелді, мұның бәрін сен де білесің. Біле тұра былықтырғаның біздерге мүлдем ұғынықсыз. «Ұғынықты сияқты болса да?..»

Ал, енді, менің негізгі айтар әңгімем – соңына қалдырып келген – «НЕ» еді? Тыңда, Амангелді! Жақсылап тыңда! Анық, ақиқат нәрсені («Үлкен Кітап» сөзін) – анық, ашық айтамын: Амангелді, сен қатты қателескенсің! «Сұмдық – Мұсылмандыққа мүлдем жат!» тірлік жасап тұрсың. Белинский – Гогольге: «Какая это великая истина, что, когда человек весь отдается лжи, его оставляют ум и талант… Вы позволили себе цинически грязно выражатся не только о других (это было бы только невежливо) но и о самом себе  это уже гадко, потому что если человек, бьющий своего ближнего по щекам, возбуждает негодование, то человек, бьющий по щекам  самого себя, возбуждает презрение… Вы стоите над пропастью!» демеуші ме еді. Дәл осыған ұқсас жәйт, бүгінгі күні сенің өз басыңда тұр. Тезірек райыңнан қайтқаның жөн. Сен білместікпен істедің… Мен өзімді осылай деп сендіруге тырысамын. «Білместікті» түзеткен – «Мұсылмандық». Айналайын, бауырым, сен: «…православиелік шіркеуге барып шырақ жаққым келіп кетеді. Бәлкім менің ең сүйікті жазушымның (Гогольдің) аруағы – шын ниетпен жағылатын сол бір шырақтың жануын күтіп, мазасызданып жатқан шығар. Сол шырақты жаққаным үшін мейірімі мол Алла тағала бір тілегімді орындаса…» дейсің. Бауырым-ау, қай мұсылман шіркеуге барып солай істер еді? Бұл – «АЛЖЫҒАНДЫҚ» қой!? Сенің мына сөздеріңді оқыған я естіген – арқаңнан ерген ізбасарларың – көгенкөз жастар «кім-не-қалай» болар екен?.. Міне, сенің өзіңнің сайтанның жетегінде кетіп, «дүниені бүлдіруге» бет қойғаның. («Білместікпен» десек те – бәрі де сол «білместіктен» шығады ғой). Адамзаттың көрнекті өкілдерін наным-сенімдеріне қарамастан бәріміз де құрметтеуіміз керек. Бірақ, дәл сен сияқты етіп емес!?.

Амангелді, айналайын, осы арадағы сөздерім саған түсініксіздеу көрінсе – түсінгің келмесе – тағы-тағы ұғындырып бағуға тырысайын:

Адам-Атаны Құдай «мұсылман» етіп жаратты. «Әлімсақтан мұсылманмын» дейтініміз сондықтан. Содан бергі жүз жиырма төрт мың пайғамбарлар – олардың соңынан ергендер де мұсылман еді. Жалпы, «Құдай – Бір» дегендердің бәрі де мұсылман ғой. (Иса да – мұсылман…). Түсінбестік қай жерде? Тыңда, тыңда, тыңда – Амангелді бауырым менің!

«Құдай – Бір» дегені үшін, сол кездегі билік Исаны тар қапасқа қамап қойды. Ол қапастың түтін шығатын мұржа сияқты тесігі бар еді. Жебірейіл періште келіп, тесіктен: «Қолыңды бер!» деді. Иса: «Қолымды бергеніммен, басқа денем тесікке қалай сияды?» деп саусақтарымен басын, екі иығын, кеудесін шұқып көрсетті. Жебірейіл періште: «Қолыңды бер, қалғаны Алланың ісі» деді; сөйтіп, Құдайға алып кетті. (Төрт пайғамбар тірі жүрген болса, соның бірі – Иса). Ал, содан жаулары не істеді дейсің ғой? Құдай кереметімен Исаны сатқанды (өз тілеуімен) «исаның бейнесіне» енгізіп қойған еді, міне, жаулары соны ағашқа «крес» қып керіп, шегелеп тастады. «Шын Иса» деп түсінді. Кейін, әлгі Иса кейпіндегі креске керілгеннің денесін жақындары үңгірден ұрлап әкетті. Яһудилер, Исаның – «басын, екі иығын, кеудесін шұқып көрсетіп, тесіктен ұшып шығып кеткенін» қамақтың саңлауынан бақылап көріп тұрған еді ғой… «Құдайға айналып кетті» деп уағыздады. Көп жаңылыстар – жалғандықтар туындады: «Иса-Құдай», «Иса – Құдайдың баласы», «Мәриәм Құдайдың анасы», «троица» дегендіктер шықты. Міне, әлімсақтан бері мұсылман болып келе жатқан жәмиғаттың бір бөлігі осылайша  тағы жарылды. Қазіргі «христиандық» деп жүргеніміз – өткен ілім; ал, «крестшілдік» – теріс: «ҚҰДАЙҒА ҚОСАҚ ҚОСУШЫЛЫҚ».

Амангелді бауырым, мен енді саған қасиетті Құран-кәрімнің өз сөзінен келтірейін. Биссмиллаһи р-рохмани р-рохим!

3 – Әли ғымран сүресі.

54 – аят: Олар айлакерлік істеді, Алла да амалын тапты.

Алла тәсілшілдердің жақсысы. Яһудилер Исаны өлтіру үшін айлакерлік жасады, Алла амалын тауып, олардың біреуін Исаға ұқсатты, олар соны өлтірді.

63– аят: Шын мәнінде Алла аса үстем, тым кемеңгер. Бұл христиандардың үш әлеуметтік сенімдеріне тойтарыс. Егер олар Алланы бірлеуден бет бұрса – Алла бұзақыларды біледі.

Құрметті менің Амангелді бауырым! Сен, ендігі, мені ұққан боларсың; жоқ, мені емес, қасиетті Құран-кәрім сөзін. Байқамай «свеча жағып» қойған болсаң, тезірек жуынып-шайынып, иманыңа келіп, тазарып, мұсылмандық қалпыңа түсіп ал. «Шіркеуге барып свеча жаққым келеді» деген ниетің үшін де – мұсылмандықтан шыққан болып есептелесің. (Мешітке барып Гогольдің әруағына құран бағыштасаң бір сәрі – орынды-ақ болар ма еді-ау).

Ендігі негізгі бір мәселе – сенің: мақалаңа эпиграф ретінде Құран сөзін ала отырып, «жайнамазыңды теріс жаюың» – Гогольдің өлімі жайында жөнсіздіктерге ұрынуың. Оның бір себебі, пендеден (Гогольден) «КУМИР – ИДОЛ» жасап алуыңнан деп жоғарыда айтып өттік қой (христиандардың Исадан «құдай» жасап алғаны сияқты). Сәл байырқалап, бақамдап, оң көзіңмен қарап баққаныңда – сен «Гогольдің өлімін» қайдан іздеген болар едің? Әрине, Гогольдің – сайтанның құрығына ілігіп, теріс жолға бет алуынан; өзіңнің – шын жолды (Құран-кәрімді) жүрегіңмен ұғына алмауыңнан. Өлімнен шын мұсылман қорықпайды: «ҺАҚ» деп қабылдайды. Ал, Гоголь – өлімнен қатты қорыққан сыңайлы: басын тау-тасқа ұрғылап кетті. (Шектен тыс жақсы көрген адамыңа асыра бас ұруыңнан – Құдайдан алыстап, сен де қатты шатастың). Жап-жақсы келе жатқан жолынан жаңылысты. Ия, сен өзің айтпақшы – «сайтандармен күресіп-ақ келіп», оңбай сүрінді. Мұның бір-ақ шешуі – тоқетер шешімі сол: «Құдайды толық-тай тани алмады…» «Толықтықтың» (Абай) жолына түсе алмады. Талантты адамдардың жүректері бәрін сезіп тұрады ғой: «Гоголь жаңылысқанын байқайды – сонысын өзіне кешіре алмағандай ма…»

Гогольдің басты қателіктерін Белинский дер уақытында ескерткен еді, бірақ, – «сайтан мықтылық етіп», – Гоголь әлсіздік көрсеткендей». Ия, пендеде қателік болады; бәрімізде де бар; қате арқылы өсеміз; Белинскийде де бар – кейбір пікірлеріне күмәнмен қараймыз…

«Өлім» жайындағы ойымызды толықтыра түссек: «әулие» дерлік Л. Толстойымыз да өлімнен қатты қорыққандай. Немесе, сексеннен асқанында үйінен безіп, шіркеу жағалап, далада өле ме? Менің пайымымша, сол Толстойыңыз соңғы ілімді – Құран-кәрімді жүрегімен ұғынған адам. Толық қабылдауға батылы жетпеген – қара-құрым можантопай халқынан сескенгендей. Бір шешімге келе алмауы – басын қатырып, сенделтіп те жібергендей-ау… Ел ішіндегі мына бір әңгімені де еске түсірелікші: «Арыстан шал» Ясная полянаға қоныс аударып, қара халықпен қоян-қолтық араласып тұрған кезі екен. Бір жолы, бір кемпір келіпті алдына ақыл сұрап. Баласы «мұсылмандықты» қабылдап қойса керек. Соны айтып, «мен енді күнәһармын, өлгенім жақсы шығар» депті көз жасын көлдетіп. Сонда, «Арыстан шал» кемпірдің құлағына еппен сыбырлап: «Ей, байғұсым! Қайта, қуанбайсың ба – сен бақыттысың ғой! Бар-бар, үйіңе!..» деген екен» дейді.

Пушкин де жүрегімен «соңғы ілімді» қабылдаған деп білдім. Керек десең, сонау Гете де – «Шығыс жұлдыздарын» оқып-танығаннан кейін – Құран-кәрімді қабылдаған деп есептеймін. Мынаған қараңыз: Хэмингуей, Маяковскийлер атылып өлді; Д. Лондон – «Мартин Иден», Шелли суға кетіп өлді; Цветаева, т. т. уланып өлді. Осы талантты жандардың барлығы «соңғы ілімді» жақсы білді. Солардың бірі – Гоголь. Өкініш, қасірет сол – бұлар «өлімді қалай қабылдарларын» білмеді. («Сайтан?..) Сондықтан да, өлімдері ауыр болды. Кешегі Құдайсыз «қызыл совет» жарты әлемді қансыратып кетпеді ме. «Мұсылманмын» дегендерімен де, өзіміздің талай саңлақтарымыз – Мұқағали, Шәмші, Асқар, т . т. «жартыкештік күй» кешіп, көп сенделді емес пе? Сондықтан да шығар, өлімдері «оңай» бола қоймады…

Артықтық етпес, тағы да, қорыта қайталайық: Сайтанмен алысып-арпалысып келіп, күтпеген жерден жеңіліске ұшыраған Гогольдің өлімінің: «өлімнен қатты қорқып қалғандығында жатқаны» рас та болса керек-ау. Мұның бір себебі, алдында ғана «қанішер билік» адамзаттың озық ойлы өкілдері Пушкин мен Лермонтовты бірінен кейін бірін өлтіріп («дуэль?..») тынбады ма. Кезек… сол Гоголь мен Белинскийдің өздеріне келіп тіреліп тұрмады ма? (Белинскийді Құдайдың жіберген «ауруы» құтқарып кетті). Қазақы тарих та осыған ұқсас. Ахмет, Міржақып, Бейімбеттер ашықтан ашық атылды. Саттарды «Құдайдың ауруы құтқарды»… Мұхтар Әуезов «жаздым-жаңылдым» деп бас сауғалады, бірақ, бәрі-бір, ақыры… «Мәскеуде өлді… өлтірді».

Патриот, ақиық ақын Марина Цветаева бұл айтқандарымыз жайында:

«Певца убийца

Царь Николай

Первый!..» деп нақты да анық айтпап па еді.

Амангелді! Менің «О, Абаем-дедом вскормленные!..» деген орыс тілінде жазылған өлеңім былай басталар еді:

Литература русская  «девятнадцатого»,

«Век золотой»  Звездопад  Ее Величество!

Поблагодари, да поклонись Белинскому!

Ты обязана во многом Ему одному.

Мен де… Белинскийді аса құрмет тұтушы едім. Енді қарап тұрсам… «поклонись Белинскому», «ты обязана» деген сөздерімді біреулер «қате» түсініп, басқаша қабылдап, жаңылысып кетулері де мүмкін-дей ме… Сондықтан да, «Белинский» деген сөздің шекесіне «жұлдызша» қойып, өлеңнің астына мынадай ескертпе жасадым: «Бас ұрушылық» деп қалмаңыздар, «құрмет тұтушылық» деп ұғыныңыздар. Автор.»

Ұлы, Бір, Жалғыз, Мәңгілік» және де «таң қалушылық» деген сөздер я ұғымдар – тек Бір Құдайға ғана арналған; әгәр-әки қолдана қалсақ, тырнақшаға алып пайдаланғанымыз жөн болады).

 Наным-сенімдеріне, басқа-басқаларына қарамастан, өткен барлық тұлғаларды, бүгінгі талант иелерін біздер құрметтеулеріміз керек. Халық үшін атқарған еңбектерін қастерлеп, өмірлерін өнеге тұтқанымыз абзал-ды. Бұл – парызымыз. Бірақ, белгілі бір межеден асып кетпегеніміз – жеке басқа табынушылыққа ұрынбағанымыз жөн. Ондайлықтардың зардабын тарихтан шегудейін-ақ шегіп келеміз ғой. Біздердің табынарымыз – турасында, сүйеріміз – біреу-ақ! Ол – Құдай. Жүгінеріміз – Құран-кәрім. «Болды – бітті!..»

Маған, ойлап отырсам: Пушкин, Лермонтов, Белинский, Гогольдердің уақытындағы (екі жүз жыл бұрынғы) орыс халқының басындағы күй – бізге енді келгендей көрінеді. Орыстан, басқа-басқадан біздің үлкен айырмамыз – ең осал да қауіпті жеріміз – санымыздың өте аздығы… «Шындықтың, Ұлттығымыздың» жолында, біздер – «ЖАНКЕШТІЛІККЕ!» баруымыз керек. Өйтпесек, құримыз… құртады. Әсіресе, өздеріміздің шыққан тегінен безінген «имансыздарымызға – сайтанмен серіктестерімізге» қатты абай болғанымыз жөн. Күні кешегі «Алтынбектердің өлімінен» (?..) кейін, «артынан ергендеріміз қорқып, бұғынып қалмаса екен» деп  бір Алладан тілейік.

Амангелді бауырым! «Әке жолын» жалғастырып келе жатқаныңа мен әрдайым қуанып отырамын. Сондықтан, бұдан былай өрескіл қателіктерге бой алдырмауыңды қалар едім.

Бір Алла өзі ақ ниетімізді қабыл етсін. Бар жақсылық, қайырым – бір Алладан! Әумин!

Игілік ӘЙМЕН, жазушы, сыншы

 

 

ПІКІРЛЕР5
Аноним 25.04.2020 | 22:46

Амангелді шынында қайдағы бір қыңырлық, түсініксіз жәйттерді жазып, шатыса береді. Қазақ ақын-жазушыларының қайсыбірін, олардың шығармаларын оңды-солды бағалай салады және өзі ғана нық дұрысты айтқандай үкімді тілмен жазады. Ол «білгірлігін» айтып шығуға мына пікір алаңы тар. Игілік Әймен әділ жазған, бірақ Амангелді жөнге көше қоймас, өзін ерекше принципті сыншы деп ойлайды. Ол жалпы әдеби әдепті, білімді сыншы болса, Белинскийдің аруағымен алыспас еді.

Аноним 30.04.2020 | 09:36

Қыңыр қисық білгішсіген сыншысымаққа ұлы адамның аты-жөні обал.

Аноним 30.04.2020 | 09:37

Жазса жазушылығын жазсын, тіршілігін кім қаз депті. Жоқ қасында жүріп пе. Бірдеңелерді оқып алып оттайды кеп. Елдің басын қатырып.

Аноним 30.04.2020 | 09:37

Жазса жазушылығын жазсын, тіршілігін кім қаз депті. Жоқ қасында жүріп пе. Бірдеңелерді оқып алып оттайды кеп. Елдің басын қатырып.

Аноним 06.05.2020 | 17:35

жоқтан өзге бас қатырғанша, қазақтың ұшан-теңіз мәдениетін зертемей ме, бойақшы десе сақалын бойапты деген осы, амангелдіге сын жазған авторда бұтып-шатып кетіпт, осыған кеткен қайран уақыт -ай…

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір