Ұлағатты ұрпақ – ұлттық ұстаным!
04.06.2019
1652
0

ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелмен сұхбат

Сіздің сайлауға қатысуға шешім қабылдауыңызбен сайлауалды бағдарламаңыздың өзі бұған дейін 30 жылға жуық айтып әрі жүзеге асырған игі істеріңіздің жалғасын мемлекеттік деңгейге шығаруды көздеп отырған сияқты, шынайы өмірдің өзінен түзілген емес пе?

– Мен ешқандай партияда жоқпын. Артымда ешқандай қаржылық топ тұрған жоқ, ешқандай кландарға қатысты емеспін.  Саяси додаға қатысамын деп шештім. Бір айта кетерлігі, бұл қандай қозғалыс, сіз кімсіз? не себепті сайлауға қатыспақсыз? деп ешкім де айтқан емес. ОСК тіркелу, мемлекеттік тілден емтихан тапсыру, сайлаушылардың қолын жинау бәрі де еш кедергісіз өтіп, Алланың қалауымен, халықтың қолдауымен алға қарай келе жатырмын.

– Сіздің өмірдегі ұстанымыңыз қандай? Сайлауалды бағдарламаңыздың басты бағыттарына тоқталып өтсеңіз?

– Менің өмірдегі  ұстанымдарым: «Әділдік-баршаға, бақыт-әркімге!». «Ұлттық   құндылықтарды   ұлықтап,  Ұлы  Дала   мәдениетін жаңғырту. Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу. Жер-жанымыз, тіл-тұғырымыз. Жемқорлыққа   тосқауыл   қою.

Мен, Қазақстан  Республикасының   Президенті  болып  сайлансам,   ең   алдымен   төмендегі   өзекті   әрі  қордаланған   мәселелердің    оң    шешімдерін      табуға   бар   күш-жігерімді,  тәжірибемді  және  білімімді   жұмсаймын. Алдымен, мемлекеттік  тілдің   мәртебесін   өз  деңгейіне   жеткізіп,  толық   қолданысқа  енгізу. Еліміздегі   әлеуметтік  мәселелердің  шешімін  табудың  жолдарын  қарастыру, оның ішінде егде  жастағы  адамдарды    лайықты   зейнетақымен  қамтамасыз   ету. Қоғамда ана мен баланың мәртебесін биіктету. Көп балалы аналарға жәрдем ақыны екі есе ұлғайту. Отбасында  зорлық-зомбылықтарды   болдырмау. Жұмыс  істейтін әйелдерге қолайлы   жағдай  жасау. Демография  мәселесіне  зор көңіл бөлу. Жастарға  жағдай  жасау. Оларға  пайызсыз   несиелер беру   арқылы,     қолжетімді пәтерлермен  қамтамасыз  ету. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға,  экологиялық полигондардан  зардап  шеккендерге,  сал  ауруына  шалдыққан балаларға барынша  қажетті   жағдай  жасау. Қазақстан  Республикасының  әкімшілік-аумақтық  құрылысын  өзгерту.  Семей  және  Жезқазған    аймақтарын    қайта   облыс  етіп  құру. Семей  аймағына    Ұлы  ойшыл данамыз  Абайдың, Жеқазған  облысына  Ұлытау   есімін  беру.  Сонымен  қатар,  Солтүстік   Қазақстан  облысына-Абылайханның,   Павлодар  облысына — Кенесарының   аттарын  беру. Шетелде  тұратын  қандастарымыздың  атамекенге  емін-еркін келулеріне  даңғыл жол ашуымыз керек. «Азаматтық бақылау» туралы заң қабылдау. Азаматтық қоғам билік құрылымдарың жұмысын қадағалау қажет. Ауылды түбегейлі жақсарту үшін «Жаңа ауыл өндірісі»  құрылымын енгізу. Ауыл шаруашылығына пайызсыз несие беру. Менің негізгі мақсатым жаңа жұмыс орындарын құру және  жұмыссыздықты  мүлдем болдырмау. Жер   сатылмайды,    шетелдіктерге  жалға   берілмейді.

Сұхбаттасқан Базаргүл СЕЙІТЖАНҚЫЗЫ

ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылдың 8 мамырдағы №31/265 қаулысына  сәйкес  Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерге  бөлінген республикалық бюджет қаржысынан  төленді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір