ХАТТАР, ХАТТАР, ХАТТАР…
13.08.2018
1067
0

(Басы № 28,29,30 сандарда)

А. ХИЖНЯК – С. МУКАНОВУ

Дорогой тов. Муканов! Сердечно бла­го­дарим за то, что Вы приняли участие в ст­ра­нице нашей газеты, посвященной ли­тературе Советского Казахстана. Посылаем Вам номер газеты с материалами о казахской литературе.

С товарищеским приветом
главный редактор
«Літературноі газети»                                       А.Хижняк.
08 декабря, 1952 г.
Киів. (СМҒМӘММК. Машинопись).

С. МҰҚАНОВ – «СОВЕТТІК ҚЫРҒЫЗСТАНҒА»

Хұрметті редактор жолдас! 1951 жылдың жа­зында мен Фрунзе қаласына барған едім де, одан әрі Шиваза, Сыдықбеков, Жәкешев жол­дастармен бірге Ыстықкөл облысын ара­лап қайтқан едім. Сол жолы жолдас Суер­құловпен де жолығып біраз әңгі­ме­лес­кен едім.
Осы сапар туралы мен «Алатау» деген очерк жаздым, көлемі 2,5 баспа табақтай. Очерк «Путевая заметка» түрінде жазылған, туыс­қан Қырғызстан жерінде көрген-біл­гендер туралы жазушының алған әсері ай­тылған.
Осы очеркті, егер мақұлдасаңыздар, Сіз­дің журналға ұсынғым келеді. Қажет көр­сеңіздер, тез арада жіберем. Хабар күтем.
Жолдастық сәлеммен – С.М. (С.Мұ­қанов). 5. VІ.1953 ж. Менің үй адресім: гор. Ал­ма-Ата, Артиллерейская 39, кв.4. (СМ­Ғ­МӘМ­МК – 7 ЖА, 470-б.).

С. МҰҚАНОВ – М. ЖАНҒАЗИЕВКЕ

Құрметті Жанғазиев жолдас! 1953 жыл­дың 19-VІ күні жазған жауап хатыңызды ал­дым. Ұсынған очеркті басуға ризашылық біл­діргеніңізге көп рахмет айтам. Бүгін сол очеркті жіберіп отырмын, аты «Достық жай­лауы», көлемі машинкамен (ұсақ әріп­пен) 58 бет. Үш баспа табақтай болып қалуы мүм­кін. Кейбір көрмей қалған орфог­ра­фия­лық қателіктер болса, түзеп жіберуіңізді өті­нем. Очерк – жазушының сапарнамасы (пу­тевые заметки) түрінде жазылғанын еске алар­сыз.
Қырғызстанда 1951 жылы жолыққан адамдардың кейбіреуі қазір ол қызметтен ауысуы мүмкін, егер айыпсыз ауысса, очерк­те атының сақтала беруі дұрыс қой дей­мін. Ол жағын қарастырарсыз.
Қай айда басу ықтияры өзіңізде. Басыл­ған номерлерін жіберсеңіз, күн бұрын алғыс айтам.
Жолдастық сәлем, туысқандық көңілден Сә­бит Мұқанов.
Алматы қаласы. 1953 жыл, 22 маусым. (ҚР ОММ. 1634 қор).

С. МУКАНОВ – И. ШУХОВУ

ВАНЯ! (Иван Шухов), Посылаю начало второй книги «Школы жизни» (две главы на 97 страницах). Остальные вышлю скоро. Макеев говорит, что как только от тебя получит перевод, начнет печатать.
В Москву я поеду в середине июля. По­везу туда подстрочник и скажу, что ты де­лаешь художественный перевод. Пос­тараюсь, чтобы они обсудили обе книги «Школа жиз­ни» при мне, с приглашением тебя. Я сооб­щу тебе об этом.
Пришли пожалуйста сюда два эк­земпляра: один в Москву, другой – мне, а тре­тий пусть хранится у тебя, если пригласят в Москву, привезешь туда.
Позавчера в Союзе состоялось обсуж­дение первой книги «Школа жизни». Че­ловек, который охаивал ее в «Ленинской сме­не», оказался карлик (ростом санти­мет­ров 25), некто Бернштейн. Говорят, что он окончил КазГУ и является аспирантом.
Говоря отдельные замечания, книгу хва­лили все, кроме Бернштейна. Он оказался упрямым и не отступно твердил, что «книга вредная». Его подняли на смех.
Мне особенно было радостно, когда из из­дательства прочитали читательские пи­сьма. Особенно было радостно письмо 22-х шахтеров из Караганды – Героев труда и лауреатов сталинских премий, которые просят т.т. Хрущева, Ворошилова и Шаях­метова превратить эту книгу в кино. Читали письмо одной 70-летней русской, малог­ра­мотной, как она сама пишет, старухи. Я пла­кал, слушая это письмо, потому что в ее письме я видел отношение ко мне народа, отношение без расчетов, отношение чисто человеческое. Она предлагает книгу на ста­линскую премию. В целом, обсуждением книги я остался доволен. Думаю, что резо­нанс второй книги будет еще лучше.
Ваня! Обо всех твоих возможных сом­нениях в рукописи, ты пиши мне, с ука­занием страницы и абзаца. Выяснив воз­можные неясности, исправив их, давайте сде­лаем точный перевод оригинала.
Я завидую, Ваня, тебе, что в вашей Ро­дине (Северном Казахстане) в такое заме­ча­тельное время года живешь ты без меня!.. Как я люблю эту землю!.. Ты передай ей мой сы­новний привет!..
Твой Сабит. С.М. 1-го июля, 1953 года.
(ЛММКСМГМ – 7-ЛА, 471-с.).

С. МҰҚАНОВ – Ә. НҰРШАЙЫҚОВҚА

Әуезхан! (Хат иесі осылай деп атаған. Ә.Қ.). «Құдайға» нансаң, сенің Павлодарға барға­ның­ды бүгін алған хатыңнан білдім. Оған себеп менің күздей саяхатта болуым болу ке­рек. Үстіміздегі декабрьдің бірі күні шық­қан «Социалистік Қазақстаннан» менің Ук­­­­раина туралы жазған очерктерімді оқыған бо­ларсың. Бағасын айта бересің, маған да, «СҚ»-ға да болған абырой – 300 жылдық той­ды білгендей, күн бұрын дауыс беріп қал­дық.
300 жылдық туралы қаулы шыққаннан кейін баспасөздердің (әсіресе, периодика) шапқылауын білсең. Енді басайын десе, қа­зақ­ша оригиналдық ештеңе жоқ, әсіресе, Украинаның бүгінгі конкретті өмір бейнесі туралы…
Осы мәселеде газет-журналдар (Алматы­ның) мені «знаток» көріп алды да, «бізге жазып бер» деп бастырмалатты. Туысқан ел­дің тойына білгенімді аямайын деп мен көр­ген-білгенімді бөлшектеп жаза бердім (Олар­дың бірнешеуі жуырда шығады).
Мынау сол «циклдардың» бас жағы. Са­ған арнап жазуға уақытым жететін емес, өті­нішіңді орындамау тағы ыңғайсыз – сый­лайтын жолдассың, сондықтан жіберіп отыр­мын.
Бұл «черновикті» көшіртіп жіберейін десем, машинистка тез босамай, кешігіп қ­а­ла­тын. Сондықтан ұят та болса, «чер­новик» күйінде жібердім, «азар болса, бір қолжазбам Әуезханда жатар» деген оймен. Сөкпеуіңді өтінем.
Қалай басу еркі өзіңде: қысқартамысың, тү­гел ме. Қайсысы болса да әуелі түгел бас­ты­рып, корректурасын өзің лично қарап шық: әрі асығыстау жазылған нәрсе, әрі ме­нің орфографияға салақ та, емлеге шор­қақ та екенімді білесің – ляпсус кетіп қала көр­месін.
Ғалым да (Петропавл, «Ленин туы», Мұ­ха­метжан) «жұтап отырмын» деп жазады. Оған көшіртіп жіберуге де машинисткалар­дың қолы тимей жатыр. Осы міндетті сен мой­ныңа алып, бір данасын жібере салсаң қай­теді?
Ал енді өзің хош бол. Жұмысың жемісті бол­сын. Редакциядағы жолдастарға сәлем айт. Тыңнан жазбады деп өкпелеме. Бұл материал «Әдебиет және искусстводан» басқа ешқайда жарияланбайды. Оның 300 жылдық тойдан кейін шығуына иманың кәміл болсын. Сонда бірінші жариялаушы сен боласың.
Сәлеммен Сәбит. 16-ХІІ-1953 ж. Алматы.
П.С. Тағы да өтінем, Әуезхан, былыққан черновикті жіберді деп ренжи көрме.
П.С. Сенің бір кінешкең (өлең) менде соғыс күндерінен бері жүр еді, сәті түсіп, осы хатпен бірге жіберіп отырмын.
П.С. Алғаныңды хабарлай саларсың. (СМҒМӘММК. Қолжазба).

С. МҰҚАНОВ – Ф.КӘРІБЖАНОВҚА

Құрметті Фазыл жолдас! Орталық коми­теттің демалыс үйінде әрі дем алып, әрі жұ­мыс істеп жатырмын. Бұрын мекендеп көр­меген үйім еді, дем алуға да, жұмысқа да аса жәйлі екен. Әнеукүні, балам жараланған шақта іштей аса жүдеп, шаршап қалып едім, енді, балам тәуір бола бастаған соң көңіл де көтеріліп, осы демалыс үйіне келгелі қа­ламды қайта ұстадым. Жасап жатқан жұ­мысым – баяғы «Адасқандар» романының жаңа редакциясы. Ол роман КИХЛ-дың биылғы планында тұр, сондықтан, әрі кет­кенде июльдің ішінде баспаға беруім керек. Бұрынғы жоспарым бойынша, Мәкеңді ертіп июль айында араб елдеріне саяхатқа кетпек едім, документтеріміз даяр да болып қалған еді, ол ойымызды «құдай қош көр­мей», ойда жоқта баламыз жараланып қал­ды. «Тірі қалды, сүйек-басы аман қалды» де­гені болмаса, ет жарасы ауыр еді. Кәзір тү­зеліп келеді, бірақ, июньнің аяғына дейін бо­льницада болатын, одан кейін бірер ай са­наториялық емдеуге түсетін, сондықтан, август айына дейін біз де Алматының төңе­регінде боламыз да, демалысқа содан кейін кет­пекпіз.
Осыған байланысты, сізге үлкен өтініш айт­қалы отырмын. Совминнің дені дұрыс үй беретін түрі жоқ. Закаринге әнеукүні са­қалды басыммен барғанда, демалыс үйінен жақсы жәй берем деп уәде қылған еді, ар­ты­нан білсем, бала-шаға көп болатын бір үй­шік бермек болыпты. Өкпеледім де, «рах­мет» айттым.
ЦК-ның үйінде мен аса бір жайлы бөл­меде (номер 21) жатырмын. Жұмысқа да, танысқа да тамаша. Жалпы, бұл ара өте тиыш­ты, рахат жер екен.
Егер осы үйден июль айына екі кроват­тық тағы бір бөлме бергізсеңіз. Мәкеңмен және бір келінмен баласы июльде осында тынығар еді де, сырхат баламды Совминнің са­наториіне орналастырар едім. Олай бол­ғанда, романымды да баспаға беріп үлгірер ем.
Осы өтінішімді орындай, Соколов жол­дасқа айтуыңызды өтінем.
Сөзімнің аяғын, Жамбылдың Қалма­қан­ға айтқан өлеңімен білдірем:
Насыбай бер, Қалмақан, насыбай бер,
Насыбайың бар болса, жасырмай бер
Саулық қойдың жасындай, жасым қал­ды.
Бірер жылға Жамбылды асырай көр.
Мен ғой, Жамбылдай қартайып отырған кісі емеспін, биылдан соң бұл демалыс үйіне сабытымды артпаспын.
Жолдастық сәлем­мен Сәбит Мұқанов. 15.06.54 ж. (СМҒМӘМ­МК. Қолжазба).

С.МҰҚАНОВ – Б. ІЗТӨЛИНГЕ

Хұрметті інім Бимақан! Аман-сау жүрсің бе? Бала-шағаларың, туыстарың аман ба? Шал, кемпірдің, Жәкі ағайдың қайтқанын естігем, хайыры болсын.
Бұл хатты жазудан мақсатым мынау: 1956-жылдың февраль айында, Баймағам­бет­тің қайтыс болуына 30 жыл толады. Жақ­сы көретін жолдасты әр кезде еске түсі­ріп жазып жүретінімді көріп жүрген болар­сың. Оның аты енді, қазақ тарихында берік сақ­талды.
Баймағамбеттің қайтыс болуына байла­ныс­ты, 30 жыл толуына, мен оның толық өмір­баянын жазып, қолымдағы барлық өлең­дерін қосып, жеке кітап қып шыға­райын деп ем. Ол үшін, маған бірталай тың материал керек, соған сенің жәрдемің керек болып отыр. Бұ хатты сенен гөрі сауаттырақ қой деп Сұлтанға жазбақ ем, не Ғалымға жаз­бақ ем, олардың адресін білмедім.
Сен осы хаты алған соң, ауылыңдағы сауаты жақсы бір мұғаліммен және білетін қарттармен ақылдасып отырып, төмендегі сұрауларға толық жауап жаз:
1. Сендердің руларың Бұйдалы еді ғой, содан бастап, Шәліңкеге дейінгі аталарыңды жаз.
2. Өзі Қанапиядан туа тұрып, Баймағам­бет­тің Ізтөле атында жүретін себебі не?
3. Шәліңке мен Ізтөле қандай кісілер болған? (ауқат, бедел жағынан?)
4. Қанапия қай жылы туып, қай жылы өлді?
5. Шешелерің Кесте қай елдің қызы, неше жаста, қай жылы өлді?
6. Ұмытпасам, Баймағамбет әке-шеше­сі­нің тұңғышы болу керек. Оның дәл туған жылы?
7. Баймағамбет сабақты алғаш кімнен оқы­ды? (аты-жөнін жаз).
8. Баймағамбеттің балалық шағындағы мі­незі, қылығы туралы білетін жұрт (қарт­тар) не айтады?
9. Өз тұқымдарыңда немесе нағашы жұрт­тарыңда ақын немесе шежіре адам бол­ған ба?
10. Сенің ауылыңды «қырғыз» дейтін се­бебі не? (Бұл туралы намысты қойып, шы­нын жаз).
11. Жаз жайлау, қыс қыстауларыңның аты не? «Қырғызбай» көлі неліктен аталған?
12. Ауылыңда неше үй болушы еді? (ат­та­рын және сендерге аталық жақындығын, кә­сібін, мінезін түгел айтып жаз).
13. Баймағамбет өлеңге қай жасынан әуестенген? Бала кезінен сақталған өлеңдері бар ма? (бар болса түгел жазып жібер).
14. «Жәкі мен құла ат» дейтін, Бұлқайыр­мен айтысқан өлеңдерін білетін кісі болса жа­зып жібер.
15. Ел аузында тағы қандай өлеңі болса да жаз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір