Ақиқаты – өлеңінде
07.04.2017
1318
0

Ақын Әлия Дәулетбаеваның «Жан дауыс» атты кітабы ҚР Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін шығару» бағдарламасы аясында 5000 дана таралыммен жарық көрді.

Кітаптың алғысөзін жазған жазу­­шы, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, Халық­ара­лық «Алаш» әдеби сыйлығының лау­реаты Несіпбек Дәутайұлы: «Қазір ақын ата­лып жүрген жас­тар жетіп-арты­ла­ды. Жақсы-ақ! Жаманы әр шу­мақтан ұшқыр қиял, қиюын тапқан қи­сынның се­зіміңді серпілтіп, түй­сігіңді тү­летіп қоя беретін сәулесі кө­бін­де байқала қоймайды. Осыдан ба­рып техникасы мықты, бірақ сыр­­ты жылтыр, ішкі бояуы мен маз­мұны босаң өлеңдер өріп жа­тыр. Ал Әлия Дәулетбаеваның по­эзиясы іңкәр дүниеге ынтызар, ынта-ықыласы асып-төгіліп тұратын, қо­ғалы көлден құбылаға қарай қуа­лай соғатын соқыр жел­дей әсерлі болып келді.
Өлең мен өмірдің шындығы бет­пе-бет келгенде, өзекті жарып шы­ғатын азуы алты қарыс ақиқат айтылмай тұра алмайды. Ақын­ның айдарынан жел есетін айбынды сәт. Әлия сияқтыларда кез­десетін тепсе темір үзетін тек­ті мінездің тебініп шы­ғатын те­геуріні. Махамбет, Фаризалардан қалған аманат желісі, сірә», – деп ақын шығарма­шылы­ғына «Ақи­қаты – өлеңінде» деп баға берген екен. Ендеше, Әлия ақын­ның ақи­қатын білуге асығыңыз­дар!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір