Қазақ киносы – кітапта
07.04.2017
1685
0

Қазақтың өнерде жүрген азаматтары үшін Т.Жүр­генов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы қасиетті қара шаңырақ іспетті. Кино, театр, музыка, сурет саласындағы көптеген азаматтар осы шаңырақтан түлеп ұшқан. 1993 жылы осы шаңырақта кинотанушылар даярлайтын қазақ бөлімі ашылған.

Одан бері ширек ғасырдан ас­там уақыт өтті. Кино саласын те­рең танып, талдауды үйренетін ма­мандыққа қабылданған 11 ба­ла­ның бірі Назира Мұқышева еді. Назира режиссерлердің эк­ран­ға шыққан жұмысын жан-жақ­ты саралап, талдап баспасөз бе­тінде көптеген мақалалар жа­рия­лаған. Тек ел ішіндегі кинофестивальдер ғана емес, Назира көр­ші мемлекеттерде өткізілетін түр­лі кинофестивальдерге қаты­сып, ондағы кино өнімдер туралы тал­дау мақалалар жазып жүр. 1997-2002 жылдардың аралығын­да «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Киногер», «Ақсарай» ат­ты авторлық бағдарламаларын жүргізді. 2010 жылды белгілі ки­но­танушы, өнертану кандидаты, про­фессор Б.Р. Нөгербектің же­тек­­шілігімен өнер теориясы мен тарихы мамандығы бойынша «Қазақстанның деректі ки­но­сын­дағы әлеуметтік уақыттың кө­рінісі» атты тақырыпта кан­ди­дат­тық  диссертациясын  қорға­ды. Жуырда осы академияда кино­танушы, өнертану кандидаты, Қа­зақстан Кинематографис­тер ода­ғының мүшесі Назира Мұ­қы­шеваның «Қазақ киносы: кеше және бүгін» кітабының тұсауке­сері өтті. Қазақ киносы: көкейдегі көп сауал –  Уақыт. Кино. Тұлға. Кино – өмір айнасы атты үш бө­лімнен тұратын кітап­қа әр жылдары жазылған зерттеулер, ма­қалалар, рецензиялар, сұхбаттар басылған. «Фолиант» баспасынан басылған кітаптың таралымы 1000 дана. Бұған дейін автордың Қа­зақстан деректі киносының ір­гетасын қа­лап, дамуына орасан үлес қосқан, белгілі деректі кино ре­жиссері, қазақ киносының ар­дагері Ораз Әбішевтің шы­ғар­машылығы туралы зерттелген «Кинорежиссер Ораз Әбішев» де­ген кітабы жарық көрген болатын.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір