Жеті өзенді өрнектеген…
07.04.2017
1571
0

Көрнекті жазушы Бексұлтан Нұржеке-ұлы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың арнайы шақыртуымен Талдықорғанға барып, жетісулық оқырман қауыммен кездесіп қайтты.Б.Нұржеке-ұлы, Халық­аралық «Алаш» әдеби сый­­лы­ғының иегері Қуанышбай Құр­манғали, дәстүрлі әнші Нұр­жан Жан­пейісов, т.б. қонақтар ең әуелі Алматы облыстық «Жетісу» те­­леарнасына ат басын бұрып, «Бол­­мыс» ток-шоуына қа­тыс­ты.Бұл бағдарламада белгілі қалам­гер­­лер, жазушының ізбасар­лары мен рухани жақын адамдары, же­тісулық зиялы қауым Бек­сұлтан Нұр­жеке-ұлының өмірі мен шы­ғар­машылығы жайлы келелі әң­гіме өрбітті.
Жетісу қауымы, жалпы  оқыр­мандармен кездесу Бикен Ри­мова атындағы Алматы облыс­тық драма театрында өтті. Театр ғимара­тын­дағы кеш Б.Нұржеке-ұлының өмір жолы, шығарма­шы­лығы турасында арнайы даярлан­ған бейнефильм көрсе­тілімімен бас­тал­ды. Сондай-ақ, Алматы  об­лыс­­тық  драма  театры­ның әртіс­тері қа­ламгер шығар­масының желісі бойын­ша Ақан сері өміріне құ­рыл­ған қойы­лымды жиналған көп­шілікке ұсынды. Әдеби-сазды кештің  тізгінін  белгілі  қа­лам­гер, Алматы облыстық «Жетісу» газе­тінің бас редакторы, ақын Әміре Әрін ұстады. Шараны Алматы облысы әкі­мінің  орынбасары  Жақ­сы­лық Омар ашып: «Біздің өңірден түлеп ұшып, кіндік қа­ны осында тамған, жүрегінен тө­гілген жау­һар  шы­ғар­маларымен  хал­қының қадірлі тұлғасына ай­нал­ған, бүгінгі қазақ әдебиетінің қа­ра нары Бексұлтан Нұржеке-ұлы­ның ортамызға келгені үлкен қуа­ныш», – дей келе, қаламгер жай­лы, оның шығармашылығы туралы терең толғап, көр­нек­ті қаламгерге Алматы облысы әкі­мінің Алғыс хатын тапсырып, иы­ғына оқалы шапан жапты.

Панфилов  аудандық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұриахмет Рахымбаев қа­ламгер шығарма­шылығы жайлы айта келе, Панфилов ауданы әкімі аманат­таған шапанын жазу­шының иығына жапса, «Нұр Отан» партиясы Алматы об­лыстық филиалы төр­аға­сының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев жүз он бес мың партия мүшесінің атынан қалам­герге арнайы даярлаған тартуын ұсынды. Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының лауреаты, әдебиет зерт­теушісі, кездесуге Алматыдан арнайы  барған ақын Қуанышбай Құр­манғалидың әңгімесі көпшіліктің жүрегін тер­беді. «Бексұлтан туған жері мен елінің тарихын жазуда, жай ғана жазуда емес, көр­кем шы­ғармаға айналдыруда, жо­ғын жоқтауда табанды еңбек етті. Тіпті, «Өзендер өрнектеген өл­ке» шығармасы сынға ұшырап, қыз­­меттен кеткен шағында, жұ­мыссыз қалған уақы­тын­да да бос жатпай, қазақ әде­бие­тіне «Жау жағадан алғанда», «Ер­лі-за­йыптылар» атты қос роман сыйлады. Бұл үлкен рухани күш иесінің ғана қолынан келер шаруа. Сол секілді, қаламгер досым «Орбұлақ шайқасының» өт­кенін, оның болған жерін дәлел­деп, 350 жылдық  мерейтойының  өтуі­не басты себепкер бола білді», – деп, жазу­шыға  ел-жұртының арасында  аман-есен жүріп, шығар­машылық ғұ­мырының  жалғаса беруін тіле­ді.
Кешті жүргізген  арқалы  ақын  Әміре  Әрін  көрермендерден келген сауалдарды оқып, қойған сұрақ­тарға жазушы ұтымды жауап берді. Көпшілік «Әй, дүние-ай» ро­манының жалғасы бола ма» де­ген сауалды көбірек қойды. Фи­лософия ғылымының докторы Аманжол Қасабек, белгілі драматург Лидия Егембердиева жүрек­жар­ды тілегін жеткізе, ақын Гүл­бақыт Қасен жазушыға ар­наған жырын оқыды. Сонымен қа­тар, танымал әнші Нұржан Жан­­пейісов жазушының  әні  мен сө­зін өзі жазған «Баркөрнеу», «Әй, дү­ние-ай» әндерін әуелетсе, Арафат Ысқақ, Төлеутай Серік, Элмира Дәу­ренбекова сынды Сүйінбай атын­­дағы Алматы облыстық фи­лар­­монияның әншілері  мен  жа­зира­лы  Жаркенттен келген өнер­паз­дар тамылжыта ән салып, кө­­­­­­рер­мендерді бір серпілтіп тастады.
Бексұлтан Нұр­жеке-ұлы адамзаттың рухани байлығы, ха­лық басындағы  түрлі  жағдайлары жайлы, қазақ хал­қы­ның арғы-бергі тарихы туралы ой толғап, әдебиет пен мәдениет, жайлы шертілген сырлы да нұрлы әңгі­месімен және туған халқына деген алғыс сөзімен әңгімесін тәмамдады.
Ілияс Жансүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік универси­тетінің ұйымдастыруы­мен «Жо­ғары мектепте «Қазіргі қ­азақ әдебиеті» пәнін оқыту: Бек­сұлтан Нұржеке-ұлы роман­да­рын­дағы тұлға әлеуеті» та­қы­ры­бын­да республикалық ғы­­­лы­ми-әдісте­мелік конференция өтті. Алдымен аталмыш уни­вер­ситеттің мәжіліс залында «Жазу­шымен жүздесу. Шығар­машылық сыр» атты «Дөңгелек үстел» болды. Онда бірқатар ұс­таз­дар мен қаламгерлер сөз алып, жазу­шының тұлғалық болмысы мен шығармашылығы жайлы тол­ғады. Гумани­тарлық фа­куль­теттің ұстаздар қауымы жазу­шы­ға құр­мет көрсетті. Бұдан әрі жас ға­лым­дардың зерттеу ең­бектері топ­тастырылған жинақ­тың тұсау­кесер рәсімі өтті. Бек­сұлтан Нұржеке-ұлы ЖМУ-дың кітап­хана қорына өзінің 15 томдық шығармалар жинағын  та­быс етті. Қуанышбай Құрманғали да зерттеу  еңбектері мен шығар­малар жинағын аталмыш университет қорына салтанатты түрде табыстады. Ғылыми-әдістемелік конференция бары­­сында жас зерт­теу­шілер қа­ламгердің  романдары мен бірқатар әңгімелерін талдап, жазу­шының шет тілге аударылған шығармалары мен аударма­ларын­дағы тілдік қолданыс пен сөйлем құрау маңыздылығына, көркем­ділігіне тоқталды. Үш кезең бойынша өткен кон­ференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қа­зақ  мемлекеттік қыз­дар  педа­го­гикалық  университеті, Абай атын­дағы Қазақ Ұлттық универ­си­теті және І.Жансүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік универ­си­тетінің білімгерлері қатысты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір