Фантастиканың ертеңі
17.03.2017
2466
1

Атақты американдық фантаст-жазушы Артур Кларк өзінің журналистерге берген сұхбатында: «Фантастика – болашақтың әдебиеті, ал фантаст жазушылар – болашақ дәуірдің адамдары», – деген екен. Бұл пікірді толығымен құптауға болады, себебі, болашақты зерттейтін ғылым футурология сияқты фантастика да адамзат өркениетінің келешегін пайымдап, алдын-ала болжауға тырысады. 

Футуролог ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адамдардың ойлау қабілеті бел­гілі формацияның идеологиялық бұғауы­нан шығып жаңа бір деңгейге көтерілген кез­де ғана қоғамда жаңашыл, жағымды өз­ге­рістер болатыны хақ. Ал бұндай адам­зат­тың ой-өрісін өзгертетін факторлардың бірі әдебиет болса, оның ішінде фантастика жанрының ролі ерекше.
Өткен жылы белгілі жазушы, оншақты фан­тастикалық романдардың авторы Жү­ніс Сахиевтің шығармашылығы бойынша Қазұу-дың магистранты Иманова Ай­гүл Серікбайқызы «Жазушы-бола­шақ­гер Жүніс Сақұрпағының (Сахиевтің) ав­­торлық сериялы ғылыми-болашақтық ро­мандарындағы ғылыми идеялар» та­қыры­бында магистрлік диссертация қор­ға­ды. «Қазақ әдебиеті» газетінің 2016 жыл­ғы 3-ші маусымдағы санында Шәм­ши­ден Әбдіраманның «Фантастика – ғы­лыми ой-өрісті тәрбиелейді» мақаласы жарық көрді. Онда ол «ғылыми фантастика» терминін «ғылыми болашақтық» деуді, тегімізді қазақшалауды ұсынды. «Түр­кістан» газетінің 2016 жылғы 1-ші Жел­тоқсандағы санында Жүніс Сақұр­па­ғының ( Сахиевтің) «Ғылым мен ғылыми жанрдың тірегі еді», «Қазақ әдебиеті» газе­тінің 2016 жылғы 2-ші Желтоқсандағы нө­мірінде Жүніс Сақұрпағының (Са­хиев­тің) «Асыл мұраңыз ел игіліне қалады» ма­қалалары жарияланды.
2013 жылы Орынбай Жанайдаровтың іс-қимылының арқасында Қазақстан фан­тастикасының антологиясының үш том­дығы орыс тілінде «Сөздік» баспасынан жарық көрді. Онда жеті жүзден астам жас авторлардың шығармалары басылды. Ондағы шығармалардың басым көпшілігі алдын ала баспасөзде жарияланған бай­қауға байланысты «Байқоңыр» ғарыш ай­ла­ғының мәселесін қамтыды. Өзім осы жинақ­тардың бас сараптаушысы бол­ған­дықтан жарық көрген шығармалардың ішін­де атап өтетін дүниелер болғанын ай­тар едім…
Фантастика жанрында жазатын жас­тар Қазақстанда баршылық, бірақ оларға үкі­мет тарапынан, қоғамдық ұйымдар тара­пынан Қазақстан Жазушылар одағы тарапынан қолдау ауадай қажет. Оларды жаңа бір шығармашылық деңгейге кө­теру үшін фантастика жанрына қатысты түрлі байқаулар, басқа да іс-шаралар өте қажет!
Сонымен қатар, баспалар тарапынан мар­кетингтік зерттеулер жасалынып, фан­тастикалық әдебиеттің тұтыну­шы­лар­ға қажеттілігін анықтау өздеріне де пай­далы болар еді. Осындай кәсіби түрде кі­таптардың қажеттілігін анықтау біздің нарықтық заманның міндетті іс-қимылы болуға тиіс.
Кітап шығару мәселесінде жарнама да дұрыс жолға қойылуға тиіс. Сонда ғана кі­тап саудасы өз деңгейінде өз қызметін жү­зеге асыра алады.

Нәрбин Кенжеғұлова,
фантаст-жазушы

ПІКІРЛЕР1
Аноним 10.09.2019 | 23:59

😰😰😰😰😰😰😮😮😮😬😬😬😑😑😑😑💜

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір