Сыршыл қаламгер таңдамалысы
17.03.2017
1363
0

Таяуда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы бойын­ша мемлекеттік тапсырыспен белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сайын Мұратбековтің таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді.

Бұл кітапқа жазу­шының тынысы кең, ой-таным тереңдігімен тіршіліктің алуан құбылыстарын қам­тыған «Менің қарындасым», «Райгүл», «Күзгі бұралаң жол», «Жабайы алма» секілді хи­каяттары мен әңгімелері, қаламгер өмірінің қас-қағым сәттерінен сыр шертетін фо­тосуреттер еніп отыр. Автор жақсылық пен жамандықтың қоғам тірлігінен және адам­ның өмір ағымындағы іс-әрекеттерінен туындап отырғандығын көркем тілмен шебер су­реттейді. Жазу­шы шығармалары көркемдік бітімімен, стильдік ерекшелігімен, өзіндік баян­дау тәсі­лімен құнды да қызықты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір