Әзірге жалғыз меценат – мемлекет (қорытынды сөз)
17.03.2017
1311
0

Бүгінгі дәстүрлі әде­би жыл қорытын­дысында жеті баяндама, төрт хабарлама оқылды. Түгел тыңда­дыңыздар! Алқалы жиынымызды аяқтай отырып, қорытын­ды­лауға рұқсат етіңіз­дер!

Біріншіден, баянда­ма­шы­лар­дың бәрі аса тиянақты дайын­­далған. Бәрін мұқият тың­дадық. Сын-ескертпелердің бә­рін шама-шарқымызша дәп­терге түртіп алдық. Жаңа про­за­ға қатысты жасаған Жаңабек Шағатайдың баяндамасында бүгінгі әдеби өмірімізге қатысты, кітап таралымы, қаламақы, көр­кем шығарманы насихаттауға қа­тысты біраз пікірлер айтылды. Рас, әдеби-рухани дағда­рыс­пен жалғыз Қазақстан ғана емес, күллі дүние бетпе-бет ке­ліп отыр. ХХІ ғасырдағы әде­биет­­тің ала-құла қиын тағды­рын жал­ғыз қазақ әдебиеті ғана емес, бү­кіл әлем әдебиеті бастан ке­ші­ріп отыр. Бұл орайда, қазақ елі әдеби көркем дүниелерін тү­гендеуде, қаламгерлеріне қам­қор­лық көрсетуде, жас жазу­шы­ларды қолдауда өз жолын тауып ке­ле жатқанын айтуымыз керек.
Екіншіден, әдебиетке қам­қор­лық жөніне келсек, бізде мем­лекеттік тапсырыспен кітап шы­ғаратын кешегі Кеңестер Ода­ғы дейтін кеңістікте санаулы бір-екі ғана ел қалды. Соның бі­рі – Қазақстан. Елімізде он­да­ған жеке меншік баспалар бар. Осылардың қай-қайсысы да мем­лекеттік тапсырыстың үлкен ас­тауынан нәпақа айырғысы ке­леді… Жеке меншік деген аттары. Негізінен кітапқа қаржы­ны бөлетін жалғыз меценат – мем­ле­кет! Несіне жасырамыз? Шын­дық осылай. Баспалар ша­ма-шарқынша жыл сайын кітап шығарып келеді. Үстіміздегі жыл­дан бастап «Мәдениет туралы» Заңға енгізілуі тиіс (бірін­ші оқы­лымында өткен) өзгеріс, тү­зетулерге сәйкес кітаптар екі мың емес, бес мың тиражбен шы­ғады деп жоспарланып отыр.
Қадірлі әріптестер! Мінбеден ай­тыла-айтыла жауыр болған үл­кен бір тақырып бары бәріңіз­ге белгілі. Ол – мемлекет тарапынан сатып алынатын көркем шы­ғармаларға қаламақы төлеу мәселесі. Қазір бұл мәселе, Құ­дай көп көрмесін, шешілу қар­­саңын­да тұр. Ел Парламенті­нің екі палатасында (Мәжіліс пен Се­натта) Заңның, әлгінде айттым, алғашқы оқылымы өтті. Ен­ді екінші оқылым талқыға түс­пек. Бұйырса, Президенттің ал­дына қол қойылуға жіберіледі де­ген үміттеміз. Заңдық, құқық­тық жағы толық шешімін тапса, қа­ламгерлерге қаламақы төлеу ту­ралы берілген Елбасы тапсыр­масы мәресіне биыл жетеді. «Мә­дениет туралы» Заңға өз­геріс­тер мен түзетулер енгізу ту­ра­лы менің Сенатта жүргенде айтқан ұсы­нысым Үкімет тарапынан да, Республикалық Бюджет Ко­мис­сиясы тарапынан да, Қос Па­лата тарапынан да, Мәдениет ми­нистрлігі мен Жұмыс тобы та­рапынан қолдау тапты. Алла нә­сіп етіп сол құжат толық қа­был­данып болған соң құзырлы орын­дар кітап таралымын 5000-ға дейін көтеріп, көркем әде­биет­ке қаламақы төлеу мәселесі то­лық шешім табады деп отырмыз. Қазақ Елінің ғана емес, бұл жалпы посткеңестік елдерінің өмі­ріндегі үлкен тарихи жаңа­лық болғалы тұр.
Сонымен қатар, жүйелі түрде мем­­ле­кет тарапынан аға қалам­герлерден бастап жас буынға дейін тұрақты стипендия та­ғайын­далып келеді. Жазушылар одағының мұрындық болуымен әр алуан бәйгелер, мүшәйралар жиі-жиі өткізіліп тұрады. Мыса­лы, соңғы екі жыл ішінде Тұң­ғыш Президент Қорының бас­тамашылығымен өтіп келе жат­­қан «Алтын тобылғы» бәйге­сі қоғамның, әсіресе жас әде­биетшілердің қызу қолдауы­на ие болып отыр. Тағайындалып отырған қаржы мөлшері де қо­мақты. Бұдан артық әдебиетке қан­дай қамқорлық болуы мүм­кін?! Енді сіз бен бізге мықты көр­кем шығарманы жазудан бас­қа ештеңе қалған жоқ. Жақсы шы­ғар­ма жазу керек! Кәсіби тұр­­ғыдан өзімізді қамшы­лауы­мыз керек! Бірімізді-біріміз тәр­бие­леуіміз керек! Мәдениетті сөз айтуға, мықты шығарма жазу­­ға күш салу – Тәуелсіз ел­дің басты мұраты. «Батыл сөз ай­ту керек!» деп күлдібадам дү­ниелердің басын құрап, бар­ды-жоқты көпіртіп, кітап етіп бас­тыратын өтпелі дәуірдің ар­зан­қол «айласының күні» өтті. Біздер – аға буын өкілдері жаңа қа­лып­тасып келе жатқан жас буын әде­биетшілерге дұрыс жол көр­сетуге міндеттіміз. Ұлтты, ұр­пақ­ты тәрбиелейтін Мәңгілік Ел болуға баулитын шынайы көр­кем әдебиетке кең жол ашуымыз қажет! Үлкеніміз, кішіміз болып, осы жөнінде мықтап ой­лануымыз – парыз… әріптестер! Ел ертеңі мен әдебиетіміздің ертеңі бізден осыны талап етеді.
Аударма саласына қатысты баян­дамашы Темірақын
Ж­а­қып­тың да көтеріп отырған мә­се­лесі өте орынды. Рас, аудар­ма саласы осыдан біраз жылдар бұрын ашылып, біршама іс тын­дырған «Аударма» баспа­сы­ның үнсіздік кеңістігіне түсіп, жұмы­сының тоқтаңқырап тұрғаны жасырын емес. Біз де кезінде осы баспаның дүниеге келуіне мұрындық болған едік. Әрине, баспа жұмысының тоқтап қал­ға­нына алаңдаймыз.
Алдымызда салмағы мен са­бағы, міндеті мен жүгі ауыр ке­зек­ті Пленум тұр. Бұйыртса, ал­д­ағы айларға жоспарланып отыр­ған сол Пленумды «Алаш» дей­тін айбарлы да қасиетті ұғым­ға арнамақ ниеттеміз.
Әли­хан Бөкейхан бастаған Алаш зия­лыларының рухына ба­ғыш­та­латын сол айтулы жиынымыз­да да біраз мәселе сөз болмақ.
Деректі проза, фантастика жан­рына қатысты айтылған түйткілдер бүгін-ертең шешімін таба қояды деп айта алмаймын. Бірақ бас біріктіріп, өз бере­ке­мізді өзіміз алмай, істің шешілу теті­гін бірігіп іздесек бітпейтін шаруа жоқ.
Жазға салым Алматы қала­сын­да кең ауқымды, үлкен ха­лықаралық әдеби жиын бол­мақ. Бұл – «Экспо-2017»-нің ая­сында Ұлттық кітапханамен бі­рігіп, Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің қолдауымен алыс-жақын шетел әдебиеті өкіл­дерінің басын қосатын үл­кен шара. Сол жиында да «әде­биетті оқыту мен оқырман­ды қайтып әкелудің жөні мен жолы әлемде қалай шешімін тауып жа­тыр?» деген сауалға, сондай-ақ, аударма мәселесі туралы да сөз қозғау ойымызда бар.
Әдеби сынға байланысты жас та болса Марат Әзімхан дей­тін жігітіміз сапалы баяндама жа­сады. Бір баяндамамен бар­лық сауалдың тігісін жатқызу қиын. Оның үстіне біраз жыл­дар­дан бері «Әдеби сын» дейтін ауылға барар жолды тап басып, алабота қаптап кеткені жасырын емес. Және арын таразыға қойып отырып, жү­регі дауалап бұл бағытта жан­кешті еңбек етуге екінің бірі ба­ра бермейді. Жалаң мақтаудың бәрі кәсіби сынның орнын толтыра алмайды, ал орынды ай­тылған сынға ер-тоқымымызды бауырымызға алып тулаймыз. Осындай жағ­дайды бастан ке­ші­ріп отырған сыншының ахуалын іштей сезіне беріңіз.
…Соңғы кездері әдеби сын деген жанрдың ауыртпалығын көтеріп, тоқпағы мен таяғын да қатар көріп келе жатқан жал­ғыз «Қазақ әдебиеті» газеті еке­ні бәрімізге аян. Басқа баспа­сөз беттерінде кәсіби сын басыл­мауға айналды. «Жұлдыз», «Прос­­тор» журналдарынан ара-тұра байқап тұрамыз. Қажығали Мұхамбетқали мен Әмина Құр­манғалиқызының газет бетіне басылған мақалалары сын әле­міне үлкен қозғау салды. Кейінгі жас сыншыларымыздың ішінде Бағашар Тұрсынбайұлы секілді әде­биетшілер арандатуға емес, адал сөзін құлатпай айтуға қа­лып­тасып келеді.
Сондықтан «әдебиетке қам­қор­лық жасалып жатқан жоқ» деп үзілді-кесілді айтуға болмас…
Бүгінгі жиынымызды аяқтай ке­ле, басшылықтың атынан баян­дамашыларға ризашылы­ғым­ды білдіріп, жыл қорытын­ды­сы­на арнайы келген барша­ңызға ал­ғыс айтамыз. Келесі басқосу­ларда аман-есен, төрт көзіміз түгел жүз­десуге жазсын!
Іргеміз аман, әдебиетіміз абы­ройлы болсын!

Нұрлан Оразалин

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір