Айша Абдуллина 100 жаста
10.03.2017
1226
0

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Қазақстан Театрлары ассоциация­сының ұйымдастыруы­мен Қазақ­стан­ның халық әртісі, «Құрмет» белгісі, «Парасат» ордендерінің иегері Айша Абдуллинаның өнер­дегі өмірі мен шығармашы­лы­ғына арналған «Айша Абдуллина 100 жаста» атты мерейтойлық кеш өтті.

Театр сахнасының  шы­мыл­дығы ҚР халық әртісі Нұрғали Нүсіп­жа­нов­тың орындауындағы әнмен ашыл­ды. Аталған кешке Қазақстан Театрлары  ассоциация­сының  құ­ра­мын­дағы барлық театр ұжым­дары қа­тысып, мерейтой иесі­нің құрме­тіне өз өнерлерін көр­сет­ті. Әсіресе, корей театрының  музы­калық сәлемі мен ұйғыр теат­рының тарту еткен биін ерек­ше атап өтпесі­мізге болмас. Ша­ра со­ңын­да Мұхтар Әуезов атындағы қа­зақ мемлекеттік академиялық драма театры­ның әртісі Алмас Шаях­метов «Қыз Ж­ібек» спектак­ліндегі Төлегеннің ария­сын орындады. Театр өнеріне өлшеусіз еңбе­гі сіңген, қазақтың ру­ханияты мен мәдениеті жолында аянбай қызмет еткен Айша Аб­дул­линаның  өнегелі  өмірі  өскелең ұрпаққа үлгі болары хақ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір