Жаңа белестер
10.03.2017
1056
0

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов­тың Иран-Ислам Республикасының ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилумен кездесті.

Кездесу аясында тараптар білім мен ғылымды дамыту саласындағы Қазақстан-Иран ынтымақ­тастығы мәселелерін, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу, гуманитарлық білім беру және мәдени жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқы­ла­ды.
Ғалым Мұтанов ҚазҰУ ғалымдарының Түркия, Иран, Ұлыбританияның серіктес ЖОО-мен бірлесе ұйымдастырған «Иран-Тұран» ірі жобасынжүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін ИИМ Елшілігінің Бас консулдығының Мәдени орталығына алғыс білдірді. Бұл жоба түркологиялық зерттеулерді дамытуды және Кэмбридж университетінің негізінде Орталық Азия зерттеулерінің орталығын ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, ректор ис­лам әлемі елдерінің университеттері, орталық­та­ры және мекемелерімен ынтымақтастықтың тиім­ді векторын атап өтті. «ҚазҰУ мәдениет, ғылым және білім беру мәселесі бойынша Ислам ұйымымен бірлесіп жұмыс істеуде (ISESCO). Қа­зақс­тандық және шетелдік қоғамдық-саяси қайраткерлердің қатысуыменұйымдасқан «Әл-Фараби және қазіргі заман» халықаралық форумы – әріптестіктің жаңа деңгейіне көшуге және әлем ғалымдарының заманауи диалогына арналған ерекше платформа», – деді Ғалым Мұтанов. Мәсе­лен, ҚазҰУ мен Ш.Бехешти атындағы университет арасындағы келісім нәтижесінде ҚазҰУ PhD докторанттары Иранда білім алып, сирек металдарды алу саласында зерттеулер жүргізуде.
Өз кезегінде Можтаба Дамирчилу қонақжайлы­лығы үшін университет басшылығына алғыс біл­діріп, ынтымақтас мемлекеттер арасындағы ғы­лыми-білім беру, мәдени байланыстың дамуына өзара қызығушылық танытатынын айтып өтті. Ректор Ғалым Мұтанов Иран университеттерімен әріптестік аясында ядролық физика, ядролық қауіпсіздік саласында зерттеулер жүргізуді және ҚазҰУ-да нанотехнологиялар, экономика және логистика бойынша зерттеу орталығын ашуды ұсынды.
Кездесу барысында Можтаба Дамирчилу «Әл-Фараби» мұражайымен танысты. Шығыстану факультетінің студенттері мен оқытушыларына «Елшілік сағатын» өткізіп, халықаралық қатынас­тар­дың заманауи тенденциялары мен екі мемлекет ынтымақтастығы бағыттарын талқыла­ды. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы ИИМ Елшілігінің Бас консулдығының Мәдени орталығы мен ира­нис­тика бөлімі «Иран фильмдері арқылы ауызекі парсы тілін үйрену» тақырыбында Шахид Бехешти атындағы университет профессоры Амир Че­на­ри­дің ғылыми-әдістемелік семинарын ұйым­дас­тырды.
­Кездесу соңында тараптар естелік сыйлық­тар­мен алмасты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір