Әйел және философия
10.03.2017
1443
0

Әл-Фараби атын­дағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия кафедрасында «Философиялық кездесулер» шығармашылық клубының тұсауы кесіліп, «Әйел және философия» атты әсерлі, мазмұнды жиын өтті.

Профессор, кафедра мең­геру­шісі Г.Нұрышеваның бастамасымен ұйы­м­дастырылған кездесудің а­л­ғаш­­қы қонақтары – ҚР Білім жә­не ғы­лым министрлігінің ғылым ко­ми­теті Философия, саясаттану жә­не дінтану институтының философ­тары, еліміздің белгілі ғалымдары Г. Соловьева, Ғ.Құрманғалиева, Р.Сар­таева, Г.Барлыбаева, А.Са­ғи­қы­зы, философия доценттері Ш.Иб­жа­рова, С.Шакирова және Ж.Әу­бә­кірова атындағы мектеп ди­­­­рек­­то­ры­ның орынбасары, философ А.Еңсебаева, ҚазҰУ Философия кафедрасының профессорлары – С.Еділбаева, А.Сырғақбаева, Б.Джамбаева, Т.Лифанова, А.Рамазанова, Ж.Әмірқұлова, Г.Мямешева, А.Нығметова, Г.Әбдірасы­ло­ва­лар болды.
Жиынды жүргізген Гүлжиһан Жұма­байқызы: «Ел келешегі – жас­тар. Бүгінгі студент – ертеңгі зиялы. Ұлт жалғасы. Ел болашағы бүгінгі жастың ой-сана мәдениетіне тікелей байланысты. Аға буынның ой­лау жүйесі мен машығын, ішкі ру­хын жастарымыз сезіне алуы үшін клубтық формадағы Фило­со­фия­лық кездесулерді бастадық. Идео­логиялық мазмұндағы мереке бол­ғанына қарамастан, 8 наурыз қар­саңындағы алғашқы кездесуі­мізді «Әйел» және «Философия» фе­номендерінің тылсымына ар­надық. «Философиялық кездесулер» жемісті болып, ұрпақтар арасында рухани сабақтастық орнайды деп сенеміз», – деп кеш мақсатын айқындап берді.
«Әлеуметтік-гуманитарлық ғы­лымдар экономикалық дағдарыс әсерін бірінші сезінуде. Біздің елде ға­на емес, бұл – бүкіләлемдік жағ­дай. Алайда, философияның өр­кендеуі тек академиялық сипатқа тәуелді емес. Технологиялық же­тіс­тіктер заманында философияның қажеттілігі артып, көрініс беру салалары сан қырлы бола түсуде. Демек, біздер, философиямен астасып жататын салалардағы гранттарға ұмтылуымыз керек», – деген ой сал­ды ғылым кандидаты С.Шакирова. Кеш соңында ханымдар кафедра қо­рына өз кітаптарын сыйлады. Кез­десу қонағы А.Еңсебаева Фило­софия мамандығының үздік сту­денттеріне философия факуль­теті­нің 1981 жылғы түлектерінің атынан шәкіртақы табыстады.
Гауһар Әбдірасылова,
философия ғылымының канди­даты, әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Философия кафедрасының доценті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір