Енді гүлге жоламаспын…
10.03.2017
1960
0

Ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ самайлы аналарымызды, көктем көрікті қыздарымыз бен қытық күлкілі жеңгелерімізді, «Джип» мініп сайрандап, джинси киіп жайраңдап жүрген келіншектеріміз бен келін-кепшіктерімізді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, өсе беріңіздер, өне беріңіздер, көбейе беріңіздер дегіміз келеді.

Адам баласын түлен түртем де­се, дем арасында екен. Болмаса сұ­лу келіншектің алдында нем бар еді, гүл иіскеп… Бірақ бәрі де атың өшкір, Құрымбайдың кесірінен болды емес пе? Күні кеше ғана өз жұ­мыс орнымда тойған қозыдай томпиып отырғанмын.
Түні бойы теледидардан олимпиада ойындарын көрем деп кеш жа­тып… Содан ұйқым келіңкіреп, ау­­зымды арандай ашып отырға­ным­да Құрымбай кіріп келді. Бір өзі емес, қасында екі келіншегі бар. Екеуі де әдемі әрі жап-жас. Ме­ні­мен бұрын таныс адамдай жүдә жы­лы амандасты. Енді құдай­шы­лы­ғын өздеріңіз-ақ айтыңыз­дар­шы, егер сұлу келін­шек­тер сыпайы түрде жігітпен қол бе­ріп амандасса, оның тоңып қалған сезіміне қу­ат берсе қайтер едіңіз… Күй­ген дүние күйіп кетсін, мен де ор­ным­нан ұшып тұрып сұлу бикештерге барынша ізет көрсетіп бақ­тым.
– Танысып қой құрдас, мына Тәнзила деген қарындасың менің туған балдызым болады. Ал қа­сын­­дағы подружкасы Мәнзура… Бір­­ден айтып қояйын, бұл да сен сияқты бойдақ. Бір өзі бір үйде тұрады. Так что, қаперіңде жүрсін, – деп Құрым­бай досым дем арасында байсалды адамның кейпін танытып шыға кел­ді. Ертең осы балдызымның туған күні. Соны «Сә­ния» кафесінде атап өтуді ұй­ғар­дық. Ал оған сенің салтанатты түрде қатысуың міндетті. Коро­че, бүгінге осы да жетеді. Сен жұ­мы­сың­да бола бер. Қалған хабар өзім­нен болады, – деп екі сылаңдаған сұлуды ертіп, Құрымбай жанымнан ұзай берді. Көрген түстей мәң­гіріп, мен байғұс не істерімді біл­мей отырып қалдым…
Кешке Құрымбай телефон
ша­л­­ды. «Сценарий бойынша» түс­те Мәнзураның үйінде болуымыз ке­рек. Оған алқызыл гүл шоқтарын именно… менің тапсыруым қажет екен. Оның қырылдай шыққан дауысынан ұққаным, басқасы – басқа дәл осы отырысқа менің «спо­н­­­сор» болатыным анық аңға­рылып тұрды. Сонымен, Зымзиядан тыққыштап жүрген азын-ау­лақ ақшаларымды ұры қал­тама мұқият салып қой­дым. Ертесіне азанда ер­те тұрып, ең алдымен ие­гім­дегі «қыл-қыбыр, жын-жы­бырды» ұстарамен қы­рып тастадым. Одан кейін шифоньерде тұр­ған, шық­қан жылы белгісіз (ке­мінде 20 жыл болған шығар) әтір­дің қақпағын ашып екі қол­тығым­ның арасына шыққан «жабайы жоңышқаларды» «суғарып» ал­дым. Үстіме бар жақ­сы киімімді іліп аял­да­маға шықтым.
Көп ұзамай түсі оңып кеткен пұ­шық сары автобус көрінді, ішін­де Құрымбайдан басқа тірі жан жоқ. Шопыры екеуі саясатты соғып келеді екен… Оларға «сразу» менде қосыла кеттім. Орталыққа келген соң Мә­нзу­ра қарындасыма деп 700 теңгеге әде­мі гүл сатып алдым.
Мәнзураның үйі тура балабақ­ша­­ның қасында екен. Обалы не, Мә­нзура Құрымбай екеумізді жүдә жақсы қарсы алды. Қолымдағы гү­л­ді өте ыстық ықыласпен қабыл­дап, оны гүл салатын вазаға қон­дыр­ды. Өзі одан әрі аулада картоп тазалауға кірісті. Ал мен сол жерде біраз тұрыңқырап қалдым. Кенет назарым аулада өсіп тұрған гүл­дерге түсті. Ойпыр-ай, есік алдында өсірген гүлдері қандай тамаша еді! Қызыл гүлдер, сары гүлдер, жасыл гүлдер… Сол кезде қай шай­тан­ның иығымды қиқаң еткізіп түрткенін білмеймін. Жоқ әлде, тал шыбықтай майысып тұрған Мә­н­зура­ның алдында өзімді аса мәде­ниет­ті, ерекше дарынды, оқы­ған ад­ам екенімді көрсеткім келді ме, кім білсін?.. Әйтеуір, жұпар иісі аңқып тұр­ған гүлдерге тақау келіп: «Ой, қан­­дай керемет көрініс еді!» – деп там­санып қолағаштай мұр­нымды жа­қын­датып, иіскей бергем… Кенет, әлдене тыз ете қалған­дай болды да, тынысым бірден та­ры­лып жүре бер­ді… Мұрнымның іші удай ашып барады. Мен сас­қа­ным­нан жалма-жан уқалай бас­тадым. Ал танауымның ішінде соғыс болып жатқандай дуылдап барады. Әлдекім біз тығып алды ма, жоқ әлде қып-қызыл шоқ тү­сіп кеткен бе, айырып бола ал­май­сың… Уқалаудан қайран жоқ бол­ған соң, жер дүниені басыма кө­те­ріп, сол арада ой бір сіңбірдім-ай кеп… Өзі қоңқиған дәу мұрын болған соң, оның даусы да өте ащы шығатыны белгілі жағдай… Тарылдата үш сіңбір­ген кезде құй­та­қандай екі бал арасы мұрнымнан сүйретіліп әрең шықты… Шыбын жан дегенің қашан да тәтті емес пе? Екі араға көңілім толмай та­ғы да «остаток» қалып кеткен жоқ па деп танауды және екі рет «оталдыр­дым». Жоқ, әлдебір қара қошқыл заттан басқа жерге ешнәрсе де түс­кен жоқ. Осылайша, паразит аралардан құтылуын құтылдым-ау, бірақ уа­қыт өте келе менің мұр­ным­­ның кө­ле­мі «фигурасы» өзгере бас­­тады. От­тай ыстық болып кеткен ол жерден бетім көрінбей қал­ды…
Жә, сонымен әңгімені созып сіз­дердің бастарыңызды несіне қатыра берейін… Сол күні болуға тиіс отырыс болмай қалды. Оған не себеп дей­сіз ғой? Бәріне кінәлі Мәнзура сұлудың өзі. Мен арамен «шайқасып» жатқанымда орнынан жиіркене тұрып кеткен Мәнзура Құрымбай жездесіне: «Жездеке, ма­ған тауып берген жігітіңізге рах­мет. Мен ондай мұрынбоқпен жүре алмаймын. Мұр­нының өзінен адам қорқады екен. Айта барыңыз, менен иегі қышымай-ақ қойсын. Бекерге әуре болмасын», – депті. Жүрмесең одан әрі де­дім «жағымды» жаңалықты есіткен соң өзімше күй­іп-пісіп. Жүдә, саған қарап қал­ған жағдайым жоқ. Қайта саған қырындаймын деп мұрнымнан айрылып қала жаздаған жоқпын ба, аса қадірлі Мәнзура бикеш! Ен­ді құ­дай­шылығын өзіңіз-ақ ай­тыңызшы, ара кіріп өлейін деп жатқанымда қа­лай сіңбірмей тұра аламын…
Міне, ағайын мына алдарыңыз­да отырған пақырыңыздың басынан осындай жағдай өткен. Содан кейін, гүл көрсем болды, жанына да бармаймын оны құшырлана иіскеуге талпынбаймын да… Өйт­ке­ні, қола­ғаш­тай­ болса да мұрын өзі­ме керек. Ал шыбын жан болса бәрінен де тәтті…

Орынтай КӨМЕКОВ.
Түлкібас ауданы,
Оңтүстік Қазақстан облысы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір