Шетел көрген жастарымыз
03.03.2017
2311
0

Алмаш Сейдикенова, филология ғылымының кандидаты, Фрибург университетінің (Швейцария) пост-докторанты,  2012-2014 ж.ж. Швейцария конфедерациясының «Талант» стипендиясының иегері, әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті

Өзгелерді тың жаңалықтармен ғана таңғалдыра аламыз
Қазір өз еліңде қандай мықты ма­ман болсаң да, шетелде тәжірибе жинақтамасаң, тағылымдамадан өт­песең ешкім болмайсың. Оған күн­делікті өмірде көз жеткізіп жүр­м­із. Өкінішке қарай біздің қо­ғам­да «аузы қисық болса да, бай ба­ласы сөйлесін» деген түсінік әлі күнге дейін салтанат құруда. Әй­теуір шетелде болып келді деген ата­ғы үшін жоғары бағаланатындар аз емес. Негізгі жұмысты шын бі­лім­ділер атқарғанымен, атақ шала­сауатты шенді-шекпенділер мен та­ныс-тамырлардың енші­сін­де бо­лып тұр. Біздің қазақтан шық­­қан небір мықты ғалымдар шетелдерге кетуге мәжбүр. Себебі, өзін бағалайтын ортада өмір сүргенді қа­лайды. Әрине, «өзге елде сұлтан бол­ғанша, өз еліңде ұлтан бол» де­генді де ескерген жөн шығар. Де­­генмен, өз ортасынан жерінуіне се­беп болатын жағдай­лар бізде көп-ақ.
Дамыған елдерде өз білім-бі­лі­гіңді көрсетуге мүмкіндіктер жо­ғары. Себебі, ол жақтағы жүйе мүл­дем басқа. Мәселен, мен шетел­­дерде біздегідей студентке күтуші бо­лып жүрген оқытушы көрмедім. Бі­лім керек болса, өзің үшін оқи­сың, оқымасаң өз обалың өзіңе қанша ақша төлегеніңе қара­мастан оқудан шығарып жібереді.
Өкінішке қарай біздің қоғамда ес­кі көзқарастағы адамдар әлі де бар. Сондықтан жастардың тың идеяларын өз қажетімізге пайдалана алмай отырмыз. Оқып келген жастардан ешкім «сен қандай жаңалық әкелдің? Не үйрете ала­сың?» деп сұрап жатқан жоқ.
Шетелде оқып жүрген жастар­дың шәкіртақысы біздегі оқыту­шы­лардың айлық еңбекақысынан бес есе жоғары. Оқимын, ізденемін де­ген адамға бар жағдай жасалған. Жал­пы, біздің дамыған елдерден үй­ре­неріміз көп. Шетел мәдение­тін, білімін, қарым-қатынасын көр­ген адамдар біздегі жүйеге көн­діге алмай, кері қайтқысы ке­ліп тұратыны да сондықтан.Қо­ғамдық сана өзгермейінше, біз да­муға бет бұрамыз деу де бекер­ші­лік сияқты. Бізде дәрігер мен мұ­ғалімнен гөрі әнші қауымы бе­делдірек. Әнмен психологиялық тұр­­ғыдан емдеуге болатын шығар, егер есті ән болса әрине, алайда бі­лім мен тәрбиені әнмен қалай бер­мексің? Әншілерге қарағанда ға­лым мен мұғалім, дәрігер үнемі ізденісте болады.Хан болсаң да, қа­ра болсаң да ұстаз бен дәрігердің кө­мегіне жүгінесің. Ал кейбір ән­ші­лер әнінің сөзін де жатқа біл­мей­ді. Соған қарамастан барлық сый-құрмет, атақ-марапат әнші­лер­де. Барлық БАҚ тек әншілерді жар­намалайды. Дәрігер мен мұға­лім­ді немесе ғалымды насихаттап жүр­ген ақпарат құралдары некен-саяқ. Кез келген дамыған мемлекетте дәрігер мен мұғалім жоғары жалақы алады және беделді.
Бізге телеарналардан күнде қай­­­­талайтын құрғақ әзілдерді тоқ­­­татып, орнына сапалы, интел­лек­­­­туалдық ойындар, білім, ғы­лым саласына қатысты, әр түрлі шет­елдік бағдарламалар, шәкір­т­а­қылар туралы ақпараттар тарату қа­­жет.
Жастардың шетелде қалып қал­­­масы үшін оларға еңбек жағ­дайын жасағанымыз дұрыс. Білі­мі­не, тәжірибесіне сай жалақы тө­­леп, тұрғын үйді төмен пайызбен алуға мүмкіндік берсе, нұр үс­ті­не нұр болар еді. Тапқаны жол-пұ­­лынан артылмайтын, жалақы­сын уақытында алмайтын ғалым­да­рға жаңалық аш, кітап жаз деп қа­лай айтуға болады? Бар болғаны жүз мың теңге еңбекақы алатын мұ­ғалімдерге шетелдің импакт фак­торы жоғары журналдарына мың доллар төлеп мақала жарияла деп талап қояды. Логика қайда? Шетелде нағыз ғылыми мақала кон­курспен, арнайы комиссиямен бір жыл бойы іріктеліп алына­ды. Содан кейін үздік мақалалар те­­гін шығады. Олар ғылым сатылмауы тиіс деп санайды. Мысалы, шет­­елде 20-25 беттен шыққан ме­нің екі мақалам «Скопус» базасына кірмейді деп мойындалмай отыр. Сонда біздің елде ақша тө­ле­­ген мақала ғана мойындала ма? Өкі­нішке қарай, қазіргі кезде ғы­лымның исі мұрнына бармайтын адамдар да ғалымдардың қатарын то­лықтырып жүр. Біздің қазақ ға­­­лымдарының игілігін өзгелер кө­­­ріп отыр. Сол жағдайды өз елі жа­­­саса, кез келген ғалым келер еді. Ғылым мен білімге салған ин­вес­­тиция ешқашан да шығынға ұшы­рамайды. Оны ешкім тартып ала алмайды. Өйткені, ол басыңда тұрады. Өзге елдерді біз тек ғылым мен білім саласында тың жаңа­лық­тар ашып қана таңғалдырамыз. Қа­­зақ халқын әлем танысын десек, сауатты, білімді ұрпақ тәр­­би­е­­леуге ты­рысуымыз керек. Бұ­рын­ғы Кеңес Одағы кезінде кан­дидат, до­к­тор деген кісілер қалай ба­ға­ланатын еді? Олар жәй практик мұ­­ғалімдерден сол өзіндік көз­­қа­ра­сы, идеясымен ерек­ше­ленді ғой. Соған сай еңбекақы ал­­ды. Қазір де сол дәстүрді жаң­­­­­ғыртса, білім жүйе­­сін­де едәуір ілге­рілеу­ші­лік бо­лар еді. Алмас қы­лыш қын тү­бін­­де жатпайды де­ген­дей, нағыз білім­ділер қандай жағ­дайда болса да жарып шығады деп сенемін. Тамыр- та­ныстықтың та­мырына әй­теуір бір күні балта ша­былып, на­ғыз білім­ділердің таңы атады деп үмітте­немін.


Нұржан Түменов,
киноактер

Жастар қоғамды өзгерте алады
Әрине, Еуропа мен АҚШ-тың де­мократиясын, тәртібін, өмір сүру­ге қолайлы жағдайларын, әді­лет жүйесінің жұмыс істеп жат­қа­нын көрген адам өркениеттің же­­­тістіктерін Отанына әкелгісі ке­леді немесе сол жерде біржола қал­ғысы келеді. Кезінде Петр 1 дво­ряндардың балаларын Еу­ро­паға оқуға жіберу арқылы екінші сортты патшалықты ұлы империя­ға айналдырды. Қазақ жастары­ның да шетелдерден білім жинауы жақ­сы бастама. Соңғы V-VI ғасыр бойы бүкіл әлем Батыстан үлгі алып отыр. Мәселен, киген киі­мі­міз, мінген көлігіміз, күнде қол­да­нып жүрген ғаламтор және т.б. бар­лығы өкінішке қарай бізде емес, Батыста ойлап табылған. Не­ге Батыста? Неге Қазақстанда емес? Қазақтар да дарынды халық қой…
Шетелде білім алу отандас­та­ры­мыздың өміріне түрлі әсер ете­ді. Бес саусақтың ешқашан бірдей бол­майтыны сияқты адамдар да әр түрлі. Кейбіреулер дамуға, өз­геруге дайын болса, кейбіреулер бұ­рынғы әдетінен танбайды. Ме­нің­ше, неғұрлым жаңа идеяларды жа­тырқамасақ, соғұрлым біздің қо­ғамымыз да алға қарай жылжиды. Өз елімізде оқыған жастарды, жал­пы интеллектуалдық күш-қуат­ты толық пайдаланудың жол­дарын мықтап қарастыр­ғаны­мыз жөн деп ойлаймын. Дамыған ел­дер­дің қатарынан көріну оңай шаруа емес, ол ұзақ уақытты жә­не үлкен өзгерістерді талап етеді. Сон­дай-ақ, қоғамда қалыптасқан қа­ғидалар мен көзқарастардың ор­нын алмастырмай, қоғамдық са­на өзгермейді. Сондықтан әлі бі­­раз уақыт сауда-саттық арқылы ға­на күнімізді көруге тура келетін сияқ­ты.
Әрине, білім арқылы жетіс­тікке жету мүмкін емес деп кесіп айта ал­маймын. Алайда, бармақ басты көз қыстылық пен ағайын­шылық қан­ға сіңген қасиет болған­дықтан, ал­ға жылжуға әлі де залалын ти­гіз­е­тін секілді көрінеді. Оған дә­лел де аз емес.
Мен өнер саласы бойынша Нью-Йорктегі Кино академиясын­да оқып келдім. Оқи жүріп, өнерді ба­ғалаудағы талғамым қалып­тас­ты. Өкінішке қарай біздің отандық ки­но туындыларымызды бізден бас­қа ешкім көріп жүрген жоқ. Өйт­кені, сапасы бәсекеге қабі­лет­ті­лік жағынан ақсап тұр. Егер біз де шетелдіктер секілді шын таланттармен, кәсіби мамандармен жұ­мыс жасасақ, әлем сүйсінетін дең­гейге жетер едік. Шығар­ма­лар­дың сапасы жақсарса, халық­тың талғамы да өседі.
Сапалы кино түсіру үшін қо­мақ­­ты бюджет керек. Ал он жеті млн. халқы бар біздің еліміз үшін қыруар қаржыға кино түсіру тиім­сіз, өйткені ол өз-өзін ақтамай қа­­­лады. Көбіне кино туын­ды­лары­мызға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Сол бөлінген ақша талан-таражға түспей дұрыс пайланылса да әжептәуір сапалы дүние шығар ма еді. Бірақ ол қар­жыны жолдан қымқырушылар жетіп-артылады. Солардан қалған мар­дымсыз тиын-тебенге түсіріл­ген туынды шетел тұрмақ, өзіміз­дің де көңілімізден шықпайтыны сондықтан.
Мен мықты ғалымдарымыздың шетелге кетуінің себептерін біл­мей­мін. Мүмкін шетелде олар үшін барлық жағдай жасалып, жо­баларына керекті қаражат табылып, арман-мақсаттарына қол жет­кізіп жатқан шығар. Шын­ды­ғында әркім өзін бағалайтын, әді­лет орнаған ортада өмір сүргісі ке­леді. Себебі, бізде қазір шын бі­лім­ділер дұрыс бағаланады деп ай­та алмаймын. Мемлекет қыруар қаражат жұмсап, оқытуын оқыт­қа­нымен, сол жастардың жинақ­та­ған тәжірибесін тиімді пайдалану жағын жөнді ұйымдастыра ал­май отыр. Осы жағынан келгенде біз ұтылып отырмыз.
Шетелде білім алған жастар қо­ға­мымызды, қалыптасқан жүйе­ні өзгерте алады. Ол үшін тиі­­­сінше жағдай жасалуы қажет. ХVIII ғасырға дейін Ресейден еш­бір ғалым шықпаған. Әдебиет, клас­сикалық музыка, сәулет, театр, опера және балет мүлдем бол­маған. Қараңызшы, қазір қандай жетістікке жетті. Егер біз де осы жол­мен жүрсек, Қазақстанның бо­лашағы жарқын болатыны анық.

Дайындаған
Гүлім Нұрланқызы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір