Қыздар – чемпиондар
03.03.2017
1087
0

Астана қаласындағы Тәуелсіздік Са­райында республикалық деңгейде «Дарын» Республикалық ғылыми-прак­тикалық орталығы, Астана қа­ласы Білім басқармасы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруы­мен оқушылар арасында «Kazakhstan Robotics Challenge –2017» жарысы өтті.

Қа­зақстанның экологиясы мен туризм саласын дамыту мақсатында өт­кен білім бәйгесінің «Mission» ба­ғы­тына қатысқан 57 команданың ішін­де ерекше өнертапқыштық пен конструкторлық идеялары үшін: І орын­ды Ақерке Ақат иеленсе, Нұр­фа­тима Қыпшақбаева алтын медальмен марапатталды. ІІ орын Ажар Ку­льясоваға бұйырса, Алуа Нұрахан мен МадинаОмарқұлова, Амина Саяндар күміс медальмен марапатталды. Менторы І санатты информатика пә­нінің мұғалімі Яман Эрдал Хавва. Оқушылардың жасаған роботтары жеке нұсқауларды орындайды жә­не сенсор арқылы түстерді таниды, жолда кездесетін кедергілерді айналып өтеді. Соңғы кездері заманауи талап­тарға сай оқушылар робототехника саласына деген қызығушылық ­та­нытып, өздерінің қиялынан туын­даған түрлі нұсқадағы үлгілерді көп­ші­лік назарына ұсынуда.
С.Т.Органова,
әдіскер.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір