«Алаштан» «Мәңгілік елге» жеткізген тәуелсіздік идеясы
03.03.2017
1083
0

2017 жылы ұлттық мемлекет құру идея­сы­ның діңгегі болған «Алаш» партиясы мен Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультеті мен «Ақ жол» демократиялық партиясының ұйым­дастыруымен «Ұлттық идеяға ай­нал­ған Мәңгілік ел» атты «Дөңгелек үстел» өтті. Алаш идеясын жастарға кеңінен насихаттап, ұлттық рухын, ата-баба дәстүрін ұмыт­пай, Қазақстанның жаңа жаһандық жаң­ғыруында ұлттық бірегейлікті қа­лып­­тасты­ру мақ­сатында Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМҚПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, саясаттану және философия, филоло­гия, заң факультеттерінің сту­денттері өзек­ті тақырыптарға баяндамалар жасады. «Алаш­тану» орталығында өткен бұл шарада жастардың арасында еліміздің болашақта даму бағдарламалары қарас­тырылып, үш тұ­ғырлы тіл мәселесі көте­рілді. Әсіресе, сту­денттердің ішінде Ә.Жанболатова, Ш.Зұлхарнайұлы, Е.Рахатұлы көтерген мә­се­лелері өте қызықты және өзекті та­қы­рып­тарға арналды.
Жиынға Қазбек Иса, Ерлан Ақжолұлы қа­тысып, жастардың баяндамаларын тың­дап, Мәңгілік ел болу идеясының маңызын, жас­тар арасындағы күрделі проблемалар төңі­регінде ой қозғады.
Н.А.Тәсілова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к.,
М.Д.Байдәулетова, PhD.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір