«Жақсының жақсылығын айт…»
03.03.2017
1442
0

1 наурыз алғыс айту күні – Елбасының бейбіт­ші­лік пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Бұл жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдік­тің, ынтымақтастық пен тату­лықтың, сонымен қа­тар өткенге деген тағзымды салауат пен бо­ла­шақ­қа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры та­сысын» демекші, мен осы Алматы қаласы, Жетісу ау­данындағы «Көкжиек» ықшамауданын­дағы №177 жалпы білім беретін мектеп ұжымының ат­қары­лып жатқан жұмыстарын тілге тиек етпек­ші­мін. Бұл мектепті 2013 жылдан бастап мектепті бі­лікті басшы Танатов Тұрсын Танатұлы басқарып ке­леді. Ол ұжымның психологиялық ахуалын ор­нықтыру, әр ұжым мүшесінің еркін жұмыс жасауына жағдай жасауды өзінің басты міндеті екенін есептей отырып, үлкен істер атқаруға ұмтылады. Жаңа басшы мектеп ауласына гүлзар егуге көп ең­бек сіңірді. Тұрсын Танат­ұлының еңбегін ауда­ны­мыздың үлкендері де ризашылықпен айтып оты­рады. Мектепте жыл сайын Абай, Мұқағали оқу­ларын өткізу дәстүрге айналған. Оқу орнында бол­ғанымызда шәкірттерінің кез келгені осы ата-ба­баларының өлеңін жатқа оқитынына көз жет­кіздік. Балаларымыз әр пәннен түрлі жарыстарға қа­тысып, жүлделі орындарға ие болғанына өзіміз де куәміз. Жыл сайын мектебімізде «Алтын белгі» иегерін шығарып отырады. Ол, әрине, мектебіміз­дің ұс­таздарының ерен еңбегі десек те болады. Ұстаз­дарымыз әр балаға ерекше ықылас бөліп, әр бала­ның сабақ барысында ашылмаған жаңа қырымен танылуына, оқушыларға қажетті барлық жағдайды жасап отыр десек, артық айтқан емес. Оқушылар­дың денсаулығына, салауатты өмір салтына мән бе­ріліп, қазір мектепте «Бокс», «Таэквондо», «Во­лей­бол», «Футбол», «Шахмат» үйірмелері нәтижелі жұ­мыс жасап, оқушылар халық­аралық, облыстық жа­рыстарда жүлделі орын­дарға ие бола бастады. Мек­тептің де өзінің дәстүрлі мерекелері бар. Кез кел­ген әдістемелік көмектерін құлшыныспен көр­сетуге әзір. Сондай-ақ, мектебімізде жас мамандар да қызмет жасауда. Ардагер ұстаздар ұжымның бар­ша мұғалімдеріне көмек берсе, мұғалім­деріміз жас мұғалімдерді
3 жыл бойы әдістемелік тұрғыдан же­телеп отырады. Сіздерге тек шығармашылық табыс тілейміз!

Н.М.Елеубеков,
«Көкжиек» ықшамауданының тұрғыны, ата-ана.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір