Ғылым ордасының жаңа бағыты
24.02.2017
1355
0

Ұлттық Ғылым академиясының құрылға­нына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған жалпы жиналыстың салтанатты сес­сия­сы өтті. Сессия жұмысына Ел­­басы Н.Ә.Назарбаев және ака­де­миктер, ҚР ҰҒА корреспондент-мү­ше­лері, ҚР ҰҒА-ның құрметті мү­ше­лері, ЖОО ректорлары, ҒЗИ ди­­рек­торлары, қоғам және мәде­ниет қайраткерлері, шетелдік ғылым академиялары делегациялары мен отандық ғылыми ме­ке­ме­лердің жетекшілері қатысты.

Шара барысында Мемлекет басшысы сессияға қатысу­шыларды Ұлттық Ғылым акаде­миясының 70 жылды­ғы­мен құт­тықтап, оның заманауи Қазақстанды да­мы­т­у­ға қосқан үлесін атап өтті. «Бүгінде Ғылым академиясы салалық және өңірлік бөлім­ше­лері бар ірі зият­керлік орта­лыққа айналды. Бұл ретте ол Франция, АҚШ және бас­қа да елдердегі ғылым ака­демиялары сияқты ғылым үшін жат нәрсемен – әкім­ші­лендірумен ай­налыспайды. Ғылым саласын ор­талықтан­дырудың, онда қа­лып­тасатын монополияның тиімсіз екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр», – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақстан ғылы­мы­ның қалып­тасуындағы Ака­де­мия­ның еңбегін ерекше ай­та келіп, еліміздің ғы­лыми әлеуе­тін «Қазақ­станның үшін­ші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды іске асыруға пайда­ланудың маңыздылы­ғына на­­зар аударды. Сонымен бір­ге, Елбасы отандық бас­қару жүйесі мен ғылыми қыз­метті үйлестіруге қатысты бірнеше өзекті мәселеге тоқ­тал­ды. «Біз ғылымды орта­лық­­сыз­дандырдық. Көптеген бөлігін жоғары оқу орын­дарына бер­дік. Алайда, олар­дың бәрі әлі инновациялық ор­талықтарға айнала қойған жоқ. Қа­зақ­стан­ның ғалым­дары өз жұ­мыстарын белсенді түрде патенттеуде. Бірақ олардың басым көп­ші­лігіне сұраныс жоқ. Ғылым не­гізінен мемлекет есебінен қар­жы­лан­ды­рылу­да. Іс жү­зін­де нақты сек­­тордан тапсырыс түспей жатыр. Сонымен қатар, ғы­лыми жұ­мыс­­тарда плагиат жиі кездеседі», – деді Мемлекет басшысы. Осыған орай Қазақ­стан Президенті отан­дық ғы­лым­ды дамытуға қа­тыс­ты ұс­танымдарды түбе­гейлі өзгертуді тапсырып, осы бағытта бірқатар нақты мін­деттер белгіледі. «Біз ғы­­лыми және ғылыми-техни­ка­лық қызмет нәтижелерін ком­­мерцияландыру туралы заң қабыл­да­дық. Енді осы заң толыққанды қол­данылуы қажет. Ғылыми-зерт­теушілік қызмет нәтижелерін қа­зақ­-
с­тан­дық кәсіпорындардың қажеттіліктеріне бағыт­тай­тын тетіктер енгізу керек. Біз­дің алдымызда импортты алмастыру және экспорттық өндірісті дамыту мін­деті тұр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан бөлек, Қазақстан Прези­денті академияның әле­уетін пайдалана отырып, фундаменталды және гу­ма­ни­тарлық ғылыми жо­балар сараптамасының сапасын жақсарту қажеттігін айтты. «Ғы­лымды басқарудың, оны қар­жы­ландырудың жаңа фор­мат бойын­ша және уақ­тылы жүзеге асы­рылатын жа­ңа жүйесі ен­гізілді. Сон­дай-ақ, Ғылым академиясы жанынан әдеп жөнін­дегі алқалы орган құруды ұсына­мын. Бұл алқалы орган Ға­лым кодексін және Жарияланымдар әдебі жөнін­дегі ко­дексті әзір­леп шыға алар еді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет бас­шысы Білім және ғылым ми­нистр­лігіне Академиямен және жо­ғары оқу орындарымен бірге отандық ғылыми ба­сылым­дарды халықаралық рей­тингтік базаларда ілгері­лету жұмыстарын жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ, Қазақ­стан Президенті әлем­дік дең­гейдегі ғылыми орта­лықтарда та­ғылымдама­дан өту үшін үздік зерттеу­шілерге қосымша гранттар та­ғайын­дау, сонымен бірге Орта­лық Азия елде­рінің жас ғалым­да­рына Қазақ­станда ғылыми зерттеу жүр­гізу үшін грант бөлу мәсе­лесін зер­делеу жөнін­де тапсырма берді.

Г.Сыдықова.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір