Сәл ғана мызғып ап…
17.02.2017
1508
0

Тәңірінің талғап жаратқан пенделеріне кейде «Өлді деп білместікпен ат қоятын» сияқтымыз… Бұл ойдың
«Осы мен, өлмейтін,
өлмейтін шығармын,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын», – деген Мұқағали ақынның әр жылғы туған кү­ні сайын келетіні бар.
Сүлеймен Демирел университетінде өт­кен «Не деген керемет күн!» атты поэзия кү­нінде ақын рухы бір сәт сілкініп, жаны та­за, ары таза, қолы таза жастардың ортасына келгендей көрінді…
Аталған университеттің филология фа­куль­теті мен «Сөз өнері» зертханасының бас­тамасымен ұйымдастырылған шара «Қар­нымыз ашса, тамақ ішеміз, рухымыз ашық­са, не істейміз?» деген сұраққа жауап із­деуден басталған болатын. «Ешбір мәж­бүрлеусіз, жаттанды қалыпсыз-ақ, бір кү­ні­міз­ді өлең оқуға арнайықшы» деп келісілген еді осы күні.
«Сүйікті ақыны жоқтың – рухани жа­қыны жоқ…» деп аталған айдарда студенттер мен ұстаздар, қызметкерлер қауымы расымен де өздерінің сүйікті ақындарының өлең­дерін оқыды. Олардың басым көп­ші­лі­гінің сүйікті ақыны Мұқағали болатындығын болжаған едік…
«Сіз білесіз бе?» деп аталатын жылжыма­лы айдарда студенттер университеттің әрбір мүшесін іздеп барып, оларға поэзияға, ақын­дық шеберханаға қатысты түрлі сұрақ­тар қойып, викториналық ойындар ойнатты.
«Қалқам, мен Лермонтов та, Пушкин де емен…» айдарында «Өлеңге таласы бар» жас­тар берілген кілт сөздерді пайдалана отырып, жыр жазды. Жыр бәйгесін «Әй, қалай болар екен?» деген күдікпен бастаған біз «Ойпырмай, бұлай да болады екен, ә!» деген таңданыспен түгестік.
Күндердің бәрі керемет болуы өз қол­дарын­да екендігіне көздері жеткен С.Демирел университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығарма­шыл жас­тары (жетекшілері: Е.Солтанаева) кеш соңын­да шағын сыйлықтармен және мақтау қа­ғаздарымен марапатталды.
…Ол расымен де керемет күн болды деседі көр­гендер…
Баян Керімбекова,
С.Демирел университетінің «Сөз өнері» зертханасының меңгерушісі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір