ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ МЕМЛЕКЕТТІК ДУМА МӘЖІЛІСІНДЕ
17.02.2017
2732
0


Түркістан өлкесі мен Далалық генерал-губернаторлығында болған көтеріліске байланысты Мемлекеттік Думаның бір топ депутаттары Министрлер Советінің төрағасына, соғыс, Ішкі істер және Юстиция министрлеріне сауал қойып, мәлімдеме жасады. Сауал мемлекеттің қорғанысының қажеті үшін жұмыстарға бұратана халықты тарту туралы патша жарлығын орындау кезінде орын алған оқиғаларға байланысты тұтанған көтеріліске қатысты болатын. Үкімет пен министрлерге мынадай сауал қойылды: 1) Негізгі заңның бұзылған баптарының күшін қалпына келтіру үшін қандай шаралар жасалынды? 2) 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығын орындау кезінде билікті асыра пайдалануға жол бергендерге қатысты қандай шаралар қолданылды.

Үш депутаттық топ сауал қойған: бірінші топ­та – 31 депутат, екінші топта – 35, үшін­ші топта – 31 депутат болған, барлығы ду­ма­ның 97 мүшесі қол қойыпты, олар әр түр­лі партиялардың, фракциялардың өкіл­дері болатын, оның ішінде мұсылман фрак­ция­сының өкілдері де бар. Дума мәжілісінің ар­найы күн тәртібіне Түркістан өлкесі мен Да­лалық генерал-губернаторлығында бол­ған көтерілістің шығу себебі ашық қойылып, тал­қыға салынуының да саяси маңызы бол­ды, себебі мәжілісте көтерілген мәселе ағым­­дағы аса өзекті де өткір мәселе болатын. Дума мүшелері мұны жасырып-жаппай ду­маның жабық өткен мәжілісінде ресми түр­де ашық түрде батыл қойды.
Дума мүшелерінің өз пікірлерін дума мінберінен батыл әрі ашық түрде көтеріп, кө­терілістің шығуына кінәлі адамдарды атап көрсетіп, олар қылмыстық іске барды деп айыптауы – шын мәнінде тарихи, саяси үлкен оқиға болды.
Дума мүшелері Түркістан өлкесі мен Да­лалық генерал-губернаторлығын қазына бай­лығы мол Ресейдің провинциясы ре­тінде қарағанымен де, бұл отарлы аймақ әкім­шілік тұрғыдан дұрыс басқарылмай отыр­ғанын, халықты алысты болжай ал­май­­тын тайқы маңдайлардың аяусыз қыр­ғын­ға тап қылып отырғанын жазғырды, мұ­ны қылмысты іс-әрекет деп бағалады. Қа­лай болғанда да көзқарастарында қай­шы­лықтары бола тұра, әр түрлі пар­тия­лар­дың мүдделерін көздегенімен де оп­по­зиция­лық партия мүшелері 1916 жылғы кө­теріліске өз көзқарастарын ашық білдірді, мұның өзі Дума мүшелері блогы үкіметтің мем­лекетті тығырық пен дағдарысқа ұрын­дырған ішкі, сыртқы саясатының әді­лет­сіз­дігін қоғам алдында төтесінен қойды. Әсі­­ресе, Саратов губерниясынан сайланған Ду­ма мүшесі Керенскийдің сөзі өте өткір бол­ды, ол патша жарлығының өзі негізгі заң­ға қайшы келетінін, соған орай соғыс ми­нистрінің бұйрығының да заң талаптарын, баптарын бұзып отырғанын, ал мұның салдары көтеріліске алып келіп, қайғылы оқи­ғаға ұласқанын баяндады. Патша жар­лығы жарияланып, оны іске асырған адамдарды – кінәлілерді іздейтін болсақ, онда оған кінәлілер осы жарлықты шығарушылар деп жарлықтың заңсыздығына баса назар аударды. Мұндай үлкен маңызды шараларды жүргізе отырып, жергілікті үкіметтен бұл шараны өткізу мүмкін бе, шиеленіс ту­ды­рып алмас үшін қалай, қайтіп өткізу қа­жет, кімді шақыру керек, жергілікті жағ­дай нені талап етеді деген мәселені сұрап бас қатырмады, себебі Түркістан мен да­ла­лық қазақ облыстары – бұл Тула, болмаса Там­бов губерниясы емес. Оларға ағылшын мен француздар өз отарларына қалай қара­са, солай қарау қажет деп көрсетті Керенский. Дума мүшесі ең алдымен патша жар­лы­ғының егісті жинау, жиын-теріннің на­ғыз қызып тұрған шағында бүкіл еркек кін­діктілерді жаппай мемлекеттің қорғаныс жұ­мысына тартуы; оны шұғыл түрде іске асы­руға кірісіп кетуі – қателік болды деп са­­нады. Керенский соғыс барысында жер­гі­лікті халықтан жылқы, киіз үйлер, құрал­дар, тағы да басқа қажетті заттар үздіксіз жи­налып отырғанын, олардан жинаған ақ­ша, майданға алынған орыстардың отбасына жылу ретінде беріліп келгенін, депутат 100 000 сомнан астам қаржы жергілікті ха­лық­тан майданға кеткен орыс отбасыларына жылу ретінде жиналғанын мысалға кел­тірді. Депутат халықтың қайырымдылық іс-шараларына саналы түрде барғанын, қо­лындағы барын аямай ұсынып келгеніне ар­найы тоқталды, ал осындай халыққа біз не істеп отырмыз деген сұрау да тұр еді бұл мә­ліметтің астарында, ал осы көшпенділерді аяу­сыз мыңдап, он мыңдап, жоспарлы да жүйе­лі түрде қырып жатырмыз деп мәселені ті­кесінен қоя отырып, мұның бәрінің се­беп­шісі заңсыз жарлықты жариялап, заң мен құқықты бұзып жүзеге асырушы ор­та­лық үкімет, тап солардың кінәсінен ғана бо­лып отыр, бүткіл соғыс майданына олар ен­ді Түркістан майданын қосты деді. Куропаткинге шын мәнінде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторлығы қызметіне қоса әс­кердің қолбасшысы құқығы берілді, сөй­тіп ол Түркістан өлкесін майдан алаңына ай­налдырды. Керенскийдің бұл сынының жа­ны бар еді.
Тыл жұмысына адамдарды мәжбүрлеп, бұй­рықтың күшімен, міндеттеп мойын­сұн­дыру жолымен алудан сатып алу-сату, ақша беру жолына көшкенін, жергілікті халықты әскерге шақырудан аман алып қалу үшін ақша алып, басқа біреуді тізімге кіргізу жап­пай өріс алып кеткендігі сондай, жер­гілік­ті әкімшілік жағдайды пайдаланып, қа­наудың жаңа түріне, тартып алу, бопсалап баюдың жолына түскенін, сөйтіп жар­лық­тың сауда-саттыққа айналдырылғанын, оның өзі жергілікті жерлерде нағыз жүген­сіз­дікке алып келгенін сынға алды. Оның үс­тіне туу туралы куәлік берілмегендіктен кім­нің 19 немесе 43-те екенін түріне қарап ажырату мүмкін де емес қой. Сондықтан мұ­ны жергілікті әкімшілік тізім жасау ке­зін­де өз мүдделеріне жақсы пайдалана білді. 60-тағы қарт тізімде 30-да деп көрсетілді, ал оны дәлелдеу мүмкін емес-ті, содан одан құтылу үшін 300 сом төлеуі тиіс болды, ал 25-30-дағы жас жігітті 50-дегі орта жастағы адам етіп көрсеткен, өйткені ол дәулетті кісі бо­латын. Бұған ешкім де қарсы бола алмады, ал қарсы шыққандарды сұраусыз ит сияқ­ты атып тастады, сөйтіп халықты бұқ­қан үстіне бұқтыра берді.
Бүліншілікті басуды орыс үкіметі жос­па­рлы әрі жүйелі түрде террорлықпен жүр­гізді. Мұндай террор мәдениетті европалық мем­лекетте де жол берілетін нәрсе емес. Се­миреченск (Жетісу) таулы аймағындағы жағ­дайды, бейбіт үдере бас сауғалап ауған ха­лықты қырғынға ұшыратқан сұмдықты әлем күні бүгінге дейін көрген емес шығар, осы­дан кейін барып Армениядағы түрік­тер­дің тағылығы, Болгариядағы немістердің зұлым­дығы туралы біздің сөз етуіміз тым қиын болмас па деп депутат залға сұрау тас­тады.
Керенский қазақтарда болған жағдаймен са­лыстырғанда сарттардікі түк те емес деп, Қа­зақстандағы жазалау отрядтарының ха­лықты жаппай қырып-жоюына тоқталды, қа­жет болса мен мұны басынан аяғына дейін дәлдеп шығамын деп әшкерелейтін дә­лел, деректерінің жеткілікті екенін се­нім­ді түрде мәлімдеді.
Депутат Джафаров өз сөзінде мұндай маңыз­ды мәселені сол аймақ өкілдерінің қа­тысуынсыз талқыланып отырылуының өзі қалыпты құбылыс еместігін, бұған одан әрі төзуге болмайтынын, жергілікті ұлт­тар­дың құқығының шектеліп отырғанын сын­ға алды. Ол мына мәселелерге көңіл бөлді: бұратана халықты тыл жұмысына алуда өл­келік жерлердің экономикалық ерек­ше­ліктері ескерілмеді, оның тұрмыстық ерек­ше­лігі, жергілікті шаруашылықтың, тыл­дың қалыпты жағдайда болуына әсер ететін роліне назар аударылмады деп атап өтті, май­дан ұйымдастырылып, ал тылдың шыр­қын бұздық, берекесін кетірдік, тыл жұмы­сына кесір келтірдік деді. Үкімет елдің алдында жауапсыз үкіметке, халықтың жанды күшіне сүйенбейтін үкіметке айналды, мұн­дай үкіметтің жүргізген шараларынан мем­лекеттік парасатты, мақсаттылықты күту қиын деген пікірі үкіметтің дәрмен­сіздігін айқын көрсетті.
Желтоқсанның 15 күнгі мәжілісте
кн. Ман­сырев, граф 2-ші Капнист, Аджемов сөз сөй­леген, олар сөйлеген сөздерінде Керенс­кий­дің көтерген мәселелерін қолдап, Ресей үкі­метінің, өлкелік әкімшіліктердің жар­лық­ты іске асыру шараларын ұйым­дастырып жүр­гізу кезінде жіберген заңсыз­дықтарына, жасаған зорлықтарына, жазық­сыз жандарды қырғынға ұшыратқандарына ашынды, им­перия саясатының қайшы­лыққа тірел­ге­нін, аймақты басқаруға қол­данылып келе жат­қан ереженің ескір­генін, оның сауатсыз жазылғанын сынады.
Көтерілістің әлеуметтік, экономикалық сал­дарлары, оны жақсарту мәселелері қа­рас­тырудан, назардан тыс қалды, демокра­тия­лық бағыт ұстанған депутаттар да ұлт­тар­дың әлеуметтік әділетсіздікке қарсы кү­ре­сіне уақыт талабы тұрғысынан қарай ал­мады, мұның өзі антогонистік қай­шы­лық­қа қайта алып келетінін елемеді, ес­керіл­меді, бірақ көтеріліске қатысты оған кі­нәлі, жауапты адамдар мен ведомствалар ба­тыл сыналды, аяусыз әшкереленді, олар­дың елді масқаралық жағдайға алып келіп тірегені кешірімсіз нәрсе, қылмыстық акті ретінде қаралды.
Ал енді Түркістан мен Қазақстанның да­лалық облыстарындағы көтеріліс туралы депутаттардың сауалын талқылау жөніндегі IV Мемлекеттік Думаның мәжілісінде қа­рал­ған мәселелерге қазақ қайраткерлері ат­са­лыса алды ма, жоқ па, ал атсалысса қан­­дай формада олар бұл маңызды шараға өз­дерінің ұсыныстарын өткізе алды деген сұрақ та туары сөзсіз. Өйткені қаралып, тал­­қылауға салынып отырған мәселе бұра­та­на халықтардың, әсіресе, қазақтардың өзі­не қатысты мәселе еді. Зерттеуші Дархан Қы­дыралиев «Мұстафа Шоқай» атты еңбе­гін­де бұл мәселеге Мұстафаның атсалысқа­ны­на тоқталған, ол Ә.Бөкейхановтың «Қа­зақ» газеті бетінде Дума мүшелерін көтеріліс болған жерлерді өз көздерімен көріп тексеруге шақырған ұсынысы жарияланғанын, соған байланысты Дума депутаттары оның шақыруына үн қатқанын, Ә.Бөкейхановтың Мұстафаны бірнеше Дума мүшелерімен та­ныстырғанын өз зерттеуінде атап көрсетеді. Түр­кістан өлкесіндегі көтеріліс болған жерлерді тексеріп, зерттеу үшін Мемлекеттік Ду­маның жанындағы мұсылман фрак­ция­сының жетекшісі Құтлық Мұхамет Тевкелев, мұсылман фракциясының мүшесі Шә­кір Мұхамедияров және Александр Керенскийдің іссапарға шыққанын, бұл топ­тың ішінде Мұстафа Шоқай аудармашы ретінде қатысқаны туралы мәліметті кел­тіреді. Дума мүшелері 1916 жылғы тамыз айында Түркістан өлкесіне жолға шығады. Олар Самарқанда, Ферғанада, Жизақта бол­ып, жермен-жексен етіліп қиратылған қа­ланы көреді, Әндіжанда болып қайтты. Зерттеуші М.Шоқайдың жергілікті патша әкімшілігінің әділетсіз, жөн-жосықсыз, бел­ден басқан заңсыз іс-әрекеттеріне, қара шекпенділердің жүгенсіздіктеріне, жазалау отрядтарының ойранына қарсы күрескенін, қираған, бүлінген елді мекендерде болып, босып кеткен халықты қайтарып алуға ба­ғыт­талған қайырымдылық шараларын ұйым­­дастырғанын, қаражат жинағанын атап өтеді.
Мұстафа Шоқай Ә.Бөкейхановтың әре­кет етуі нәтижесінде Думаның мұсылман фракциясының жанындағы бюроға өкіл болып қабылданады. Ол бұратана халық­тар­дың аяққа тапталған құқығын қорғау үшін Дума мінберін пайдалануға күш салды, сол үшін Керенскийдің алдына көтері­ліс­ке қатысты нақты мәліметтерді, дүрбе­лең­ді аяусыз басып жаншыған жазалау­шы­лардың тізімін де көрсетіп берді деп жазады зерттеуші. Демек, 1916 жылғы көтеріліс ке­зінде М.Шоқай да халқынан тысқары қала алмады. Ол жағдайдың барысын бақылаушы болып қала алмады, оның Дума мүшелері делегациясының ішінде болып, олардың жұмысына қолынан келгенінше көмектесуі бұл патриот азамат атқаратын іс еді.
Алайда, М.Шоқай да 1916 жылғы кө­тері­ліске байланысты Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов ұстанған бағытта болды. Ол да көтерілісшілерді тікелей қол­да­мады, оларға бағыт-бағдар бере алмады, сон­дықтан да Д.Қыдыралиев «Мұстафа «Қазақ» газетінің ұстанымын қолдады» деп жазды. Ал бұл газет көтеріліске байланысты ымы­ра­ластық бағыт ұстанды, үкіметтің шеші­міне қарсы үгіт-насихат жүргізе алмады, керісінше патша жарлығын орындауға көн­ген дұрыс деді, осындай позицияда тұрды. Солай болған күнде де қалыптасқан жағдай­ға орай Ә.Бөкейханов өз мүмкіндігінің ше­гінде патша үкіметінің жергілікті жердегі қанды іс-әрекеттеріне тосқауыл қоярлық жол іздегені де мәлім еді, сол мақсатпен Мем­лекеттік Дума депутаттарымен, оның мұсыл­ман фракциясы мүшелерімен байланыс жасап, Түркістан өлкесі мен Қазақ­стан­ның далалық облыстарында маусым жар­лығын жүзеге асыру барысында патша үкі­меті тарапынан ұйымдастырылған заң­сыз шараларға жол бермеу бағытындағы жұ­мыстарға депутаттық сауал ұйымдас­тыру­ға ықпал етті; сауал соғыс, ішкі істер, Юс­тиция министріне бағытталады.
Белгілі ғалым тарихшы К.Л.Ес­­­­­ма­ғам­­бетовтың «Әлем таныған тұл­ға» (А., 2008) атты М.Шоқай туралы зерт­теуін­­де М.Шоқайдың мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясының жанынан құрыл­ған бюроның жұмысына қатысуы жайына тоқталған. Бұл бюро 1916 жылғы ақпан айын­дағы мұсылман фракциясының мә­жі­лісінде ұйымдастырылады. Бюроның құра­мы­на Кавказ, Түркістан, Қырым өкілдері мү­­шелікке тартылады, Солтүстік Кавказдан А.Цаликов, Қазақ уәлаятынан Ә.Бө­кей­ханов, Уфа губерниясынан Ш.Мұ­хаме­дия­ров, А.-З.Валиді кіреді. Кейіннен бюроға мү­шелікке М.Шоқай енген. Мемлекеттік ду­мада 1916 жылғы көтеріліске байланысты баян­дама жасауға М.Ю.Жафаровқа көмек­тесу үшін материал жинау мақсатымен М.Шоқай 1916 жылғы 10 тамызда Қ.-М.Тев­ке­лев, Ш.Мұхаме­дияровпен бірге Ташкентке келді, А.Ф.Керенский бұлардан сәл ертерек 3 тамыз күні бұл жерге жеткен еді деп көр­сетеді зерттеуші. М.Шоқай көтеріліс бол­ған жерлерге Дума мүшелерімен бірге ба­рып, ойрандалған ауыл, қыстақ, қала­лар­ды өз көзімен көріп, тағылықпен жаса­лын­ған зорлық-зомбылықты, хайуандықпен істелінген іс-әрекеттерді басынан өткерген көп­теген адамдармен сөйлеседі, олардан де­рек-мәлімет жинайды. Қ.Есмағамбетов «Ке­ренскийдің де баяндамасына М.Шо­қай­дың ықпал жасағаны байқалады», деп атап өтеді. Бірақ зерттеуші қалай ықпал жаса­ға­ны жөнінде қолында нақты дерек бол­ма­ғандықтан «байқалады» деп баяндайды, шы­нында Дума мүшелері делегациясы құра­мында болып талай уезді, қалаларды ара­лап қайтқан М.Шоқайдың жинаған ма­териалдары мен айтқан ұсыныс-пікірлерін Жафаров өз баяндамасын даярлау кезінде пайдаланған болуы керек деген логикалық қи­сынға алып келеді, алғыр азаматтың де­мок­­ратиялық блоктағы Дума мүшелеріне ық­пал, әсер етуі шындыққа қайшы кел­мей­ді.
Азаттық жолында арпалысқан жылдарға қатысты архив құжаттарында инженер М.Тынышпаевқа байланысты біршама мә­лі­меттер, деректер бар, бұл материалдардың бар­лығы да дерлік оның 1916 жылғы кө­тері­ліске байланысты көзқарасын, ұстанымын анық­тауға мүмкіндік береді. Көзқарасы пат­шаның жергілікті жердегі агенттеріне кү­дік туғызған Тынышпаев 1916 жылдың ішін­де бірнеше рет тергеушіге жауап беруі­не тура келген. Сондай құжаттың бірі 1916 жылғы 28 қараша күні Верный округтың соты тергеушісінің М.Тынышпаевты тергеу туралы Ташкент бітімгерлік (мировой) со­ты­ның судьясына жіберген талабы болып та­былады. Семиреченск темір жолы Черняев станциясында тұратын инженер М.Ты­ныш­паевтың 1909 жылдан 1916 жылғы
17 шіл­деге дейін Семиреченск облысының қа­зақ­тарының тұрмыс-тіршілігінен қандай мә­лімет оған белгілі, осы жылдар ішінде олар­дың өмірінде қандай өзгерістер болды, ағымдағы уақиғаға қалай қарайды, патша жарлығына қарсы шығуларына не себеп болған, сондай-ақ 1916 жылы күз айында Се­миреченск облысына барған кезінде қа­зақтардың көтерілісіне қатысты қандай жағ­дайлар мәлім болғандығы жөнінде тергеу алыну талап етілген. Бұл тергеу не үшін қа­жет болғаны, әрине белгілі.
1917 жылы 22 ақпанда құпия деген грифпен Куропаткин ІІ Николайға 1916 жылғы өл­кедегі көтерілістің себебі мен барысы жә­не оны басу жөніндегі әкімшілік қабыл­даған шаралары туралы рапорт жолдады. Түр­кістан өлкесінің «жарты патшасы» рапортында көтеріліс деген сөзден қашың­қы­рап айтарлықтай тәртіпсіздіктің тууы ар­мия­ның тылына жұмысшыларды алу жө­­нін­дегі патша жарлығын 1916 жылғы
28 мау­­сымда ішкі істер министрінің те­лег­рам­ма­мен жіберген хабары себепші болды деп көрсетті. Ол көтерілісті басып жаншу үшін өзі­нің тікелей қатысуымен жасалынған әс­ке­ри іс-қимыл жоспары көрсетілген 7-кар­та­ны рапортында қоса тіркеп ұсынды. Сыр­­­дария облысы (№2-карта), Ферғана об­­лысы, (№3-карта), Семиреченск облысы (№4-карта) аймағындағы бүлікті де көрсете оты­рып, онда қаза тапқан орыстардың және әс­кери бөлімдерден мерт болғандарының са­нын келтіреді, бірақ та көтеріліске қа­тысушылардың адам шығыны туралы мә­лі­метті мүлде ауызға алмайды, оған тоқтал­майды да. Соңғы 30 жыл бойы Түркістан хал­қының ішіндегі әр түрлі топтарының өз­дерінің жағдайына деген наразылығы қор­даланып қалуы да көтерілістің бір себебі болды деп жазуға мәжбүр болыпты өлкенің «жар­ты патшасы». 1916 жылғы оқиға патша әкім­шілігінің Түркістан өлкесінде отба­сы­лардың тізімін алмағанын, сондай-ақ ха­­лықты жасына қарай тіркеу жүргі­зіл­ме­генін де көрсетіп берді. Патша үкіметі халықтың жалпы санын, малының есебін, отарлық мүдде үшін қазба байлықтарын, алынатын салықтың есебін жүргізгенімен, халықты жасына қарай тіркемеген болып шықты, қазіргі тілмен айтқанда, туу туралы куәлік бе­ріл­меді. Тіпті кеңес одағы кезінде рес­пуб­ли­када колхозшылардың отбасы 1970 жылға дейін паспортсыз, анықтамамен жүріп-тұрғаны мәлім.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, тарихи тұрғыдан алғанда, ақпан, қазан ре­волюцияларының шын мәніндегі хабаршысы болды, сондай-ақ 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де Кеңес одағында қатты толқу ту­ғызып, Балтық жағалауындағы рес­пуб­ли­калардың демократиялық қозғалысына ықпал етіп, ақыры Кеңес Одағының ыдырауына алып келген серпінді дүмпудің бас­­тамасы болғаны да ақиқат. Бұл тарихи парал­лельдің қазақ жерінен басталуында да бір тарихи заңдылық жатқан жоқ па екен! ХХ ғасырда қазақ жері сөйтіп дүниені түбір­лі өзгерткен серпілістің кіндігі – эпицентрі болғанын да атап өткен жөн. Мұның өзі кез­дейсоқтық емес. Ал 1961 жылы ғарыш қақпасын тағы да қазақ жерінен ұшырылған ғарыш кемесі ашқаны мәлім. Содан әлемде ғарышты игеру дәуірі басталды. 50 жылда ел жаңа деген, 70 жылда дүние дидары мүл­дем жаңарып, қалыптасқан социалистік жүйе әп-сәтте-ақ ақыры ыдырап кетті. Бі­рінші дүниежүзілік соғыстың ақыры Қазан революциясының жасалуына алып келіп, капиталистік жүйе күйреп, бір елде тұңғыш рет социалистік жүйе дүниеде салтанат құр­­са, ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жаңа социалистік елдер жүйесі орнап, дүние екі лагерьге бөлінді. Бұл екі жаһандық со­ғыстың да ақыры қасіретпен бірге жаңа жүйе­нің орнығуына алып келгені мәлім. Со­ның салдарынан дүние жүзінің саяси кар­тасы түбегелі өзгерді. Тарихтағы ұлы дүр­белең алдындағы ұлы репитицияны та­рих қазақ елінің маңдайына жазғандай ма, қалай!
Мұхтар Қазыбек.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір