Қоқырбай және қызыл әтеш
10.02.2017
1906
0

ТАУЫҚ ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!
Тауық жылында келіндер мен келіншектер тауықша «жұмыртқалап», әр шаңырақта қазақтың «қара домалақ» балапандары топырлап жүрсін!

Қайын атасы мен қай­ын енесін аса ұнатпайтын Қо­қыр­бай қорасында тауық­тар­ға «қоқиланып» жүрген қызыл Қоразына қызыға қарап:
– Шіркін!.. Қызыл әт­еш қандай бақытты! Қы­рық шібиі болса да, миын «шірі­те­­тін» қайын атасы мен қа­йын енесі жоқ! – депті мұңайып

* * *
Әйелінен «қатты таяқ жеп» шыққан Қоқырбай ауласында тауықтарды қуа­лап жүрген қызыл Әтешті көріп:
– Ә, қу құдай! Маған Қо­раз құрлы бедел бер­ме­дің- ау!.. Ол қырық тауықты тыр­қыратып қуып жүреді. Ал мен, бір қатыннан қаш­қан­да паналайтын жер тап­паймын, – деп өкініп­ті.

* * *
Көңілдес көрші келін­шектің үйінен шыққан Қоқырбай сол үйдің ауласында, сол келіншектің та­уық­тарын қуып жұрген өзі­нің қызыл Әтешін көріп:
– Әй, ақымақ, сен де осында жүрсің бе? Саған өзіміздің қырық тауық аз болды ма? – депті, қора­зы­на ренжіген Қоқырбай. Сонда Әтеші адамша сөй­леп:
– Әй, Қоқа! Біз саған «оққағар» болып, қауіпсіз­дігіңді қамтамасыз етуге келіп едік. Енді бұл жерден бәріміз «туыс» болып қай­та­тын болдық. «Ит иесіне тартады» дегендей, Бөрі­ба­сарың осы үйдің қара Қаншығының қасында жатса, Муркаң әне, Ала ­мы­­сықты айналдырып ал­ды.. Бажалығымызды жуайық, Қоқа! – депті қызыл Әтеш «қоқақтап».

* * *
Бір кәрі әтеш жас ші­биді ары қуып, бері қуып же­те алмапты. Содан өзін-өзі жұбатып:
– Жас шібидің жеткіз­бегені де дұрыс болды. Ме­нікі жәй үлкен тауықтарға қыр көрсетіп, олар: « – Е, мы­на әтеш қартайғанда тек қана жас шібилерге қа­райтын болған екен ғой» деген қызғаныш тудыру емес пе, әйтпесе менен «қауқар» қайтқалы қашан… Қайран жастық- ай!.. – деген екен күрсініп.

* * *
Әтештер қарамастай болып қартайған Қара­ та­уық жұмыртқала­мақ болып, күлге аунап көрейін деп, көміліп жатады. Бір кез­де үстінен қатты басқан ауыр салмақты сезеді. Қуанып кеткен Қара тауық көмілген күлден басын шы­ғарып, жан-жағына қарап:
– Басып жатқан Қоқыр­бай­дың қызыл Қоразы екен десем, Апырбай алқаш­тың арбасы екен ғой… – депті қапаланып.


 

Бәрі бар бізде, бәрі бар!

«Ағаларда» бәрі бар:
«Сол жағада» бәрі бар!
«Көк үйдегі» шіренген,
Шонжарларда бәрі бар!

Премьерде бәрі бар!
«Ірілерде» бәрі бар!
Жәй халықтың жағдайы –
Шығар-шықпас жаны бар!

Үкіметте бәрі бар!
Депутатта бәрі бар!
Олигарх, кәсіпкер,
Әкиматта бәрі бар!
Прокурорда бәрі бар!
Парақорда бәрі бар!
Ал жұртшылық несиесін,
Төлей алмай зар жылар!

Мұнай да бар, газ да бар!
Алтын – байлық– қазба бар!
Офшорларға миллиард
Аударады «Мырзалар!».

Полицей бар, Сот та бар!
Жазықсыздар сотталар!
Тыныштықты бүлдірер
Террористтік топ та бар!

Холдинг бар, Банк бар!
Триллионерлер анық бар!
Баспана жоқ, жұмыс жоқ
Тентіреген халық бар! Билік қашан халықтың,
Қамын ойлап, «жарылқар?..».

Аймұханбет Бейсембеков

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір