АҚПАН МЕН ҚАЗАН АРАСЫ
03.02.2017
5013
0

Рашид ОРАЗОВ,
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері

– Ерте кезден тәуелсіздігін аң­са­­ған, сол жолда бірнеше жыл бойы ұлт-азаттық күресін жалғастырған бо­­дан елдер неге патшаның тақтан құ­лауын өз мақсат-мүддесіне сай пай­далана алмады? Мұның тарихи се­бептері не?
– ХІХ ғасырдың алпысыншы жыл­­дары Ресей империясының то­лық отарына айналған қазақ елі тәуел­сіздік үшін күресін үздіксіз жал­ғастырып отырғаны тарихи де­рек­терден анық байқалады. Пат­шалық Ресей империясының отар­лауына қарсы бағытталған, Сы­рым Датұлынан кешегі патшаны тақтан тайдырған ақпан төң­кері­сіне дейінгі уақыт аралығын алып қарасақ, қазақ даласындағы кө­терілістер мен наразылық тол­қулар бір сәт толастамай азаттыққа деген ұмтылыстың өміршеңдігін көр­сетті. Дегенмен, біз мына мәсе­лені де ескергендігіміз жөн. ХІХ-ХХ ғасырларда әлемдік державалар озық технологияны меңгеріп, иге­ріп жатқанда, өкінішке қарай қа­зақ қоғамы бұл көштен артта қалып қой­ды. Сол үшін де ғасыр басында Алаш зиялылары ұлттың рухын кө­теру үшін «Оян, қазақ» деп ұран­дады.
1916 жылы майданға қара жұ­мыс­қа бала бермейміз деп нара­зы­лық білдірген қазақтар мұздай қару­ланған патша әскері тарапынан жаншылып, жазаланды. Со­ның салдарынан шетел асуға мәж­бүр бол­ды. Қытай асқан қа­зақ­тардың тағдыры өте аянышты болғаны мұра­ғат деректерінде анық жазыл­ған. Алаш зиялылары уақытша би­лік кезінде жергілікті басқару би­лігіне тартылып, осы жолда қыз­мет етті. Патша тақтан құлаған 1917 жылды ұлт зиялысы Ахмет Бай­тұр­сынұлының сөзімен айтсақ: «Ақ­пан төңкерісін қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, біріншіден, бұл төңкерістің нәтижесінде патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтыламыз, екіншіден, өзімізді-өзіміз басқаратын автономияға қол жеткіземіз деген үміт басым болды» деп түйіндейді. Ақпан төңкерісінен соң патшалық биліктен құтылған қа­зақ халқы ғасырлар бойы аңса-ған ұлтының арманы орындалып, тең­дікке қол жеткізетін сәті туды деп түсін­ді. Осыған орай 1917 жылы нау­­рыздың тоғызына «Қазақ» га­зеті: «Киіз тұғырлы қазақтың оң жа­ғынан ай, сол жағынан күн ту­ды, жақсылық қуаныш жалғыз ға­на орыстікі емес. Отаны Россия бол­ған жұрттың бәріне тегіс жақ­сы­лық, бәріне тегіс қуаныш», – деп жаз­ды.
Кешегі алып Кеңес Одағы ыды­ра­ған кезде де Қазақстан неге өз тәуелсіздігін өзге одақтас респуб­ли­­калардан кеш жариялады деген­нің астарында да отарлық өктем­дік­­тің сан салалы озбырлығы жат­­­қандығын тарих беттерін па­рақтаған адамдарға белгілі жайт екен­дігін еске салудың артық­шы­лығы болмас.
– Ақтар мен қызылдар текетіресі қазақтардың тарихи жағдайына қа­лай әсер етті?
– Қазан төңкерісінен кейін Ре­сей­де басталған Азамат соғысы, яғ­ни ақ пен қызылдар соғысының зар­дабы Қазақстанды да шарпыды. Қа­зақ үшін ағы кім, қызылы кім – түсініксіз еді. Ағы кеп қазақ ауылын бір шапса, аққа көмек көр­сет­тің деген желеумен қызылы екі шап­ты. Зардап шеккен – жергілікті халық. Түсі мен идеологиясы өз­герген ақ пен қызыл қазақ үшін сол орыс еді. Қызылдармыз деген бет пердені жамылған большевиктер 1916 жылғы көтерілісте қазаққа кет­кен кегіміз деп кей ауылдарды жермен жексен еткені де ақиқат. Азамат соғысы кезінде көшпелі қа­зақтардың арасында азық-түлік салығы қатаң жүргізілді. Мал шаруа­шылығымен айналысатын көшпелі халықтардың малын күш­теп тартып алу үйреншікті әдетке ай­налады. Астық екпейтін аудан­дарға астық салығы салынады.1916 жы­лы басталған дүрбелең 1920 жыл­ға дейін қазақ ауылдарын сан­сы­ратты. Әсіресе азамат соғы­сы­ның зардабы қазақтарға өте ауыр тиді.
– Ресей билігі мен қоғамындағы өзгерістерді қазақтың пайдасына ше­шу үшін қазақ зиялыларынан құ­рал­­ған басқару жүйесі жалпы ха­лық­тың пайдасына қызмет ете алды ма?
– 1917 жылғы Ақпан төңкерісін қа­зақ халқы зор қуанышпен қарсы ал­ды. Әсіресе, қазақ зиялылары пат­ша билігін құлатқан бұл төң­керісті жаңа саяси жүйені құруға мүмкіндік береді деп түсінді. 1917 жылы 20 наурызда Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Шоқай өздерінің Алаш ұлына деген үндеуін Қазақ газетінде бастырып, былай дейді: «Азаттық таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Кеше ғана құл едік, енді бүгін теңелдік. Қам көңілде қаяу­дай арман қалған жоқ. Неше ғасыр­дан бері жұрттың бәрін қорлықта ұстаған, құлдықта ұстаған жауыз үкі­мет өзгеге қазған оры өзіне ша­ғын көр болып, қайтпас қара са­парға кетті деп қуанды». Бұл үндеу­де Алаш қайраткерлері қазақ хал­қын Уақытша үкіметті қолдауға ша­қырды. Әсіресе, патша үкіметі мен оның жергiлiктi билік орын­да­рының құлатылуын, облыстар мен уезд орталыктарында патша әкiм­шiлiгiнiң неғұрлым реакцияшыл өкілдерiнiң тұтқындалуы мен қыз­меттерiнен қуылуын Түркiстан мен Қазақстан халықтарына келешекке деген үміт отын жақты.
Ұлт зиялылары 1917 жылы шіл­де, желтоқсан айларында Орынборда жалпы қазақтық Алаш съезін өткізіп, ұлттық мемлекет құруға тал­пынды. Сонымен қатар, 1917 жыл­ғы қарашада Қоқан қаласында болып өткен IV төтенше өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан өл­кесін жергілікті халықтардың сая­си тәуелсіздігін қамтамасыз етуді мұрат тұтқан автономия жариялап, сонымен бірге оның құрамындағы «тұрып жатқан басқа да халық­тар­дың құқығы толық сақталатын­ды­ғын салтанатты түрде мәлімдейді». Түркістан автономиясын жариялай отырып, М.Шоқай мен оның серіктері бұл мақсатты іске асыру­дың қаншалықты азапты, күрделі екендігін жақсы түсінді. Ол съезде сөйлеген сөзінде: «Сіздер бірден толыққанды мемлекет құрғы­ла­рыңыз келеді. Ал ол үшін бізде адам жоқ, мүмкіндік жетімсіз, әс­кер құрылмаған. Россия қанша­лық­ты құлдырау кезеңінде десек те, бізден әлдеқайда қуатты… Жа­рия­лай салу оңай, алайда біздің жағ­дайымызда оны сақтап қалу өте қиын», – деген ойды айтады.
Большевиктер 1917 жылғы сәуір­де Петербургта өткен өз кон­фе­ренциясында мынандай мә­лім­деме жасаған болатын: «Ресейдің құра­мына кіретін езілген халық­тар­­ға Ресей мемлекетінің құра­мында қалу немесе дербес мемлекет болып бөлініп шығу мәселесін өздігінен шешуге құқық берілуге тиіс». Боль­шевик­тердің шынайы тәуелсіздік пен демократия жолы деп келген қазақ даласындағы Кеңес өкіметінің жеңісі, іс жүзінде пат­шалық Ре­сейдегіден де күшті дик­татураға, бюрократиялық жүйені орнатуға апаратын жол бо­лып шықты. Ал Қазан төңкерісі жө­нінде А.Байтұрсынов: «Біз үшін Қа­зан төңкерісінің мәні еш түсі­ніксіз болды», – деп дәл бағасын берген болатын. Әсіресе, қазақ да­ласындағы оқиғалар жергілікті ха­лықтың революциялық белсен­ділігі емес, сырттан әкелінген факторлардың жемісі болды. Қазақ даласындағы Кеңес өкіметі әрбір қа­лада, ірі мекендерде қызылгвар­дия­шылар мен жұмысшы әскери жа­сақ­тарының қылышына сүйене оты­рып құрылды. Міне, осы жағ­дай­да ұлт зиялыларының құрған мем­лекетін большевиктер мойындамай оны әскер күшімен жойды.
М.Шоқай Ресейдегі 1917 жылғы Ақ­пан революциясы жеңіске жет­кен­нен кейінгі халық үмітінің ақ­тал­мағанын былай деп жеткізеді: «1917 жылғы Ресей революциясы бол­­ғалы он тоғыз жыл өтті. Бұл ре­­волюцияны шын көңілден сүйсі­не, тебірене қарсы алғанымыз әлі есімізде. Түркістандықтардың кө­бісі, әсіресе қарттар 1917 жылғы революцияны Ресей мен Түркістан­ның аражігін айырған 1916 жылғы Түркістан көтерілісінің заңды жалғасы деп қабылдаған еді. Әттең бұл қуанышымыз ұзаққа бармады. Революция үмітімізді ақтамай, сенім­нен айырды, алданып қалға­нымызды айқын көрсетті. Байтақ еліміз құрбан болған перзенттерінің қаны мен тәніне толы болды. Түр­кістанның мыңдаған жігіттері бе­тіне жаңа перде бүркенген ескі отар­­шылдыққа қарсы күресте опат бол­ды».
Қазан төңкерісі арқылы билік­ке ие болған большевиктер қазақты ұлт ретінде жоюдың неше түрлі құитұрқы саясаттарын қолдан жа­сағанын тарих ешқашанда ұмыт­пайды.

Әңгімелескен Қ.Серікқызы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір