Жолдауға – қолдау
03.02.2017
3471
0

Қазақ жұрты тәуелсіздік босағасынан аттағалы бері әлемнің алпауыт елдерімен үзеңгі қағыстыруға талпынды. Осы мақсатта Елбасы Н.Ә.Назарбаев бүгінге дейін қаншама нақты реформаларды жүргізгені белгілі. Президенттің сарабдал саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарышты даму жолына түстік. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы Жолдауының мақсаты һәм негізгі мағынасы елімізді жаһандық бәсекеге қабілетті ету.


Осы орайда «Биылғы Жолдаудың ұлт жолындағы маңызы қаншалықты?» деген сауал ізімен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева және Украинадағы Демократиялық даму зерттеу институты директорының орынбасары, философия ғылымының докторы А.С.Кравчикті сөзге тартып көрген едік…


 

Динар НӨКЕТАЕВА,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты

Жолдаудан – кемелді келешекке

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауынан дамудың жаңа белестерін айқындайтынымыз анық. Бұл жолғы бас құжаттың маңызы бұрынғы Жолдаулардан аса айрықша. Елбасы атап өткендей, Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші мүше­ліне аяқ басты. Әлем бойынша дамыған елу елдің қатарына еніп, ендігі мақсатты отыздықтың қатарына бағыттадық. Оның орындалуы үшін Президент нақ­ты­­­лап берген жоспарды бірлік пен береке­міз жарастырып, жүзеге асыруымыз шарт.
Жолдаудағы бес негізгі басымдықтың төртіншісіне тоқталғым келіп отыр. Яғни адами капитал сапасын жақсарту. Төртін­ші басымдықтың бірінші тармақ­шасында Президент «Мектептердің және мұғалім­дердің деңгейі, ауыл мен қалада әр түрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар» деп маман даярлау мәселесіне ерекше мән беріп өтеді. «Еліміздің үшінші жаңғыруына алғашқы қадамды қалай бас­таймыз?» дегеніңізге жауап осы тұстан шықпақ. Қазақстан Республикасының әр азаматы Жолдаудың өз қызметіне бай­ланысты бағыты бойынша іске кірісу керек. Білікті педагог дайындау мәселесі біздің және барша ЖОО-ның алдына жүктелген міндет болып саналады. Өзім басқаратын «ұстаздар ұстаханасына» айналған Қыздар университетінің басты миссиясы да – осы.
Білімді ұрпақ – біздің жарқын бола­ша­ғымыз! Ал келелі келешекті тәр­бие­лейтін педагогтар қауымы. Сол себепті де, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың негізгі күш­ті адам капиталын жақсартуға салып отыр­ғанының астарында үлкен мән жатыр.
Ұлттың қалыптасу көрсеткіші еш­қашан өздігінен жақсармақ емес. Халыққа нақты бағыт-бағдар көрсетіп, жол сіл­те­генде ғана солай болмақ. Елбасы Жол­дауы­ның мән-мағынасы осында деп біле­мін. Ұлттың сапалы, білімді, білікті, бай болмағы саяси-экономикалық ахуалдан болса керек. Мұның шешуін жиырма бес жыл бұрын ойластырған Елбасы сол уақыттан бері екі жаңғыру кезеңін сәтті жүзеге асырды. Енді, міне, Қазақстан да­му­дың жаңа дәуіріне қадам баспақ. Сондықтан ұлттың беріктігі, бекемдігі үшін Жолдауды сараптап қана қоймай, белсене іске кірісуіміз керек. Сонда ғана еліміздің келешегі кемелді болмақ!


 

Антон КРАВЧИК,
философия ғылымының докторы,
МГУ-дің доценті (Одесса), Демократияны дамыту зерттеу институты директорының ғылыми орынбасары (ДДЗИ), Одесса, Украина

ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЖОЛЫН ТАҢДАУ

2017 жыл 31 қаңтарда ҚР Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз халқына «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауын жолдады. Елбасы­ның жыл сайын мемлекет алдындағы келелі мәселелері мен жоспарлары көрініс тапқан өз халқына Жолдауы түп тамырын Америка Президентінің АҚШ Конгресін шақыруынан бастау алады. Қазақстанның саяси жүйесіне Президент Жолдауы 1997 жылдың қазан айынан бастап енді. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Барша қазақ­с­тан­дық­тардың әл-ауқатының жақсаруы мен қауіпсіздігі», яғни көпшілікке «Қа­зақс­тан – 2030» стратегиясы деп танылған алғашқы жолдауында қоғамның алдына мемлекет тәуелсіздігін бекемдейтін ұзақ мерзімдегі мақсаттар қойылды. Бұл Жолдауларды оқу, Украина азаматы – мен үшін бір ғанибет. Мемлекет басында оны гүлдендіруге шынайы берілген басшысы тұрғанда Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіретіндігіне ешқандай күмән келтірмеймін. Жолдауда мынадай жолдар келтірілген: «Нұрлы жол» және Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» сынды эко­номи­калық саясаттың арқасында ауыр жаһандық трансформацияның бастапқы кезеңінен қиындықсыз өтеміз. Тек 2014-2016 жылдары ғана экономиканы қол­дауға
1,7 триллион тенге бөлінді. Мұның бәрі де экономикалық өсу мен бизнесті қолдап,
200 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарының іске қосылуына мүмкіндік тудырды». Бұған қызыға да, қызғана да қараймыз. Біз, украиналықтарға, мемлекет басына
25 жыл бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы сынды жоғары деңгейде ой өрбітетін, көреген басшының келмегені өте өкінішті.
Украина мен Қазақстан – бүгінде жер мен көктей. Президент Жолдауында мынадай жолдар бар: «Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асты. Мен үшін ең маңыздысы, біз­дер­дің бірлесе отырып, елімізді азамат­тық соғыс пен экономикалық күйреуден аман алып қалғандығымыз». Украина мұны жасай алған жоқ. Сондықтан да елде қиын жағдайлар орын алды. «Қа­зақ­с­тан сонау кезеңдерді аз жоғалтулармен, көп табыстармен өткерді. Екінші жаңғыру «Қазақстан – 2030» стратегиясын қабыл­дау мен жаңа Астананы салудан басталды. Оның нәтижелері даусыз. Мемлекет экономикалық артта қалушылықтан бә­секеге қабілетті 50 елдің қатарына кірді. Екі табысты жаңғыру­лар бізге баға жетпес тәжірибе берді. Енді біз алға қарай бекем басып, Үшінші жаңғыруды бастауымыз қажет. Бұл жаң­ғыру – ағым­дағы жаһандық мәселелермен күресу жоспары емес, тиісінше болашақта «Қазақстан – 2050» стратегиясына барардағы сенімді көпір. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» негізінде іске асады». Бұл жерде де Украинамен салыстырмай кете алмаймын. Украиналықтар өздерін бір ұлт деп ойламайды. Мысалы, кезінде Галициядан қоныс аударып, Украинаға сіңісіп кеткен галючандар Оңтүстік Шығыстағы орыс тілді украиндықтарды мемлекеттің өсіп-өнуіне ешқандай шешім қабылдай алмайтындар деп есептейді. Осындай келіспеушіліктің арқасында Донбасстағы соғыс келіп шықты.
«Бірінші басымдық – экономиканы жедел түрде технологиялық жаңғырту. Біз сандық технологияларды қабылдау арқылы жаңа индустрияны қолдауға тиіспіз. Бұл маңызды кешенді тапсырма. Елде 3D-басу, онлайн-сату, мобильді банкинг, сандық сервистер, сондай-ақ, денсаулық сақтау мен білім беру сынды келешегі бар секторларды дамыту қажет. Мұндай өнеркәсіптер экономикалық дамыған елдерде құрылымын өзгертіп, жаңа сапалы дәстүрлі дамуға ауысқан». Мұны оқи отырып, Украина мен Қазақс­тан екеуі екі ғаламшарда немесе басқа дәуірде өмір сүріп жатыр ма деген ойға қаламын. Сіздер болашақты ойлаудасыздар, ал украиналықтар қалай өмір сүру мен коммуналдық төлемді қалай төлеп, аш қалмаудың қамымен жүр. «Бұл жерде маңызды фактор – Төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін кеңінен енгізу. Бұл – автоматтандыру, жұмыстан­дыру, жасанды интеллект, «үлкен деректер» алмасу және т.б. Үкіметке бизнеспен бірге негізгі өнеркәсіпті технологиялық қайта жабдықтауды 2025 жылға дейін дайындауды тапсырамын».
Қазақста Республикасы – әлемдік басқару ізімен бармай, өз экономикасы мен тағдырын тәлкекке салмаған елдің жарқын үлгісі. Мен Украинада емес, болашаққа деген нақты сенімі бар, Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңғыртуларын орындауда интеллектуалды әрі шығарма­шылық қабілеттерім бағаланатын Қазақстанда өмір сүргім келеді. Украинадан кетіп жатқандар – халықтың ең саналы бөлігі, олигархтардың табанын­дағы қанды балшыққа батпау үшін жаңа өмір іздегендер. Газ бен тұрғын үй қыз­мет­теріне тарифтердің көтерілуі, Украи­наның тұтынушылық қоғам мен әлеу­мет­тік қамтамасыз етуден олигархтық зом­би-капитализмге өтуі, толығымен орта класстың жетіспеуі – Аристотель заманынан белгілі демократиялық қалдықтың нышаны. Зомби-капитализм зомби-патриотизмнің астына жасырынып алған қазіргі жарнама-қоғамның көрсетілімі Украинаның өз билігіне құл болуынан көрініс береді. Украинаның осынау халге душар болуына себеп не? Мұндай шешімдер Киевтің деңгейінде шешілмесе керек… Қазір біз Украинада көріп отырған сценарий бір кездері әлемдік сахнада да орындалған. Осыдан 10 жыл бұрын Болгария, Румыния, Прибалтика елдері, қазір бізге жердегі жаннат­тай көрінетін Еуроодаққа енді ғана кірген кезеңде, тура біздің қазіргі жағдайдағы халге тап болды. Олар өздерімен осындай қатал «әзілді» ойнауға мүмкіндік берге­ніне өте қатты өкінеді.
Нұрсұлтан Назарбаев – өз халқының дамуы мен болашағын ойлаған ұлы елдің ұлы басшысы, Ұлт көсемі. Ол ақыр ая­ғын­да Украина секілді мемлекеттің құл­дырауына алып келген экономика мен сая­сатты олигархтандырудан сақтап қалып, әлеуметтік мемлекет құру жолын таңдады.

Бетті әзірлегендер Маржан ӘБІШ, Нұрлайым БАТЫР.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір