Бастөбеден бастау алған шабыт
20.01.2017
1287
0

Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде корей ұлты өкілдерінің Қазақстанда тұрып жатқанына  80 жыл толуына арналған суретші Виктор Мунның «Менің палитрамның қайнар-бұлағы – Бастөбе» атты жеке көрмесі ашылды.

Виктор Васильевич Мун КСРО және ҚР Суретшілер одағының мү­шесі, республикалық, бүкі­л- о­дақ­­тық және халықаралық көр­ме­лерге қатысқан. Н. Гоголь атын­да­ғы Алматы көркемсурет учи­­лищесін бі­тірген. Көрменің атауы сурет­ші­нің балалық шағы өткен Алматы облысы, Үштөбе ауылының маңын­дағы Бастөбеге бастап алып барады. Суретші дәл осы жер­ден өзінің шығармашылық жо­лын бастайды, осы мекен оған ша­быт беріп, күш дарытқан.
Көрмеге оның 80-нен аса кес­кіндемесі мен графикасы қойыл­ды. Суретшінің шығармашылығы ХХ ғасырдың басында кеңінен та­нылған кубизм бағытына тән. Бұл бағыттың негізін – П.Сезан, П.Пикассо және Ж.Брак сынды суретшілердің салғаны белгілі.    В.Мун 1974 жылдан бері Корей теат­рын­да бас суретші болып ең­бек ете­ді. «Чун Хян туралы аңыз», «37-Тран­зит», «Ағашты сілкудің қа­жеті жоқ», «Жарылыс» және т.б. спек­такльдерді безендірді. Оның «Тамұқ қоңыраулары» пьесасына жа­саған декорациясы жоғары ба­ға­ланып, нәтижесінде суретші театр және кино шығармашылық бір­лестігіне қабылданады. 1986 жыл­дан «Ара-Шмель» сатиралық жу­р­налында бас суретші болып ж­ұмыс істеді.
Қазақстандағы корей диаспорасы суретшілерді қолдап, мүм­кін­дігінше көрмелері мен басқа да ш­араларды ұйымдастыруға атса­лысып тұрады.
В.Мун қазақстандық және әлем­дік өнердің дамуына зор үлес қосты. Оның туындыларын              Ә.Қастеев  атындағы ҚР Мемле­кет­­тік өнер музейінің, ҚР Мемле­кеттік Орталық музейінің қорлары мен Қазақстан, Корея, АҚШ, Англия, Германия, Франция, Ресей, Мысыр, Жапония және әлемнің тағы да басқа елдерінің галереялары мен жеке коллекциялардан кез­дес­тіруге болады. Көрме 8 ақпанға дейін жалғасады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір