Жеңіс Кәкенұлы – жеңімпаз
20.01.2017
1929
0

Былтырғы жылы қараша айы­­ның соңында Лондонда «Open Eurasian Literature Festival & Book Forum — 2016» атты V ха­лық­аралық әдебиет фестивалі өт­ті. Қазақстандық «Bestseller KZ» әдеби агенттігін құрушы Бақ­тыгүл Маханбетова фестива­льге бақ сынау үшін бірнеше но­ми­нация бойынша қазақ жазу­шы­ларымен қатар, белгілі суретші Же­ңіс Кәкенұлының графикалық туын­дыларын қоса ұсынған бо­ла­тын.

График сурет­ші Жеңіс Кә­кенұлы жазушы Айгүл Ке­мел­баева­ның «Қоңыр­қаз» атты әңгі­месіне 20 шақты иллюстрация сал­ды. Ортаазия­лық талантты жас­тар қатысқан байқауда «Ил­люст­рация» атауы бойынша қа­зақ суретшісі Жеңіс Кәкенұлы биік тұғырдан көрініп, жүлделі II орын­ды иеленді.
Иллюстрация – шынайы әде­биет­тің  шырайын кіргізіп, көр­кем шығармаға шебер ин­тер­прета­ция жа­сайтын су­­рет­­­шілердің еркін кеңістігі. Жазушы мен суретші тан­демі кез келген ұлттық әде­биет үшін үлкен құндылық болып табылады. Қазақ әдебиетінде бұл жанр тым кенже дамып ке­леді. Жеңістің жетістігі келешекте бұл саланың күрт жандануына септігін тигізіп жатса, нұр үстіне нұр. Бұл суретшінің қолтаңба­сы­мен ұлттық құнары айқын көп дү­ние туды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір