Балаларға базарлық
20.01.2017
1478
0

Р.Филипованың «Зайчонок Тим и его друзья» ертегісі қазақ тіліндегі аудармасымен (А.Шаменов) бір кітапта қатар, синхронды түрде берілген. Айқара беттерге қатар берілуі орыс, қазақ тіліндегі текстерді салыстырып оқуға өте ыңғайлы көмекші құрал бола алады.

Көлемді ертегі 11 тарауға бө­лі­ніп, баланы қызықтырып оты­ратын тақырыптар қойыл­ған. Тақырыптар да екі тілде. Ер­тегінің өн бойында табиғат­тан сыр шертіп, жануарлар өмі­рі­нен, қоян, бақа, түлкі, қасқыр, аю, кірпілердің тіршілігінен ғы­лыми тұрғыда дәл суреттеулер берген. Бұл көріністерге ер­­тегілік сипат беріп тұрған бас­ты көркемдік элементтер жа­нуарлардың адамша сөйлеуі жә­не қарым-қатынастарының адам­дандырылуы, мұндай көр­кем­дік қозғалыстар жас бала­ның қабылдау мүмкіндігіне сай суреттелген. Ересек оқыр­ман­дар­ға қажетті сюжеттік байланыс, тартыстан гөрі бала қа­был­дауы­на ыңғайлы фабулалық баян­даумен жазылған. Бұл ба­ла­лар әдебиетінің негізгі талабы. Ертегідегі жануарлар өмі­рі­нің көріністері оқушы баланың мек­тептегі оқитын пәндерден ала­тын деректеріне сай келе­ді.
Ертегінің қазақша мәтіні ау­дарма жұмысының сөзбе-сөз ау­дару әдісімен жасалған. Қазақ ті­лі синтаксисіне, ауыз-екі сөй­леу үлгісіне жақындау болғаны дұрыс еді.
Жалпы, кітап балалар әде­бие­тіне қосылған қомақты, жақ­сы шығарма деп айтуға то­лық негіз бар.
Заманауи ертегі 5-8 жасар ба­­­лалардың оқуына ыңғайлы.

Рафат ӘБДІҒҰЛОВ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір