«Асартоғайдан» ассаңыз…
20.01.2017
1967
0

Атам заманғы тарихтан аты мәшһүр «Жібек жолының» бір бөлігі – бүгінгі Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай созылған Құлжа күре жолы. Күре жолдың қадірі мен оны басып өткен адамзаттың тағдыр-талайы оның екі жағын жағалай өскен теректерге жақсы таныс болар… Бала кезімнен күре жолдың бойымен ары-бері жүрген сайын осы ағаштарды қай уақытта, кім, қалай отырғызғаны туралы ой жетелейді де тұрады. Ағашты отырғызған сәт бір мезет болса да көз алдымнан кинолента секілді жүгіріп өтсе ғой деген арман көңіл түпкірінде бүлкілдейді. Кәрі көк терек үнсіз мүлгіп тұрғанымен қоршаған ортаны тазартып, көмір қышқыл газын ұдайы сіңіреді. Тарих қойнауындағы түрлі уақиғалардың жай-жапсарын да сабырмен ішінде сақтап тұрғандай… Ата-бабамыз қалдырған жаманды жинап, жақсысын бөліп беретін тал-дарақ отырғызу дәстүрі келер ұрпақ жалғайтын жақсы істің бірі. Қазақстандағы орманды алқап ел аумағының бар болғаны 4, 6 %-ын алып жатыр екен. Ал шөл және шөлейт жерлер 56 %-ын құрайды. 1 гектар жердегі орман сағатына 2 кг-ға дейін көмір қышқыл газын жұтады, бұл 200 адамның 1 сағатта бөліп шығаратын көмір қышқыл газына тең. Заман алға жылжыған сайын техника дамып, адамзаттың тіршілігін жеңілдеткенімен, қоршаған ортаға едәуір залалын тигізіп отыр. Кейінгі жылдары Қазақстанның орманды алқабын көбейту жолындағы нақты шаралар тек үкімет тарапынан ғана емес, жеке азаматтардың бастауымен де қолға алына бастады. Сондай азаматтың бірі – Сәуле Алипова. Сәуле Базарбайқызының достарымен әдеттегі әңгімесі ауылды қайтсек көркейтеміз дегенге келіп тірелген еді. Ойласа келе азаматтар адамзатқа да, табиғатқа да пайдалы ағаш отырғызу, айналаны көгалдандыру ісімен айналысуға бел шешеді. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылдық округының төмен жағынан 71 гектар жер телімін алып іске кірісіп кетті. Асартоғайда басталған іс орманды алқаптың 4,6-% ын одан әрі арттырады деп сенеміз. Бүгінде «Асартоғай – достар бағының» жұмысымен біраз адам хабардар. Тек ел ішінен ғана емес жақын шетелдерден де азаматтар келіп қолұшын созуда. Біз бүгін осы істің басы қасында жүрген Сәуле Алипованы әңгімеге тарттық.


Сәуле Алипова


– «Асартоғай – достар бағы» – жо­басын қолға алған екенсіздер. Жұ­мыстың барысы туралы айта өт­сеңіз?
– «Асартоғай – достар бағы» деп атаған себебіміз, бұл жобаны о бас­та достарымызбен бірге қолға ал­ған едік. Кейінірек әлеуметтік желі ар­қылы көпшіліктің талқысына ұсы­нып, бос жатқан жерді көгал­дан­дыру ісін бастағанымызды айт­қанда көп адам қолдады. Ал­ғашқыда бақ, тоғай отырғызу­ға­ ба­ғытталған бұл жобаны қолдау­шы­лар көп болғандықтан ор­ман­ға ай­нал­дыру туралы да ойлана бастадық. Сол себепті де бұл жобаның толық атын «Асартоғай – Қазақстанда ор­ман отырғызамыз»деп өзгерттік. Осы атпен жұмыс тобы құрылып әлеуметтік желілерге тіркелді. Ин­тернет арқылы Асартоғай деп із­деген адам біздің атқарған жұ­мыс­тарымызбен кең таныса ала­ды. Көктемгі және күзгі ағаш отырғызу науқаны, олар­­дың күтімі, суарылу жол­­дары барлығы осы па­рақ­­шаларда жариялана­ды. Кейінгі жылдары айналадан егілген тал­­­­­дардан гө­рі, кесілген ағаш­тарды жиі көреміз. Көмір қыш­қыл газын сіңіретін ағаш азайған сайын, көмір­қыш­қыл газын бөлетін дү­ниелер көбейіп келе жатыр. Ма­шиналардың түрі жыл өт­кен сайын жаңа­руда, өн­діріс орындары кө­бей­месе азайып жатқан жоқ. Олардың барлығы белгілі бір дең­гей­де ауаны ластайтыны бел­гілі. Тозып бара жат­қан жер-ананың тірші­лі­гіне тыныс беру мақсатында, елі­міз­декенже қалған орман шаруа­шы­лығын дамытуға өз үле­сі­мізді қосуды мақсат еткен едік. Бастаған ісімізді көпшілік қол­дай кетті.
Жұмысты бастағанымызға бір жыл­дан аса уақыт өтсе де біраз шар­уаның басын қайырдық. Орман егетін жер іздеуге біраз уақыт кетті. Жер тапқан соң неден және қалай бастаймыз деп ойланып тұр­ған тұста әлеуметтік желідегі біздің жұмысымызға қызығушылық та­ныт­қан достарымыз бірінен кейін бірі көмек қолын соза бастады. Бұл кез­де тал егуге ниет білдірген адам­­дардың тізімі де дайын болған еді. Жердің ағаш отырғызуға бө­лін­ген көлемі нақты анықталған соң, Алматыдан, шалғайдағы өзге қа­­лалардан тал егуге ниет еткен ерік­­тілер ағылып келе бастады. Қиын да қызығы мол күндер солай басталып кетті. Тіпті, бір күні түнгі сағат онекілер шамасында фейсбук желісінде отырған Жаңаөзенде тұратын Жалғасбай Баймағанбетов мырзаның «Сәуле қарындасым, үй­­дегі жеңгең екеумізге арнап қайың ағашын отырғызшы, қайың біз­ге қатты ұнайды. Біз жақта тал өспейді. Сол тал өскенде кемпірім екеу­міз барып көлеңкесінде шәй ішейік», – деп, сағаттың түнгі он екі болғанына қарамай, банкомат ар­­қылы киви кошелекке қаржы са­­лып жібергенде қолға алған жұ­мы­сымыздың қаншалықты маңыз­ды және халыққа керек екендігіне тағы да көз жеткізгендей болдық.Елі­­міздің басқа қалаларынан, тіпті сонау Ақтөбеден келген жас­тарға ризалығым тіпті ерекше. Бір тал егу үшін соншама қашықтықты жүріп келген отандастарымызға ал­ғыстын басқа айтарымыз жоқ. Ал Алматы қаласынан «Еркем-ай» ба­лалар бақшасы мен «Дана» жеке мектеп ұжымы балаларымен келіп 130 тал ағаш отырғызғандағы әсе­ріміз­ді айтып жеткізудің өзі қиын.Бұндай қолдауды көрген соң Асар­тоғайдың кейінгі ұрпаққа керек еке­нін терең ұғынып, жұмысымызға бі­лек сыбана кірісіп кеттік.
– Осы уақыт аралығында қанша көшет отырғызылды? Ол сіздер пай­да­л­ануға алған жердің қанша аума­ғын алып жатыр?
–Алғашқы бір жылға жоспар­лаған 5 га жерді игердік. Мұндай ау­қымды әрі маңызы жоғары жұ­мыс­­ты бірден бастап кету оңай емес. Дегенмен, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, көпшіліктің ар­қасында жұмыс жайлап ілгерілей бас­тады. 5 га жерге қазір 3000 дана­ға жуық әр түрлі тал ағаштарын отыр­ғыздық, оның ішінде жеміс ағаш­тарынан бастап, жабайы ағаш­тардың бірнеше түрлері бар. Асар­тоғайға контейнерден дала қо­сынын жасап қойдық, құрал-сай­ман қоятын орын, еріктілерге тамақ дайындайтын асхана мен жа­тын орын дайындалған. Бұл тек жаз­ғы мезгілге арналған. Алдағы уа­қы­тта қысқы мезгілде пайдалану­ға болатындай етіп орын дайындау­ды қолға аламыз.
– Ағаш көшеттерінен бөлек, гүл отырғызуды да қолға алған екенсіз­дер. Сіздер өсіретін гүлдердің ерек­ше­ліктерін айта кетсеңіз?
– Павлония деп аталатын әдемі өсім­дік түрі бар екен. Оның біздің ай­мақта өсуі қиын көрінеді. Біз осы Павлонияның көшеттерін әкеп отырғыздық. Жапырақтары үл­кейіп, көркем өсімдік жерсініп ке­леді. Әрине, оған арнайы күтім ке­рек, шама келгенше күтімелдеп жа­тырмыз. Оның өсіп келе жат­қа­ны­на қарап көңілімізді қуаныш кер­нейді. Тек гүлдер ғана егіп қой­май, күнкөріске қажет көкөніс түр­­лерін де ектік. Көкөністер мен гүл­дерді ұрығынан өсіріп, көшет ала­тын шағын жылыжайымыз да бар. Бұл жылы жайда  Асартоғайдың органикалық жерлерді игеру ла­гері арнайы көкөніс түрлерін егеді. Онда органикалық  тыңайтқыштар мен сұрыпталған дәндерден өнді­ріл­ген өсімдіктер ғана пайдалыналады.
– Осынша аумақты суару мәсе­ле­сі қалай шешілді?
– Ыстықта, аптапты далада өсім­дік өсіру үшін су ауадай қажет. Сон­дықтан су көзін табу алғашқы жұ­мысымыздың бірі болды. Бұлақ. Иә, кәдімгі бұлақ. Жанымыздан кә­дімгі табиғи бұлақ көзін таптық. Мұ­ны біз жақсылыққа жорып, қат­ты қуандық. Трактормен қазғанда 2-3 метр жерден су шықты. Әрине, жал­ғыз бұлақтың суы осынша ау­мақ­ты суаруға жетпейтіні анық, жаны­нан су ұңғысын \сква­жи­на\ қазып су шы­ғар­­дық. Сол скважинадан аққан суды шелек­теп тасып әрбір талдың түбі­не құйдық. Еккен тал мен скважинаның ара­сы жүз-екі жүз метр болды, сонда да шел­­ектеп су тасу­­ды жал­ғас­тыра бер­дік.Бұл жұмыс­тың оңай емес екені белгілі. Бұлай су­ғару­ға да еріктілер мен қосын басында күн-түн демей қонай-түней жұ­мыс істеген мақсаты бір достарымыз белсене кірісті.
– «Асартоғай – достар бағы» фейс­бук парақшасында осы аумақта Қазақстанның картасын жасау жос­пар­ланғанын жазған екенсіздер, мұ­ны қалай жасайсыздар?
– Асартоғайда өсімдіктерден «Қа­зақстанның геоглиф картасын» жасау – идеямыздың ең тамашасы бол­мақ. Бұл идеямыз да әлеуметті же­ліде талқыланып, жер-жерден қол­дау білдіріп, үлес қосамыз деген жас­тар көп болды. Қазақстанның кар­тасындағы әр облыстың түр-түсін сақтай отырып, сондай түс­тегі ағаштар мен өсімдіктерді таң­дап отырғызбақпыз. Бізге тиесілі 71 гектар жердің 20 гектарына құс­тың ұшар биігінен ғана көруге болатындай Еліміздің картасын жасау үшін топографиялық сызбалар жұ­мысы жүргізілуде. Оны да осы әлеу­меттік желі арқылы біздің жұ­мы­сымызбен танысқан «АстанаИнжПроект» компаниясы қолға ал­ды. Біз осы бастамаға нақты қол­дау білдіргені үшін «АстанаИнжПроект» компаниясына алғыс айтамыз.
– Көгалдандырудың мұндай жо­ба­сы Қазақстаннан өзге елдерде де бар. Шетелдегі әріптестеріңізбен қа­рым-қатынас жасап жүрсіздер ме?
– Көгалдандырудың мұндай жо­балары шет елдерде жақсы да­мыған. Біз қолға алған жобаның Қа­зақстанда аналогы жоқ. Сон­дық­тан да болар, олар алғаш біздің идея­мызбен танысқанда таңыр­қа­ғандарын жасырмады. Алғашқы­лар­дің бірі ретінде көмекке «Бритиш Американ Тобакко», «HO­MADEX», «KOKON GROUP», «ENVICON-A», «Cenral Asia Communicatiins», «Altel» компаниялары келді. Кө­мек қолын ұсынған компаниялар бұлармен шек­телмейді. Асартоғайдың логотипін көрген адамдар жақсы түсінеді.
Халықаралық Мaraquia компаниясы біз істеп жатқан жұмыспен танысқан соң қуана-қуана бізді өз компаниясына тіркеді. Яғни Асартоғайда тек қазақстандықтар ғана отырғызған ағаштар емес, сонымен қатар, шет ел азаматтарының да атаулы ағаштары өседі деген сенім бар. Бұны халықаралық қа­тынастардың нығая түсуі­не қосқан үлесіміз деп білемін. Маракуия сайтына кір­ген азаматтардың Қазақ­стан­ның бір бұрышында орна­лас­­қан 71 га жер телімінің кар­та­сын көргенде отаншылдық с­е­зімі мен табиғатты аялауға деген ниеті арта түсетініне сенімім мол.
Асартоғайдың жұмыс тобында қазір нақты тіркелген 1059 адам бар. Ал келіп көмектесіп жатқандар одан да көп. Әлеуметтік желідегі біз­дің тілекшілерімізді де мен осы санатқа қосар едім. Өздері келіп еге алмаса да, менің орныма егіңдерші деп қаржыларын салып отырған әрбір азамат біздің қатарымызда. Олар да біздің заңды мүшелеріміз. Сондықтан да нақты санымызды айту қиын. Құдай қаласа алдағы көк­темде үлкен жұмыс атқарылады деп күтілуде. Бұл іске үлес қосу үшін бізбен бірге жүру міндетті емес, терминал арқылы Асарто­ғай­дың есепшотына 3200 теңге сал­саңыз, сіздің атыңыздан бір түп ағаш  отырғызып, оның екі жылдық кү­тімін өз мойнымызға аламыз. «Ата­дан мал қалғанша, тал қалсын» де­генді ұстанатын қазақ баласы осы көктемде бізге қосылса ылайым қатарымыз көбейетіні сөзсіз.
– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Назым ДҮТБАЕВА.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір