Абай айтқан – жибили
02.12.2016
4327
0

Ұлы Абай 43-қара сөзінде: «Ішсем, жесем демектің басы жибили, ұйқтамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, бұлардың да басы – жибили. Ақыл, ғылым бұлар – кәсіби» – деп, адам бойындағы жибили (табиғи) мен өсе келе қалыптасатын кәсіби қабілет деп келеді де, 7-қара сөзінде: «…ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары». Жан мен тән арасындағы қасиеттерді «Адам баласы екі нәрсемен: бірі – тән, бірі – жан. Ол екеуі орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсіби, оны білмек керек» (43 қара сөз) – деп, терең ойға сілтейді. Жан болмаса тән өмір сүре алмайды, ал жан тәнсіз өмір сүре алады. Жан бұл фәниде тәнмен бірге өмір сүргенмен екеуі екіге бөлініп ақырет махшарда қайта табысатындығын
Менікі мен
менікінің айырылысқанын
Өлді деп ат қойыпты
өңшең білмес –
деп, келеді де:
Ақыл мен жан «мен», тән «менікі»,
«Мені» мен «менікінің» мағынасы екі, –
деп екеуі екі басқа ұғым, екеуі қо­­сылып адамды құрайды.

«Ол – жерді ұлан-ғайыр қы­лып жаратып, онда орналасқан таулар мен өзендер пайда қылды. Ол жердегі әр жемісті екеуден – жұп етіп жа­ратты. Ол түнді күн­діз­дің үстіне жа­бады, әлбетте, бұларда пікір ете­тін қауым үшін аят-белгілер бар» (Рағыд сүресі (13) 3-аят) – де­ген Құран сөзінен жан мен тән­нің жұптасуынан фәнидегі бар­лық мақлұқты, соның ішінде адам­затты ерекше атаймыз. Жан­ның заттық қасиеті бол­ма­ған­дық­тан ғылыми тұрғы­да нақты дә­лелдеу қиын. Ол Арис­тотель мен әл-Фарабидің зерттеу мін­берінде болып, оған Абай да тер төкті. Жан мен тән туралы діншіл «тәфаккару» (Абай) ойшылдар тән­нен айрылысып рухқа айнал­ған жанды айтады. Абайдың ал­дың­ғы даналардан ерекшелігі – жан­ды ақылмен бірге егіз ұғым ре­тінде қарастырады. Ақыл адам санасынан тыс дүниедегі заттар мен құбылыстардың табиғи заң­дылықтары пікірдің тереңдігі, сыни көрінісі, сәйкестік, лайық­ты­лық  үйлесімділік, жан-жақты­лық, кеңдігі мен тездігі ақылдың ең негізгі сипаттары болып саналады.
Ақылдың мүмкіндігіне қа­рай, негізгі құрылымы тәлім-тәр­бие тұрғысынан сапалы дами­ды. Ағартушылық  дәуірде ақылға сыйыну кең түрде жүрді. Ағарту­шы­лық ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қатты дамыды. Шығыс елдерінде оның күші әлеуметтік қоғам кең етек жайған кемшіліктерінен арылу халықтың сауаттылығы, ақылдылығы арқылы нәтижеге жету көзделді.
Ұлы ақын өзіне дейін белгілі бол­ған жан мен тәннің арасында болатын жибили және кәсіби ұғым­дарын жан-жақты ашуға ты­рысқандығын көруге болады. Адам ағзасына қажетті табиғи бол­мысына қоса, білуге деген тал­пынысты да жибили деп атайды. Ал кәсібиге ақыл мен ғы­лым­ды жатқызады. Жибили мен кә­сіби сияқты екі ұғым Абай өзі ай­татын «Көзбенен көріп, құлақ­пен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дү­­ниеден хабар алады», – деп сырт­қы бес сезім жибили қуаты­мен біріктіреді. «Ақыл, ғылым – кәсіби» деген Абай оларды адам­зат бойында жүрегіне ұялап бі­лім мен еңбек арқылы дами­тын­дығын:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жибили – араб, парсы тіл­де­рі­нен алғанда «табиғи», «тумысы­нан», «жаратылысынан», «қа­лып­ты жағдай» деген мағыналарға ие. Абай айтатын жибили қуаты жан қуатына сәйкес келеді. Адам ба­ласы жас кезінде әлсіз, талапсыз болғанымен, адам есейген сайын ол да арта береді. Ол қуат­тың ескерусіз қалып тежелгенінен Абай қатты алаңдайды. Оны кіш­кене болса да сақтап қалып, уа­қыт келе дамытуға әбден бола­ты­нына кеңес береді. Жас жет­кін­шек өсе келе құлқынның құ­лы болып ішіп-жеумен ғана өмір сүрмеу керек, жан қуатын үнемі да­мытып отыру керектігін ұлы ақын баса айтады.
43 қара сөзінде жан қуатының үш жағын көрсетеді: 1. жігер мен сер­гектік «… болмаса, көп білуге көп оқу оңды пайда бермейді».
2. зат­тардың бір-біріне тартатын ұқсастық  күшін  білуге құштар­лық. 3. «жүректі мақтаншақтық, пайда­күнемдік, жеңілдік, сал­ғырттықпен  кірлетіп  алсаң, жү­рек­тің айнасы бұзылады» деп, бі­лу­дің  және  оны тұрақты да­мы­­ту­дың негізі осы үш ғылымның бас­тауы қуат көзі деп қарасты­ра­ды.
Абай жан қуатына үлкен ба­сым­дылық беру арқылы тән қуа­тының да ерекшелігіне толық тоқ­талады. Жан қуатының азығы тән қуатында, тән қуатының дәу­леті күнделікті күнкөріс тір­ші­ліктің байлығы болса, жан қуа­ты­ның байламы іштей жиналған ру­хани байлық – ақыл мен ғы­лым. Ол қолдағы мұз сияқты оны сақтай алмасаң айырыласың. Абай: «Мансап сүйгіштік, мақ­тан­шақтық, ашуланшақтық, өті­­рікшілдік, …Бір ақыл қуаты­мен мұны тоқтатып болмайды. Һәм ақыл, һәм қайрат – екі мық­ты қуат қосылып тоқтатады», – дей келіп, айтылған екі қуаттың бірі болмаса да адам баласы жаман әдетінен құтыла алмайды екен.
Бүгінгі күнде билік жолында жүр­ген шенді-шекпенділер сырттан келген байлыққа мастанып ішкі рухани байлықпен қару­лануға мән бермей «Бір күн үшін дос болып» парақорлықты тірші­лік­тің көзі деп ұққандар «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстай» ал­май «…бір басы қатты асау ат, жү­­генсіз тауға ұра ма, тасқа ұра ма, суға ұра ма, жарға ұра ма – құ­дай білсін» (43 қара сөз) мінген «ат­тары» заң торына келіп ұрып жат­қанын көріп жүрміз. Тәуел­сіз­діктен кейін ғылым мазмұны жаңа сатыға қарай өзгерді: рухани пәндер қатарына жататын им­ани тасауф ғылымы қалып­тас­ты, хадис білімдері игеріліп ис­лам ғибадатына жол ашылды. Шет ел ғалымдарымен байланыс жа­салды. Ұлт дүниеқарасын дамыту, тәлім-тәрбие, құлық нор­ма­ларын өмірге алып келу, өрке­ниет елге сай етіп тәрбиелеу бү­­­гін­гі күннің негізгі мақсаты бо­лып отыр.

Сайдалы Оразалиев,
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Абайтану» ғылыми-оқу орталығының аға ғылыми қызмекері,
филология ғылымының
кандидаты, доцент.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір