Егемен елдің Елбасы
02.12.2016
1762
0

29 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Алматыда ҚР Президенті Мұрағатының конференц-залында Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ұлыс» ғылыми-зерттеу орталығы» Қоғамдық қоры «Елбасының мемлекеттіліктің қалыптасуы мен нығаюындағы ролі» тақырыбындағы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Бұл іс-шараға Президент Мұрағаты мен «Алматы қалалық мұражайлар бірлестігі» КМҚК мекемесі де атсалысты.

Конференция барысында Еге­менді Қазақстан Республикасында Президент институтының қа­лыптасуы мен дамуы, Президент инс­титутының қазақстандық мо­де­лі: ерекшеліктері, тарихи мәні және болашағы, Тәуелсіз Қазақ­стан­ның дамуы мен өркендеуі жо­лындағы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың ролі, Қазақ­стан­дағы саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлік және Елбасының көш­басшылық қайраткерлігі та­қы­рыптары талқыға түсті.
Конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасының  Тұң­ғыш Президентінің ұлттық идея­ның және қазақстандық пат­рио­тизмнің қалыптасуы мен ны­­­ғаюындағы  роліне, оның жүр­гі­зіп отырған «Ұлт жоспары – 100 нақ­­ты қадам» және басқа да реформаларына баса назар аударды.
Республикамыздың ғалым­дары мен зерттеушілері, ғылыми-зерттеу институттары мен орта­лық­тарының қызметкерлері, же­тек­ші заңгер-ғалымдар, саяси пар­тиялар мен қоғамдық ұйым­дардың өкілдері, сондай-ақ жо­ғары оқу орындарының оқытушы­лары, PhD докторанттар мен ма­гист­ранттар қатысқан жиынға ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты ди­рек­торының орынбасары, философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмұратов мо­де­раторлық етті. Конференция­ның ашылуында Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенті Мұраға­ты­ның директоры, техника ғылым­дары­ның докторы, профессор   Борис Әлі­кенұлы кіріспе сөз сөйлеп, Тұң­ғыш Президент Н.Ә.Назарбаев­тың тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне орасан зор үлес қосқанын атап өтті. Қазақстан Республикасы Ұлт­­тық Ғылым академиясының Пре­­зиденті, академик Мұрат Жұры­новтың «Роль и значение антиядерной деятельности Прези­дента Республика Казахстана Н.А.Назарбаева» деген тақырыпта жолдаған мақаласын конфе­ренцияға қатысушыларға модератор С.Нұрмұратов оқып берді.
Д.Қонаев атындағы Еуразия­лық заң Академиясы ректорының кеңесшісі, заң ғылымының док­торы, профессор Еркін Дүй­сенов Қазақстан Республикасында Президенттік институт қалып­тасуының құқықтық аспектілері деген тақырыпта баяндама жасады. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Хангелді Әб­жа­новтың «Елбасы Н.Назарбаев­тың көрегендігі және келешегі кемел Қазақстан» деген тақырып­тағы баяндамасы тыңдаушыларға әсерлі болды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің өт­кен шақырылымдарындағы депу­таты, ҚР Білім және ғылым ми­нистрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет жә­не  өнер институтының дирек­то­ры, филология ғылымының док­торы, профессор Уәлихан Қа­лижанұлы «Замана сынындағы Ел­басының сындарлы саясаты» деген тақырыптағы баяндамасын оқыды. ҚР Президентінің жанын­дағы ҚСЗИ-дің бас ғылыми қыз­меткері, саяси ғылымдар докторы Юрий Булуктаев «Фактор сильного президента как одно из условий успешного развития Казахстана» деген баяндамасында елдің эконо­микалық-әлеуметтік дамуына күш­ті президент институтының оң ықпалы болғанына тоқталып өтті.
ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК бас директордың ғылым жә­не халықаралық байланыс жө­нін­дегі орынбасары, тарих ғылы­мы­ның кандидаты Нұрлан Сейдін «Президент Нұрсұлтан Назарбаев және Конституция» деген тақы­рыпта баяндама жасаса, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам қайраткері Асылы Осман Әлиқызы «Тәуелсіз Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтудағы ҚХА-ның құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш Пре­зиденттің ролі мен ерен еңбегі» деген тақырыпта баяндама жасады.
Конференция соңында модератор ҚР БҒМ ҒК Философия, сая­саттану және дінтану институты директорының орынбасары, фи­лософия ғылымдарының докторы, профессор Нұрмұратов Се­рік Есентайұлы «Қазақстандағы ұлттық бірліктің рухани қайнар көзі (Елбасы еңбектерінің негізін­де)» деген баяндама оқыды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір