Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – Ұлт рухының бастауы» атты тақырыпта өткен кезекті пленумының
02.12.2016
1152
0

ҚАУЛЫСЫ

1. а) Ілгерілеу мен орнықты дамудың кезеңі болған Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы – жаңа тарих талаптарына сай жаңа тұрпатты  за­ма­науи мемлекет құрған Қазақ­стан халқының жеткен жетістігінің жарқын көрінісі;
ә) Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктер мен жеңісі Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың тікелей дана басшылығының, сондай-ақ осы кезең ішінде өз Президентіне әркез қолдау көрсетіп, тірек болып келе жат­қан халқымыздың береке-бірлігінің нәтижесі деп бағалансын.
2. Қазақстан Республикасының Парла­менті қабылдаған, Қазақстан Рес­публикасы Президентінің бас­ылығымен 25 жылда жеткен жетіс­тігі­­міз  жан-жақты баяндалған Қазақс­тан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жыл­дығы декларациясы – өте маңызды тарихи кезеңге арналған та­рихи құжат деп танылсын.
3. Отандық мәдениетті сақтау мен дамыту жөніндегі кең ауқымды жұмыстың бастамасы болып табылатын «Мәдени мұра» бағдарла­масымен ұштастырыла көркем әдебиетті дамытудың жаңа мүмкін­дік­те­рі іздес­тіріліп, Мәңгілік Ел идеясына қызмет ететін тиісті іс-шара­ларды қолға алу Жазушылар одағының басқармасы мен оның хат­шылығына жүктелсін.

29 қараша, 2016 жыл.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір