Өткенді біліп сөйлеу
02.12.2016
1047
0

Елен ӘЛІМЖАН, жазушы-драматург


Ағылшын тарихын жазамын деп, бүкіл әлемнің тарихын жаз­ған Арнольд Тойнби дейтін ағыл­шын философы: «Алып империя­лар ыдырағанда орнына келетін мем­лекеттердің түсетін төрт жо­лы бар. Біреуі өткенге оралу, екін­­шісі әсіре жаңалық, үшіншісі өзімен-өзі тұйықталу, төртіншісі түлеу, жаңару жолы», – дейді. Әри­­не, бір жолды таңдауда сол ел­дегі ха­лықтың білімі, ментали­те­ті, та­нымы өзіндік роль атқа­рады. Біз­дің КСРО ыдыраған кезде әр республикада осы төрт жолдың бел­гілері болды. Ал біз соның ішін­­де соңғы төртінші жолын таң­даппыз. Бірақ біз өт­кенімізден де бас тартпай, соны базис ре­тінде алып, соны жаңарту жо­лын­да жұмыс істеп келе жатырмыз. Әрине, бұндай алып жұ­­мыс­тарда біресе оңға, біресе сол­ға кетіп қалу кездеседі.Тоқ­са­ныншы жылдары өзге ел­дің бәрі шығып жатыр, біз неге Одақтан шықпаймыз деп, би­ліктегілерге наразы болдық. Мен тура сол жы­лы Өскеменде болдым. Өске­мен­де теле­радио­ның бастығы Ок­шин маған музей­дегі картадан орыстардың сол жерге қоныс­тан­ған жылдарын көрсетті.Қа­зақ­тар­ды да көрсетіп тұрып, қашан қоныстанғаны туралы дерек жоқ дейді. Бұл нені көр­сетеді? Демек, жердің иесі – біз. Тәуелсіздік еле­сі енді жүріп жатыр. Халық бөлі­ніп кетуге дайындалап жүр де­ген­ді айт­ты. Мұндай жағ­дай­лардың бол­ғаны туралы көп ха­лық хабар­сыз, бірақ шекарадағы облыстарда мұндай қауіптің болғаны рас.
1991жылдың желтоқсанында еге­мендік жарияладық, он бес республика ыдырап кеткеннен кейін рубль зонасы өзін ырық­тандырып жіберді де, ақша құн­сызданып кетті. Бүкіл Қазақстан бойынша ереуілдер басталды. Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында келісім жасай жүріп, теңге шығарды, Ельцинмен бітімге келіп, Қазақ­стан­­­ның шекарасын бекітіп ал­ды. Осындай аласапыран іс-әрекеттер болды. Тәуелсіз­дік­тің алғашқы жыл­дарындағы саяси тыныс-тіршілігімізде көп­теген қиыншы­лық­­тар болды. Бірақ сол қиыншылықтар тез ұмытылуда. Бар­лығы оңай келе қал­ғандай ойланбай сөй­лейтін тұсы­мыз да бар. Бірақ әлі де қиын­дықтар болады. Сол жолда да ха­лықпен бірге болуды жазсын.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір