Мемлекеттік сыйлық берілді
02.12.2016
986
0

30 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Онда былай делінген:
Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әде­биет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сый­лы­ғы:
1) Авторлар ұжымына: Иманғали Нұрғалиұлы Тас­мағамбетовке, Сағындық Смаилұлы Жамбо­латов­қа, Мұрат Амангелдіұлы Мансұровқа, Нұрлан Ама­нұлы Далбайға – «Мәңгілік Ел» монументі үшін;
2) жазушы Бексұлтан Нұржекеевке – «Әй, дүние-ай» романы үшін;
3) авторлар ұжымына: Досхан Қалиұлы Жол­жақ­сыновқа, Рустам Одинаевқа, Айдос Жұма­ділда­ұлы Бектемірге, Нұрсифат Рахымбайқызы Са­лықоваға – «Құнанбай» толық метражды көркем филь­мі үшін;
4) суретші Камиль Муллашевқа – Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ар­нал­ған «Тәуелсіздікке тарту» жұмыстар циклі үшін берілсін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев.

Астана, Ақорда.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір