Өмір-Дарақ
18.11.2016
2040
0

 

Тимур Әбішев


Тәуелсіздік алып, ұлттық сарасанамыздың өсуіне байланысты бізде халқымыздың шынайы тарихын зерттеп, қалпына келтіру, ата-бабаларымыз өсиет еткен мәдени және рухани құндылықтарымызды зерделеп, жандандыру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты ежелгі түркі дәстүрі – адамның ата тегін – Шежіресін түзу дәстүрі ерекше қызығушылық туғызады. Ата-бабаларымыздың жүздеген ұрпақтары осы дәстүрді мыңдаған жылдар бойы сақтаумен келді және ол көшпелі қауымдастықтың өмірінде,  халқымыздың ділі мен ұлттық мінез-құлқының қалыптасуында орасан зор роль атқарды.

Орталық Азияны мекендеген көшпелі халықтар – қазақтар мен қырғыздар Еуразиялық кеңіс­тіктегі түркі халықтарының әлде­не­ше мыңдаған жылдар бойы бір­тін­деп отырықтану үдерісі жү­руіне байланысты өздерінің өкі­лет­тілігін тарылта отырып, Ұлы көшпелі өркениеттің соңғы өкіл­дері болды. Бұл  біздерге және сірә, солтүстік американ үндісте­ріне дүниені төменгі, жерасты әрі біздің жерүсті және жоғарғы, құ­дайлық мекен деп бөлетін әлем құ­рылысы туралы ежелгі киелі білімдерді сақтап қалу мүмкіндігін берді. Біздің халқымыздың өзіндік көзқарасын қалыптастырған осы білім жанның мәңгілігіне және адам өлгеннен кейін де оның жа­ны нәзік эфир әлемінде болатынына әрі ол бізбен өзара әрекетке түсе алатынына деген сенімге негіз­делді.
Осы заманғы ғылым біздің мате­риалдық әлемімізбен қатар нәзік немесе құдауанда тұрғының бар екенін толық растайды. Ғалым­дардың кванттық физика сала­сындағы ең жаңа зерттеулеріне сәйкес, Әлем дегеніміз, біртұтас энергетикалық өріс болса керек. Белгілі американдық зерттеуші және ғылыми білімдерді таратушы Грегг Брейден оны: «Әлем – біздің дүниеміз бен денеміз өріс, кванттық голограмма, Құдай ақылы, Табиғат санасы, Құдайлық қалып деп аталатын  біртұтас энер­­ге­тикалық өрістен қалып­тас­қаны­ ғылыми түрде дәлелденген», – деп сипаттайды. Өткен де, қа­зіргі де, болашақ та, әрі жер бетінде өмір сүрген барлық адам­дардың жандары да – бәрі сонда.
Бабаларымыздың құдайлық тұрғыдағы үстіңгі әлемге  және
о дүниенің  барлығына деген сені­мі Әлемдік ағаш Бәйтерек туралы аңызда және Шежіре дәстүрінде бейнеленген.
Ежелгі көшпелілердің түсінігі бойынша, әлемдер қиылысында жерді тамырымен ұстап, ал аспанды ұшар басымен тіреп тұратын Әлемдік ағаш – Бәйтерек тұр.  Ха­лық аңыздарына сәйкес, Бәйте­рек­тің діңі  күнәһар жер мен қа­-
с­иетті аспанды қосып тұратын өз­ек. Ағаш бұтағының ең ұшар басында ертегі құсы Самұрық ме­кен етеді. Ол күн сайын бір алтын жұ­мыртқа – Күнді туса, кешке қарай оны жер асты патшалығында, осы ағаштың тамырында өмір сү­ретін Айдаһар жұтады екен.  Күн­нің шығуы немесе тууы және оны күнделікті қара патшалық өкілі­нің  жұтып қоюы күн мен түн­нің ауысуын, Ізгілік пен Зұ­лым­дық­тың мәңгі күресін біл­ді­реді.
Өлген адамның жаны Бәй­терек­тің діңіне түсіп, сол арқылы оның ең ұшар басына көтеріледі деп саналған. Ол осы жерде қырық күн болады, ал содан кейін қа­си­етті  Самұрық құсы адамның кү­нә­­­һар немесе бейкүнә екенін анық­­тап, оны Аспан Патшалығына жіберу немесе жер асты патшалы­ғына лақтыру керектігін шешеді. Содан кейін сынақтан өткен та­қуа­лардың жандарын құстар қа­ғып алып, оларды  мәңгілік ме­кеніне – аспанға көтеріп апарады.
Сондай-ақ сопылардың ең лайықтысы Бәйтеректің діңі ар­қылы аспанға көтеріліп, тәңірмен сөйлесе алады деп саналған. Олар жерге Құдайлық білімді жеткізу үшін аспан биігінен тағы сол ағаш діңі арқылы кері қайтатын. Сірә, бұл жерде сөз ғалымдар мен шы­ғар­машылық мамандық иелері туралы болып отырғанға ұқсайды. Мысалы, алтайлықтар әлі күнге дейін күйші-сазгерлер тыңдау­шылардың жанын жоғарғы әлемге – құдайлық тұрғыға апарады деп санайды, сондықтан оларды аспан тұрғындары – ата-баба рухымен тек қана сөйлесе алатын бақсылар мен қамдардан да жо­ғары баға­лайды. Сазды, музыканы осылай нәзік сезіну мен оның мән-маңы­зын осылайша түсіну үшін адам­ның жан дүниесі қан­дай­лық нәзік болу керек десеңізші! Бір сөзбен айт­қанда, Бәйтерек әлемдер ара­сындағы белгілі бір көпір немесе қазіргі тілмен айт­қанда, портал болған.
Шежіре –тек қана адамның өз әулетін ағаш бұтағындай санамалап, ата-бабасының аты-жөнін білу дәстүрі ғана емес. Ол – ең алды­мен, нәзік дүниедегі туыс­тары­ның жанымен өзара энергети­калық байланыс орнататын коммуникация жүйесі. Олар мәңгілік, құдауанда  және мейлінше жетіл­ген дүниеде өмір сүреді деген се­нім. Біздің үйіміз бен нағыз мәңгі­лік өміріміз сонда, бұл дүниеге біз тек қандай да бір міндетті орындау және сол дүниеде болуға қажетті энергияны игі істерімізбен табу үшін келеміз дейтін сенім.
Үстіңгі дүниеде болған кезде адамдардың жаны Ғарыштан энергия ала алмайды, сондықтан да ол осы өмірде қаншалықты көп жақсылық жасаса, о дүниеде өте жақсы және ұзақ өмір сүреді деп саналады. Мұның сыртында, олар жерде өмір сүретін адамдардың есінде қалып, ілтипатты қуатына бөленеді. Бұл, әсіресе, олардың әуелгі қырық күн мен алғашқы жылғы нәзік тербелістер әлеміне бейімделуі үшін өте маңызды. Сондықтан да олар барлық  дәс­түр­­лерде бар әруақтың үлесі мен жетісіне және жылдық асына өте-мөте зәру. Біздің дұғалары­мызға, еске алуларымызға, өздері туралы жақсы сөздеріміз бен ойларымызға мұқтаж. Сондай-ақ, қазақтардың ертелі-кеш тамақтан кейін «Ішкен-жегеніміз әруақтарға тие берсін» деп ас қайыратыны бар. Ол: «Осы тағамның қуаты ата-бабалары­мыздың әруағына жет­сін» деген мағынаны білдіреді. Өз кезегінде, олар да содан қуат алып, күнделікті тірлігімізде бізге көбірек көмек­тесуге және өмір жолынан кезде­сетін көптеген қауіптер мен ауырт­палықтардан бізді қорғау мүмкіндігіне ие болады.
Шежіре – ата-бабалардың әруақтарымен екі арадағы жанды байланыс, ол туысқан адамдардың ондаған ұрпағын байланыстырып, біртұтас руға  біріктіріп, олардың екі дүниеде де кездесетін қиын­шылықтарда табысты болуларына көмектеседі. О дүниелік болған ата-бабаларды күн сайын деміл-деміл еске алу осы байланысты үздіксіз етіп, ал  әруақтардың өз­де­рін көшпенділердің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айнал­дырған.
Өмір-дарақ бейнеленген ХIV ғасырдағы картина маған тектік генеалогиялық ағаштың дәстүрлі суретін есіме түсіріп, Өмір-дарақтың өзі – осы Шежіре екен деген ой тудырды. Ежелгі иран аңыздарының бірінде тірі адам­дарға мәңгілік өмір сыйлап, қай­тыс болғандарды қайта тіріл­тетін ғажайып ағаш туралы айтылады. Адамды мәңгі тірі ететін – өз әуле­тінің ағашында болуы, ал өлген­дерді тірілтетін – ілтипатты ұрпа­ғының есінде сақталуы. Тіпті: «Елдің есіндегі адам – тірі адам!» – деген сөз де бар.
Өлген адамды жақын туыс­тары­ның ас беріп, еске алу арқылы қуаттандыруы мен әр түрлі діни мейрамдар қалған ұрпақтың өлгендер алдындағы ең маңызды міндеті саналған. Қазақтарда: «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген мақал да бар. Біздің халқымыздың өмірінде бұл рәсім­нің қаншалықты маңызды екенін Ұлы Отан соғысының батыры Бауыр­жан Момышұлының кіта­бын­дағы бір қызықты дәлел растай түседі. Ол әкесінің қайтыс болға­нына бір жыл толуына байланысты Ас беру үшін өз әкесі бар мүлкін сатып, қарызға батқаны туралы жазады. Шынында, адамға ата-бабасының о дүниеде жақсы жайда болуы үшін жағдай жасаудан маңызды еш нәрсе жоқ. Сенің осы өмірдегі  амандық-саулығың мен өсіп-өркендеуің тікелей соған байланысты.
Ата-бабаларымыз ұрысқа ат­танған кезде көмекке өз руынан шыққан батырлардың әруағын шақырған. Қиын-қыстау мезетте аты  аңызға  айналған бабаларының әруағы қолдайтынына, жауды жеңуге көмектесетініне кәміл сеніп, жауға тайсалмай қарсы шыққан. Лев Гумилевтің куәлан­дыруы бойынша, ежелгі Қытайда бір түрік сарбазы Аспан асты елінің он жауынгеріне теңесті­рілген. Яғни жанның өлмейтін­дігіне және бұ дүниеден аттанған туыстар мен жақындардың
о дүниелік бақытты өміріне деген сенімді былай қойғанда, әруақтар­дың желеп-жебеушілігіне сену біздің жауынгерлеріміздің күшін кем дегенде екі есе  көбейтіп, олар­дың жауынгерлік рухын ны­ғайтып, өздеріне деген сені­мін арттырып, ұрыс кезінде рухтандырып отырған. Ал уақыт өте келе, осындай әруақты бабаның – сайып­қыран батырдың аты ұранға айналған.
Осы дәстүрге  байланысты ХІІІ ғасырда Шыңғысхан туының астында Еділге жеткен халықтың орыс тіліндегі атында қызықты бір өзгеріс болғанын айта кету керек. Әлемді Сілкіндіруші өз әскерінің алдына өзі жек көретін татарлар тайпасын қоятын болған, ал олар, әлбетте, өз дәстүрлеріне сәйкес,  ұрысқа шыққан кезде «Әруақ Татар!» деп айқайлайтын болса керек. Темужіннің әкесі Есугей батырды зұлымдықпен өлтіргені үшін осындай «құрметке» ие болған татар халқы өз жауының даңқын асыру үшін болған көпте­ген ұрыстарға қатысып, толығымен дерлік жойылып кетті десе де болады, орыстар болса, сол кезден бастап  барлық түркілерді татар деп атай бастаған. Ал «әруақ» сөзі уақыт өте келе орыс тіліне кірігіп, өзгеріп, орыс жауынгерлерінің көп­теген ұрпағы ұрысқа атойлап шығатын «ура» деген ұранға айналды.
Осыдан отыз жылдай бұрын, қайта құру және жариялылық ұранымен бірге Мұрат Аджидің кітаптары пайда бола бастады да, солар арқылы біз еуропалық және тиісінше, әлемдік өркениетте бас­ты роль атқарды десек те артық болмайтын өз халқымыздың нақты тарихының бетін аштық.  Үнемі алданумен келген біз үшін шырқыраған шындықты жайып салып, бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды күтпеген тұрғыдан түсіндіретін бұл туындылар алдымен елді  есеңгіреткендей әсер етті де, кейіннен тарихи деректерді зерделеудің даусыз қисыны біздің тарихымызға мүлде басқаша қарауға мәжбүрлеген қоры­тын­дыларының дұрыстығына еріксіз бас идірді.
«Түркілердің қасиетті тарихы­ның»  ең бір қызықты дерегі – ол біздің халқымыздың Азия мен Еуропаны қару күшімен емес, ең алдымен тектілігімен, рух күшімен және технологиялық басымдығы­мен бағындырғаны. Біздің дәуірі­мізге дейін-ақ олар темір балқыту технологиясын меңгер­ген,  ал бұл тек жетілдірілген қару-жарақ қана емес, сонымен қатар, өндірістің неғұрлым тиімді құрал-жабдық­тарын жасауға мүмкіндік берген. Ал ол, шын мәнінде, Ежелгі Ал­тай­дағы демографиялық қопа­ры­лыстың себебі болып, содан кейін халықтардың Ұлы көші-қоңына жол ашқан алғашқы ғылыми-техникалық төңкеріс болды.
Пұтқа табынушы мәжусилер үшін түркілердің  барлық істері жақсырақ әрі тазарақ болып көрі­не­тін, сондықтан оларды басқа планетадан келгендер сияқты санайтын және сол себепті де Ор­талық Шығыста Алтайды Жер жұмағы – «Эдем» деп білетін, ал олардың өздерін «ізгі арийлер» деп атайтын.
Кейбір көшпелі халықтар Еу­ропаға біздің дәуірімізден көп бұрын орналаса бастағанымен, түркілердің Еуропаны алғаш жаулауы деп біздің дәуіріміздің III-IV ғасырларындағы ғұндардың шабуылы саналады. Ол көптеген скандинав және герман тайпа­ларының аңыздары мен руналарында бейнеленген және оны атақты норвегиялық зерттеуші Тур Хейердал ғылыми түрде дәлел­­деген. Мен тек саксон­дық­тар мен скандинав халықтарында  біздің Бәйтерек туралы аңызы­мызға өте ұқсас әлемдік ағаш Иггд­рассил туралы аңыз  болғанын ғана қосқым келеді. Ол да әлемнің әр түрлі қиырларын біріктірген, сол ағаштың  да ұшар басында құс мекендеп, тамырында айдаһар өмір сүрген.
Ғұндардың шапқыны халық­тар­дың осынау Ұлы қоныс ау­даруының қорытынды аккорды болды. Осы кезде Ежелгі Рим империясында құлдырау дәуірі басталған болатын, ал ол ең алдымен әдет-ғұрыптардың  құлды­рауы­мен байланысты болған. Құлдырау дәуірі адамгершіліктің құлдырауы. Иоанн Богослов өзі­нің атақты еңбегі «Апокалипсис­те»: «Жарық Шығыстан келеді. Апо­калипсистің ақбоз атты  жауын­герлері келіп, күйреп бара жатқан империя халқын құт­қарады!» деп, осы шабуылдың Еуропа халқы үшін құтқарушылық маңызы болатынына сәуегейлік айтты. Ақыры біздің ата-ба­баларымыз Еуропа жеріне барып, бір құдайға сенушіліктің жарқын өнегесін ғана емес, сонымен бірге көшпелі өркениеттің жоғары моральдік қағидаттары мен негіздерін жеткізді, сөйтіп шу­лыған мен азғындық жайлаған Римнің халқын аман құтқарды. Түркілердің алғашқы монотеистік тәңір дінінің заңдары, қасиетті мәтіндері мен рәміздері негізінде император Константин құрған христиан дінінің дамуына байланысты, Еуропа бір Құдайға деген сенімді ғана емес, сонымен бірге өзінің рухани және экономи­калық дамуының негізі болған жаңа адамгершілік қағидаларға да ие болды.
Ғұндар – халық  аты емес. Түр­кі тайпалары алғаш Еуропаға келгенде олар өздерін Күнні деп таныстырып, тарихқа ғұн деген атпен кірген. Ал ол сөз Күннің ба­лала­ры дегенді білдіреді және олардың арийліктер екендігін дәлелдейді. Түркілер өз діндерінің арқасында рухани даму тұрғы­сынан Үндістан мен Еуропаның барлық халықтарынан басым болғаны соншалықты, олар арийлер – ерекшелер, ізгілер деп аталатын болды, ал бұл, өз кезегінде, халықтардың Ұлы қоныс аударуынан кейінгі ерте орта ғасыр дәуі­рінде олардың өз  ішінен іс жүзінде барлық мемлекеттерде қалып­тас­қан  жоғары топты – ақсүйектерді құруына мүмкіндік берді. Қазақ тілінде «ары» сөзі ерекше, ай­рық­ша, ізгі деген мағынаны білдіретін болған. Мұндағы «ар» қазақ тілін­де әлі күнге дейін намыс пен абырой деген мағына береді. Лев Гумилев жазғандай, жанкештілік пен ізгілік рухы көш­пелі халықтар өкілдерінің ерекше қасиеттері болған және олар ше­жіре арқылы әспеттеліп отырған. Осы дәстүр тек аристократия өкіл­дерінде ғана сақталған еуро­палықтардан көш­пелі қоғамның айырма­шылығы – оның әрбір мүшесі, өзінің әлеуметтік жағ­дайына қарамастан, өзінің ата тегін білген, өзінің ата-бабасын мақтан тұтқан, өзін сол рудың өкілі ретінде танып, оның ар-намысы үшін жауап берген. Арийлердің өзге адамдардан айыр­машылығы – ең алдымен, өз халқының, өз елінің тағ­дыры үшін өте жоғары жауап­­кершілік сезімі мен тіпті оны шектен асқан жауапкершілік деп айтар едім. Өз Отаны үшін пайдалы болу және жан-тәнімен оған қызмет ету ниеті оларды іс жүзінде Еуразия континентінің барлық аймағында әскери арис­тократияға айналдырды. Айт­пақшы, «аристократ» сө­зінің өзі осы жіктің шығу тегіне– «арий сто крат», яғни – жүзінші ұрпағында да арий дегенге мегзейді, ал ол уақыты бойынша халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңі мен ғұндардың Еуропаға бару уақы­тымен дәлме-дәл келеді. («Аристократ» сөзі жоғары дворяндар жігіне жататындықты білдіреді және ол сөз орыс тілінде Петр дәуірінде, яғни Петр І мен Екатерина ІІ патшалардың шақыруы бойынша көптеген еуропалықтар Ресейге көшкен кезде, нақтырақ айтқанда,  еліне қайтқан кезде пайда болды).
Шежіре – ататектің «тұлғалар­мен» берілген тарихы. Тарихты адамдар жасайды, ал бұл – әр адамның аты аңызға айналған ата-бабасының, әкелері мен аталарының, алыс және жақын туыстарының  көптеген желілер­дегі нақты тағдырының тарихы.
Шежіре –қазақ халқының адамгершілігі мен ізгілігінің негізі, өйткені адам тәрбиесі аты аңызға айналған ата-бабалардың тағдыры мен ерлігіне, ақындар мен жыраулардың өз ататегінің атын шығарған ұлы тұлғалар туралы шығармаларына негізделген. Ол көшпелі қауымдастықтың әр мүшесін ата-бабаларына лайықты болуға және өз руының, өз елінің, халқының  игілігі үшін ерлік жасауға, сөйтіп өзінің атын тарихта қалдыруға ынталандырады.
Бұл дәстүр көшпелілердің орта ғасыр тарихшылары түгел атап көрсеткен ізгілігінің, адамгер­шілігі мен жоғары инабаттылығы­ның негізі болды. Мұрат Аджи түркілердің рим қоғамына қоян-қолтық кірігіп, әскерде негізгі қызметтерге ие бола жүріп, бар билікті басып алатындай жағдайы әлденеше рет болғанын жазады. Бірақ қызметке кірерде берген серті мен адал борыш сезімі оларды ондайға аттатпаған. Римдіктер түркілердің адамгершілік ұста­ным­дары өте күшті екенін және олар берген серттен таймайтынын түсінген римдіктер соны олардың әлсіз жері деп санап, сол әлсіздігін олардың өздеріне қарсы пайдаланды. Ал біздің ата-бабалары­мы­з әруақты алдау мүмкін еместігі­не құ­дайдай сенді. Ал әруақтың сүйіспеншілігі мен қолдауынан айрылу – қазақтар үшін өліммен тең болатын.
Шежіре адамды өз тегінің
өк­і­лі ретінде сезінуге мүмкіндік бе­реді. Ол әр адамға өз руының намысы үшін жауапкершілік сезімін жүктеді және қандай жағдайда да өзін лайықты ұстауды талап етті. Дала адамы үшін бар­лық құндылықтар жүйесінде ру намысы үстем тұрды, сондықтан лайықты мінез-құлық, ерлік пен өрлік көшпенділер қауымдас­тығының әрбір мүшесіне тән қасиет болды. Ұрыс кезінде қор­қақтық білдіру немесе зұлымдық жасау руын, тегін сатумен бірдей еді, ол ешқашан кешірілмес күнә саналды және ондайлар өлім жазасына кесілетін немесе мас­қара етіп елден аластатылатын.
Шежіре адамның бойында ең ізгі қасиеттерді – еркектерде ерлік пен ізгілікті, әйелдерде инабат­тылық пен адалдықты дамытуға ынталандырды. Ру намысы қазақ әйелдерінің әдептілігі мен қадір-қасиетінің негізі болды. Егер әйел қоғамның моральдық-адамгер­шілік қағидаларын бұзса, ол ата-анасына қайтарылатын, ал мұндай қылық бүкіл ру үшін масқара саналатын. Өз кезегінде, ру да өзінің ортасына қосылған, тұрмысқа шыққан әйелдің намысы мен арының қорғаушы кепілі болды.
Жеке тұлғаның еркіндігі мен теңдігі әлемдік өркениеттің басты демократиялық жетістігі саналатыны белгілі. Ал ол көшпенді қауым­дастық үшін ежелден-ақ тән болған. Бір рудың өкілдері, әлеуметтік және материалдық жағдайына қарамастан, текті бір атаның ұрпағы саналғаны – осының дәлелі.
Сонымен бірге, көшпелі қауым­дастықтың әр адамы әлеуметтік және материалдық жағдайына қарамастан, өзінің ата тегі, зәу-затын жатқа білетін әрі жөн сұрасқанда оларды мақтаныш­пен айтатын болған. Құл адам немесе құқығы жағынан қысым көрген жан өз әулетін, әкесін немесе атасын бұлайша мақтан тұта алмайды. Барлық басқа халық­тар­да өз  ата-тегін білу тек ақсүйек­терге ғана тән болуы тегін емес.
Ертедегі өзге қоғамдармен са­лыстырғанда қазақтарда әйел­дер үнемі маңызды қоғамдық роль атқарды, олардың құқықтары мен бостандығы басқа елдердегіден әлдеқайда көп болды. Ел басына қауіп төнген егер шақта ерлермен бірге олар қолдарына қару алып, өз үйін, өз ошағын қорғауға жарап беретін болған. Бұл – олардың жоғары қоғамдық мәртебесі мен азаматтық жауапкершілігін айна-қатесіз көрсетеді.
Шежіре – уақыт пен ұрпақтар­дың тек генетикалық қана емес, сонымен қатар рухани да байланысы.  Ол – уақыт пен кеңістіктегі өзіндік бір координаттар жүйесі, біздің ата-бабаларымыз сол бойынша әр адамды қалтқысыз танитын болған. Кім де болса әуелі өзінің аты мен тегін айтып, содан соң әкесінің, атасының, оның атасының аттарын атап, әмбеге белгілі бір бабасына дейін санамалай берсе болды. Өзінің ата тегін білу түркі тайпалары мекендеген бай өлке, байсын жерде адамның өзіндік бір танысқы құжаты немесе жеке басының куәлігі есепті болған. Кез келген қазақ оны сол арқылы қабылдап, сол арқылы төріне шығарған.
Шежіре адамның көшпелі қауымдастық өміріндегі өз орны мен қадыр-қасиетін нақты түсіну­ге мүмкіндік берді, лайықты өмір сүріп, құрметке ие болған ата-анасы мен ата-бабалары үшін мақтаныш сезімін тудырды.  Оны қазақтар үшін дәстүрлі әрі мін­детті болып табылатын үлкендерге деген зор құрметтен байқауға болады.
Шежіре –көшпелі қауымдас­тық­тың әр мүшесінің азаматтық құқықтары мен әлеуметтік қор­ғалуы­ның негізі есепті саналады, себебі, ру өзінің әр өкілінің намысы мен арын қорғауға кепілдік береді. Егер адамның артында тұтас руы тұрса, ондай адамды жазықсыз қорлау мүмкін емес еді. Ру өзінің әр мүшесі үшін жауап беретін, сондықтан ол адамның азып-тозуына, ішімдікке салынып немесе қайыр сұрап, қаңғы­рып кетуіне жол бермейтін, өйткені ұят тек оның отбасына ғана емес, бүкіл руға келетін.
Шежіре –қазақ халқының елжандылығының негізі. Егер адам өз халқының тарихын білсе, өзінің ата-бабасын мақтан тұтса, демек, оның өз халқын, өз  Отанын сүйгені.
Өкінішке қарай, ата-бабамыз­дың жүздеген ұрпағы мыңдаған жылдар бойы қастерлеп сақтаған қасиеттерін біз Кеңес билігінің
73 жылында, социализм кезінде өскен адамдардың бар-жоғы екі-үш ұрпағының тұсында жоғалтып алдық. Менің ойымша, халқы­мыз­­дың осыншама қарқынды түрде азғындауының басты себебі осында болар деймін. Тіпті, ең жа­­қын, ет-бауыр туысының ке­дей-кепшік жағдайына, мүшкіл халіне қайры­лып та қарамайтын, қаты­гез­дік қалыпты жағдайға айналды. Жағымпаздықты айтпа­ғанның өзінде, алдау мен арбау,  дарақылық пен сайқалдық қоға­мымыздың қойны-қонышын кеулеп, адамдар­дың санасы мен салтына терең бойлап кіріп алды. Ең бастысы, біз туыстарымыз, елдес­теріміз, өз халқымыз үшін, еліміз­дің тағдыры мен болашағы үшін жауапкершілік сезімінен жұрдай  болдық. Атқара­тын қыз­метіне сәй­кес халықтың игілігі мен өркен­деуі үшін қамқор­лық жа­сауға міндетті адамдар тарапынан болатын немкеттілік пен енжар­лықты көргенде иманың қасым болады.
Соңғы кезде біздің әлемімізбен қатар басқа бір нәзік дүние бар екені жайында, тіпті оның өкіл­дері­мен тікелей қарым-қатынас туралы жиі айтылып жүр. Мысалы, қазір Алматыда  «Ата жол» дейтін қозғалыс пайда болып, табысты дамып келеді, ол ежелгі түркі дәстүрі бойынша, ата-баба рухы – әруақтармен қарым-қатынасқа түсіп жүргенге ұқ­сайды.
Жақында біздің қаламызда құдайлық жоспарлар мен нәзік әлемнің шындығына тағы бір нақты дәлел пайда болды. «Орбита» ықшамауданында Эльвира Светлова деген керемет әйел өмір сүреді, ол қазір жаны жұмақтағы күйеуі Александрмен сөйлесе алады. Күйеуі марқұммен бірлесіп, «Өлім ашқан өмір» атты керемет кітап жазып шығарды, онда олар жұмақтағы өмір мен пейіштің құрылымы туралы баяндайды. Нәзік дүниемен осы тікелей байланыс оларға біздің  әлемдеріміздің құрылымы мен өзара әрекеттес­тігінің алуан қырларын ашуға мүмкіндік берді.  Атап айтқанда, байланыс сеанстарының бірінде Александр қайтыс болған жандар­ға арнап  ас беру, жақсы сөздермен еске алу әруағына деген үлкен қолдау болатынын және оның өте маңызды екенін растады.
Өткен жылдың соңында менің жолым болып, Сайлыбай Бекболатов дейтін азаматпен таныстым. Ол араб әліпбиі әріптерінің цифрлық мәндерге сәйкестігі негізінде адамзат үшін басты кітаптардың: Тора, Көне Өсиет, Інжіл мен Құранның қасиетті мәтіндерін түсінуге кілт тап­қанын, әлем құрылысы туралы барлық ілім соларда жатқанын анықтағанын айтады. Оның шәкірті әрі пікірлесі Ардақ Шал­ғынбаев осы жайында әңгімелеп беріп, мені бір дегеннен қызық­тырғанын да айтуым керек.
Осы қасиетті кітаптардың мәтіндерінің барлығы біркелкі сандық мән береді, ал бұл солар­дың бәрі бір нәрсе туралы айтатынын және бәрінің дереккөзі біреу – Құдайы жаратылыс екендігін көрсетеді. Ал қазақ тілінде
шиф­р­ланған қасиетті кітаптардағы асыл білімдер жұмбағының ашылуы біздің ата-бабаларымыз Әлемнің, атомның құрылысы мен басқа да көптеген жайлар тура­сындағы киелі білімдерге ие бол­ғанын дәлелдейді.
Мұхаммед пайғамбар атының сандық мәні 92. Менделеевтің дүркіндік кестесінде осы нөмір Уранға сәйкес келеді. Қазақ тілінде уран – нышан, құбылыс деген мағынаны білдіреді, ал ол адамзат тарихында ұлы пайғам­бардың роліне толық сәйкес – Ол шын мәнінде нышан, жаңа құ­бы­лыс болғаны анық. Уран – планетадағы табиғи радиобелсен­ділікке ие бірден-бір элемент. Секунд сайын оның әр килограмынан өздігінен және кенеттен
7 ядро атқылап шығады да, олар­дың  әрқайсысы 4 нуклонға бөлі­неді. Демек, уранның әрі килограмынан 28 нуклон шығады. Сөйтіп, Сайлыбайдың айтуынша, жер қабатынан атқылап шыққан олар біздің ойларымыз бен дұғалары­мыз­ды қағып алып, Әлем кеңіс­тігіне, Құдайға секундына 300 000 километр жылдамдықпен жеткізе­ді.  Демек, уран изотоптары біздің ойларымыздың энергиясын тасымалдайтын өзіндік көлік құралы және жердегі адамдардың Ғарыш­пен немесе Құдаймен өзара әреке­тінің өте маңызды элементі болып табылады. «Сен Алланың ізгі сөзді тәмсілмен келтіретінін көрмеп пе едің – ол қайырымды ағаш тәрізді: оның тамыры берік, ал бұтақтары аспанда…» (Құран, 14-с., 24-аят) және «Алла – аспан мен жердің нұры. Оның сәулесі – ойық тә­різді; онда шам, ал шам – шыныда; шыны інжу жұлдызы сияқты. Ол шығыстық та, батыс­тық та емес, киелі ағаш – зәйтүн­нен жанады. От тимесе де, оның майы жануға дайын. Алла кімге көңілі түссе, соны өзінің жарығына же­те­лейді, Алла адамдар үшін тәмсіл айтады. Алла барлық нәрсені біледі!» (Құран, 24-с., 35-аят) дейтін Құран сөздеріне сүйеніп, Сайлыбай Бекболатов бұл аяттар жұмақ бағында кереметтей болып жанып тұратын ізгілік пен зұлым­дықтың таным Ағашы туралы айтылған деген қорытынды жасайды да, оны уран ағашы деп атайды, өйткені уран ыдыраған кезде бөлінетін альфа-бөлшектер Құдаймен қарым-қатынас құралы болып табылады. Оның дүние құрылымы жүйесінде ол  сол бая­ғы қазақ дәстүріндегі өмір ағашы Шежіре мен әлемдік ағаш Бәйте­рек орындайтын екі дүние­нің энергетикалық өзара әрекеті функциясын атқарады.
Мұхаммед (с.ғ.с.) Алланың жерге жіберген соңғы пайғамбары болып саналатындығы, ал уран Менделеевтің  дүркіндік кесте­сінде соңғы тұрақты элемент екен­дігі туралы пайымдау да қызық.
Қазіргі заманның атақты эзо­териктерінің бірі Александр Свияш біздің барлық ойларымыз бен тілектеріміз нәзік энергия түрінде жоғарыға көтеріліп, әлде­бір энергетикалық сыйым­дылық­қа – эгрегорларға жинақта­лады деп санайды.  Жеткілікті мөлшер­дегі энергия жиналғанда олар біздің әлемімізде материалданады, яғни адамның ниет-тілегі жеткілікті дәрежеде табанды және дәйекті болса, онда ол өз энергиясымен өзінің кез келген арманын шындап іске асыра алады.
Мен оған нәзік әлем туралы және әруақтарға энергетикалық күш-қуат беру жайындағы өзі­міздің түсінігімізді айтқанымда ол: дұғалардың, ойлардың немесе ниеттердің энергиясы қайда бағытталатыны, яғни олардың эгрегорларға немесе о дүниелік бабаларымыздың әруағына тиетін-тимейтіні маңызды емес, ең бастысы – бұл сұлбаның жұмыс істейтіні және өзіңнің өмірлік жоспарларыңды жүзеге асыру үшін оны пайдалануға болатыны деді әрі соны пайдалану керектігін айтты.
Халықтардың Ұлы қоныс­тануы­ның өзегі болған және дүниежүзілік өркениеттің пайда болуы мен дамуында айрықша роль атқарған халқымыздың шынайы тарихы мен беделін қалпына келтіріп, ата-бабаларымыздың қолдауы мен мейіріміне қайтадан ие болу үшін біз аруақтармен энергетикалық өзара әрекеттестік пен қарым-қатынас дәстүрін – «Шежірені» қалпына келтіруіміз керек. Тек сонда ғана біз әлем­дік құрылыстың қалыбымен өзара әрекеттің жаңа деңгейіне шығып, Отанымызды жаңғырта аламыз.
Биыл біз  Қазақтан  Тәуелсіз­ді­гі­нің 25 жылдығын атап өтпек­шіміз. Осыдан екі жыл бұрын Елбасымыз елімізді мекен еткен барлық халықтарды бір қауымға бірікті­ретін «Мәңгілік Ел» атты жаңа ұлттық идея ұсынды. Осы идеяны Шыңғысхан бабамыз өзін ақ киізге орап, барлық түркі халық­­тарының ханы деп жария­лаған құрылтайда алғаш рет ұсынған болатын. Енді міне, арада 800 жыл өткеннен кейін біз қайта бірігіп, ұлы ұлт болуға құлшыныс танытып отырмыз.
Өз басым еліміздің барлық халықтарын «Мәңгілік Ел» идеясы арқылы біріктіру – осынау жаһанданған әлемде әр адамның өз орнын лайықты табуының бірден-бір мүмкіншілігі деп санаймын. Біз барлығымыз Пре­зи­ден­тіміздің сан түрлі ұлттарды бірлікке жұмылдырғаны үшін және өзі қоғам ынтымақтас­тығының кепілгері болғаны үшін оған ризашылығымызды айтамыз. Бір елде тұратын әр түрлі ұлттар өздерін бірыңғай халық ретінде сезінбесе, дүниенің қан­ша­лықты осал екенін әр түрлі елдердің мысалынан көріп, біліп жүрміз.
Әрбір адам қоғам құндылығы саналған, адамның өз халқы мен руластары алдында, көшпелі қауымдастықтың әр мүшесінің алдында өзара жауапкершілігі болған дәстүрлі қазақ қоғамының жоғары  адамгершілік  қағида­ларын қалпына келтіруіміз керек. Тек осындай қағидаларға негіздел­ген қоғамда ғана болашағы зор, мәңгі және ұлы халық өмір сүре алады. Халқымыздың Өмір-да­рағы – Шежіресі қайтадан қуат пен күшке ие болып, оның өткендегі ұлы­лығын қалпына келтіретін және қазір де, бола­шақта да оны мақтан тұтатын жаңа ұрпағы  сол Дарақ­тың саясында өсіп-өне берсін!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір