Ана мен баланы қорғау – ардақты міндет
18.11.2016
2581
0

С.ҚАЛИЕВА,
Экономика институты Әлеуметтік саясат және адам капиталын дамыту бөлімінің
меңгерушісі, э.ғ.д., қауымдастырылған профессор


Қандай елдің болсын демо­­графиялық, экономикалық, еңбек және әлеуметтік әлеуетін арттыру халықтың және ең алдымен ана мен баланың ден­сау­­лығына тікелей байланысты болады. Міне, сол себепті, Қазақстан Рес­пуб­ликасында да ана мен баланы қорғау – елдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі болып отыр. Сондықтан да ана өлімімен күрес бүгінде денсаулық сақтау ісіндегі ең өзекті міндет, ардақты борыш саналады.

Өткен ғасырдың 90-шы жыл­дарында елдегі жалпы эко­­номикалық жағдайдың на­шар­лауына байланысты ана­лардың өлім-жітімі күрт артып, үлкен әлеуметтік проб­лемаға айналғаны бәріміздің есімізде. Сол кезеңде қан аздыққа, бүй­рек, жүрек-қан тамырлары жүйе­сі ауруларына ұшыраған әйел­дер саны қауіпті шегіне же­тіп, қатты алаңдаушылық туғызған болатын. (1990 жылы 199 өлім жағдайы тіркелсе, 1999 жылы ол 141 болды). Ал бұл халықтың едәуір бөлігінің әлеу­меттік-экономикалық жағ­­дайындағы қиын­шы­лы­қ­тарды, білікті медициналық кө­мектің жетімсіздігі немесе тіп­ті жоқтығы, бірқатар ау­ру­лардың алдын алу шара­ла­ры­ның мүлдем жүргізілмейтіні се­кілді келеңсіз жайларды әш­керелеп берді және тәуел­сіз­дік­ке жаңа ғана қолы жеткен жас мемлекеттің алдына со­лар­ды тез арада жоюды міндет етіп қойды.
Бүгінде Қазақстан ана өлімі дей­тін сұмдықтан едәуір арылып, бұл жөнінде орта  дәреже­лі көр­сеткіші бар мемлекеттер са­натына ілікті. Дегенмен, Ұлт­­тық экономика министрлігі Статистика жөніндегі коми­те­тінің мәліметтері бойынша, 2016 жылдың 8 айында сондай 32 жағдай тіркелді. Бұл жөнін­де­гі неғұрлым жоғары көр­сет­кіш Павлодар, Батыс Қазақ­стан, Ақтөбе, Қарағанды, Жам­­был, Оңтүстік Қазақстан, Шы­ғыс Қазақстан облыс­та­рын­­да орын алғанын атап өт­кен жөн.
Ана өлімінің негізгі се­беп­тері мыналар:
– перинаталдық (босан­ған­ға дейін, босанар кезде жә­не босанғаннан кейінгі) кезеңде болатын жай-күйі – 54,5%;
– дамудың туабітті ақау­лы­ғы – 22,2%;
– сепсис – 6,5%;
– тыныс органдарының ау­ру­лары – 6,4 %.
Ана мен бала өліміне жол бер­меу мақсатында Қазақ­стан­да іске асырылып жатқан ша­ралар қатарында мыналар бар:
– Денсаулық сақтауды да­мытудың 2016–2019 жылдарға ар­налған «Денсаулық» мем­ле­кеттік бағдарламасы;
– «Ана мен баланы қорғау» мем­лекеттік бағдарламасы;
– Қазақстан Республи­ка­сын­дағы гендерлік теңдік стра­тегиясы;
– Қазақстан Рес­пуб­лика­сы­ның «Азаматтардың өсім­паз­дық құқықтары және оларды жүзеге асырудың ке­піл­діктері туралы», «Йод тапшылығы ау­ру­­ларының алдын алу туралы», «Бидай ұнын темір препа­раттармен, дәрумендермен байы­ту туралы» және т.б. заң­дар;
– Босануға жәрдем беру жә­не балаларға қызмет көр­сету жұмысының тиімділігін арт­тыру мен біртұтас үлгісін ен­г­ізу жөніндегі жол картасы, ай­мақтық жол карталары;
– Екіқабат әйелдер мен бо­санатын әйелдерді, жас бо­сан­ған аналар мен балаларды ауруханаға жатқызу тәртібі;
– Аналар үшін 5 жасқа де­йін­гі балаларды бағып-қағу Ере­желері (Денсаулық сақтау жә­не әлеуметтік даму ми­нистр­лігінің, ЮНИСЕФ-тің жә­не Бүкілдүниежүзілік Ден­саулық Сақтау Ұйымының бір­лескен Жобасы);
– акушерлік-гине­ко­ло­гия­лық көмек көрсетуді ұйым­дас­тырудың үлгісі;
– перинаталдық өлім-жі­тім­ді тексеруді енгізу және бас­қалар.
Өмір сапасы халықтың ана өлі­мін азайтуға, табиғи өсім­нің  көрсеткіштерін жақсар­ту­ға ық­пал ететін сипаттардың жүйе­сі арқылы айқындалатын әл-ауқаты  арқылы  бейнелене­ді. Оны материалдық әл-ауқат дең­гейі, әлеуметтік қорғалу, ден­саулық және медициналық кө­мектің, өзіндік даму мүм­кін­дігінің, білім берудің дең­гейі мен сапасы, еңбек пен де­малысты ұйымдастырудың жай-жапсары, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымы, әлеу­мет­тік-экономикалық және сая­си жағдайдың тұрақ­ты­лы­ғы, басқа да толып жатқан фак­­торлар айқындайды. Осы орайда халықтың жалпы әл-ау­қа­тын ұзақ мерзімде арттыру әйелдер мен аналардың ден­саулық жағдайын жақ­сар­тумен бір мезгілде жүзеге асы­руылы тиіс. Ол үшін міндетті шарт­тар мыналар:
– ананың босануына және ба­лаға көмек берудің біріккен үл­гісін енгізу жөніндегі жұ­мыс­ты үйлестіру;
– ананың босануына және ба­лаға көмек беру жөніндегі нор­мативтік-құқықтық базаны халықаралық тәжірибе мен ДСҰ ұсыныстарын ескере оты­рып талдау;
– ана өлімі мен пери­на­тал­дық, өлім-жітімнің, акушерлік практикадағы тосын жағ­дай­лардың себептерін анықтау бойын­ша тексеріс жүргізу;
– біліктілігі жоғары кадр­лар­дың тапшылығын кеміту;
– созылмалы ауруы бар жүк­ті әйелдерді қауіп-қатер топ­тары бойынша бақылауға алып, диспансеризациялау;
– әр түрлі қорлармен ын­ты­мақтасу және олардың мүм­кіндіктерін денсаулық пробле­маларын шешуге пайдалану;
– перзентханаларға, бала­лар­дың ауруханаларына құ­рал-жабдықтар алуға және озық технологияларды енгі­зу­ге, жеткілікті қамтамасыз етіл­меген отбасыларын ма­те­риалдық қолдауға гранттар тар­ту, әр түрлі акциялар өт­кізу;
– шығармашылық, рухани жә­не нақты мүмкіндіктерді да­мыту арқылы жеке тұлға­лар­ды қалыптастыруға бағыт­талған білім беру үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық мүм­кіндіктер туғызу, мүгедек ба­лалары бар әйелдерге әлеу­меттік көмек жасау;
– түсік жасауды болдырмау мен алдын алу жөніндегі жұ­мысты ширату;
– он сегіз жасқа дейінгі ба­ла­лар мен бала туу жасында­ғы әйелдерге тегін медицина­лық көмек беру мен оларды одан әрі сауықтырудың кепілді көлемін арттыру;
– бес жасқа дейінгі және дис­пансерлік есепте тұратын он сегіз жасқа дейінгі балаларды белгілі бір аурулар тізбесі бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша шараларды тұжырымдау;
– білікті және маман­дан­дырылған медициналық кө­мек­тің қолжетімділігін қам­та­масыз ету;
– балаларды, аналар мен жүк­ті әйелдерді сауықтыру жә­не денсаулықтарын жақ­сарту орталықтарын құру;
– саламатты өмір салты, өсім­паздық саулықты қорғау, ана қауіпсіздігі, балалар ара­сындағы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша тұ­рақ­ты жұмыс істеу;
– ықтималды қатысу­шы­лар мен мүдделі құрылымдарды тарта отырып ана мен баланы қорғаудың бүтіндей жүйесін жасау;
– өсімпаз денсаулықты қор­ғау саласындағы  әлеумет­тік жобаларды іске асыру;
– ақпараттық-біліми бағ­дар­ламаларды әзірлеу, соның ішін­де отбасын жоспарлауға, толғақ  алдындағы  жағдайларға қа­тысты жұртшылыққа ақыл-кеңес беру;
– әйелдер мен балаларды қорғауға байланысты жобалар­ды жүзеге асыруда мемле­кет­тік-жекелік серіктестікті дамыту және т.б.
Сөйтіп, аналарды қорғау­дың, ана өлімін азайтудың не­гізгі мақсаты ана мен бала өмі­рін сақтауды, сапалы ме­дициналық көмек беруді, өсім­тал жастағы әйелдердің ден­саулық индексін көтеруді қам­­тамасыз ету үшін жағдай ту­­ғызу болмақшы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір