Қайырымды адамдар көбейіп келеді…
18.11.2016
5383
9

Байқайсыздар ма, қайырымды адамдар қа­тары жылдан-жылға көбейіп келе жатыр. Әй­теуір соңғы уақытта жан-жағына мейірім шуа­ғын төгіп жүрген қайырымдыжандарға жиі жолығамын. Бір қызығы олардың бәрі бір­дей қалтасы қалың, үлкен қаржылық топ­тарға кіретін дәулетті адамдар емес. Бі­ра­қ ру­хани жан-дүниелері бай адамдар.
Сөзім жалаң болмасын, бірер мысал кел­ті­ре кетейін. Осыдан біраз уақыт бұрын мені «Қа­зақстан» телеарнасыБейсен Құранбек жүр­гізетін «Айтуға оңай» хабарына шақырды. Қайырымдылық тақырыбына арналған ке­зекті бағдарламаға Қазақстанның түкпір-түк­­пірінен келген «Атымтай жомарт» адам­дар­дың көптігін көріп қайран қалдым. Қуан­­дым. Сүйсіндім. Бір жағынан мейірімге зәру, тұрмыс-тіршілігі төмен жандарға мем­лекетіміздің өз дәрежесінде әлі жан-жақты то­лық қамқорлық жасай алмай жатқанына жа­ным ауырды. Алайда, жекелеген адам­дар­дың «Бұның маған қатысы қанша? Осы өкі­мет қайда қарап отыр?!» деп сыртта тұрып, би­лік тұтқасын ұстағандарды сынамай, өз қан­дастарына шама-шарықтарына қарай кө­мек қолдарын созғанына риза болдым.
Атырау қаласынан келген өрімдейжап-жас қыз-жігіттер қолдары қысқа, қалталары те­сік, дерттері ауыр науқастардың ем-до­мы­на қажет көп қаражатты жинау үшін өз күш­тері­мен түрлі аукциондар ұйымдастырып, та­лай жанның ажалына араша болған екен. «Көп түкірсе көл» деген рас-ау. Олар жұ­мыс­тан соң немесе сабақтан бос уақыттарында бір-бірімен хабарласа отырып, мүгедек, кем­тар, жоқ-жітік жандардың тозығы жеткен бас­паналарын жөндеп береді екен. Қысқа жіп күрмеуге келмей жүрген талай адамның алғысын алғандары сөзсіз.
Жастар бастап, көпшілік қостаған осындай ізгі іс-шаралар өзге өңірлерде жалғасын тауыпты. Атыраулық қыз-жігіт­тер­дің бастамасын  республикамыздың түкпір-түкпі­рінде тұратын қарапайым студенттер мен жұ­мыс­шы жастар іліп әкетіп, қазір жер-жерде «Жү­рек­тен-жүрекке» деп аталатын кең ауқымды қайырымдылық акциясы жүріп жатыр екен. Әр облыстан келген көкөрім қыз-жігіттердің тындырған істерін бейне сюжеттерден көріп, әңгімелерін өз ауыздарынан естігенде еріксіз тебірендім. Аң­қыл­даған аппақ пейілдері мен жақ­сылық жасауға деген ынта-ықылас­та­ры­нан басқа қолда­рында түгі жоқ жастардың қайырымды істеріне төбем көкке жеткендей бол­ды…
Ал  Алматы қаласында тұратын, жүрек­тері жұмсақ, мақсат-мүдделері ортақ бір топ қыз-жігіт әлеуметтік желілер арқылы бір-бірін тауыпты. Сөйтіп, әрқайсысы өз қалта­ларынан қаржы шығарып, жарым көңіл қарттарды қа­ладағы жақсы мейрамханаларға шақы­рып­ты. Жасыратын несі бар, басы – аман, малы – түгел, төрт құбыласы түгел адамдар апта сайын болмаса да, ай сайын әйтеуір не ағайын-туысының, не жолдас-жораларының тойларына шақырылып, сән-салтанаты бір-бірінен асқан тамаша мей­рамханалардың талайының табал­дырығын тоздыруда. Ал қартайғанда амалсыздан қарттар үйіне қоныс аударған қамкөңіл қарияларды елеп тойына шақырып, құр­меттеп төрге шыға­ратын жандар бар деп кім ойлаған…
Қараусыз қариялардың көңілін көтеретін қы­зық ойын-сауық ұйымдастыруды ал­ма­тылық жастар үрдіске айналдыра бастаған сыңайлы. Бір ғажабы, бұларға шын көңілден бе­рілген алғыс-батадан артық ештеңе де ке­рек емес екен. «Жастар бұзылған, жастар қа­ты­гез, жастар мейірімнен жұрдай» деген жа­ғымсыз сөздерді жиі естіп жүргендердің талайы, бәлкім, осынау жастардың атқарып жатқан істерін көгілдір экраннан көрген соң өз пікірлерін түбегейлі өзгерткен болар деген ойдамын.
Атырау облысынан келген Мұрат Сарманов деген кәсіпкер жігіт көп балалы, тұрмыс жағдайлары төмен бірнеше отбасын өз қам­қор­лығына алған екен.Жасыратыны жоқ, өз адам­дарымызға келгенде тиынның татын жа­лайтын тас сараңға айналып, ал бір түндік тойына Ресейдің танымал әнші, артистерін ша­қырып, басқаларға мырзалығын көрсетіп, өз атын шығару үшін жаттан ештеңесін аямай шашатын талай байшыкештерді естіп-көріп жүрген көрермендер «Шіркін-ай, осын­дай қолы ашық, пейілі кең азаматтар ара­мызда көп болса ғой!» деп Мұрат мыр­за­ға іштей риза болғанына күмәніміз жоқ.
Тек кәсіпкерлер ғана емес, өнер адамдары да тағдыр теперішін көріп, тығырыққа ті­релген кейбір адамдарға мейірім шуағын төгіп, жүрек жылуын таратып жүрсе керек. Оған да телехабар барысында көзіміз жетті. Жастар арасында танымал жас әншілердің бірі – Ернар Айдар соңғы уақытта қайы­рым­ды жігіт ретінде көптің көңілін баурап, жү­ре­гін жаулай бастаған сыңайлы. Оның айтуынша, Қазақстандағы өнер жұлдыздарының біразы қайырымдылық концерттерін өткізіп, түскен қаржыны ауыр науқасқа шалдыққан жандарға көмектесу үшін жұмсайды екен.
Биыл жазушы Ділдар Мамырбаева екеу­міз «Алтын жүрек» Ұлттық Қоғамдық сый­лы­ғына лайықтыларды іріктейтін қазылар алқасының құрамында болған едік. Сонда же­тім балаларға, мүгедек жандарға, соғыс ар­дагерлеріне қол ұшын созған, білімді, спорт­­ты дамытуға үлес қосқан, денсаулық са­­ласына қолдау көрсеткен қайырымды жан­­дардың көптігіне тағы да көз жеткізе түс­тік. Әрине, солардың арасынан ең мық­ты­сын таңдау бізге оңайға түспеді.
Тіпті, араларында өздері мүгедектердің қо­ларбасына таңылғанымен, өзгелерге жақ­сылық жасаудан ләззат табатын, өмірге құш­тар және ізденімпаз, кең жүректі жандар да бар екен. Шағын кәсіпорындар ашып, оған өз­дері сияқты кісілерді қызметке тартып, өзі удай қымбат, мүгедектерге қажет шетелдік түрлі жабдықтарды алмастыратын, баға­сы қолжетімді зәру дүниелерді жасап, қол­да­ныс­қа шығарып жатқан өнертапқыштар жай­лы біліп, соншалықты қайран қалдық.Қа­лай таңғалмассың!? Он екі мүшесі түгел, теп­се темір үзетін жастардың біреуге жақс­ы­лық жасау тұрмақ, өз қара бастарын асырай ал­май, жұмыссыздықты сылтау ғып, сары уайым­ға салынып, жаңбыр жаумай су болып жүр­гендерін күнде көріп жүрген жоқпыз ба…
Биылғы «Алтын жүрек» жобасында Кү­ләш Сәрсембаева, Жақсылық Үшкемпіров, Дүй­сенғали Оспанов, Ұлмекен Қожасова, Ким Никон, Рада Хайрушева сияқты жаны жо­­март жандар әр түрлі номинациялар бойын­ша жүлделі орындарға ие болды. Қайырымды істерімен көпке үлгі боп жүрген көкірек көзі ояу, жүрегінде иманы бар адамдар қатары жылдан-жылға көбейе түсеріне күмәніміз жоқ.Ел ішінде елеусіз ғана, қайы­рымдылық істердің ұйтқысы боп жүрген біз білмейтін жандар қаншама. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз ежелден өз ұрпағының құ­лағына: «Біреудің өзіңе жасаған жақ­сы­лығын ешқашан ұмытпа, өзіңнің жұртқа жа­саған жақсылығыңды ұмытып кет, еш­кімге міндет қылма, мақтанып, жұртқа айт­па», – деп құйған жоқ па еді?! Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі…
Алайда алда-жалда балалар үйіне бір те­ледидар, не жалғыз компьютер сыйлай қал­са, дереу телеарналарға сұхбат беріп, га­зет-журналдарға өзінің қандай керемет қайырымды іс тындырғаны жайлы көлемі көр­педей мақала шығартып, ел-жұрттың кө­зіне түсуге жаны құмар мақтансүйгіш пы­сықтар да арамызда жүр. Менің ойымша, оның бәріне ұлттық тәлім-тәрбиенің та­мыры­нан қол үзгендігіміз кінәлі сияқты.
Қайырымдылық жайлы сөз қозғалса, пай­ғамбарымыздың /с.а.у./: «Мына үш нәрсе кім­нің бойында болса, Алла оны қорғауына алып, оны жәннатқа кіргізеді. Әлсіздерге жұм­сақтық, әке-шешеге мейірім, құлдарға жо­марттық», – деген сөзі ойға оралады. Осы­ны ұмытпайықшы, ағайын!

Заря ЖҰМАНОВА,
жазушы

ПІКІРЛЕР9
Аноним 01.11.2019 | 18:18

Зария апке Ассалаумагалейкум меним есимим Курманкул Бекахметова жасым 39 да мен Жетсай каласында турам. Жалгыз Басты анамын еки егиз кызым бар Уй жайым жок. Куйеуим ишимдикти тандап мени тастап кеткен. Ол кисиге озим кеш турмыска шыктым 2010 шыктым 2012 тастап кетти. 2011жылгы кызым .Жалгыз тапкан табысым ас аукатка жетпейд .табыс козим 40мын квартира тамак Ким осыганда жетпид .Озимнин козим инвалит.Козим кунсанап корми келед .баспанага муктажбыз .Казир Соны 6жыл ар квартирага отип шаршадык .Маган баспанага комек берсениздер Дим отиниш .Аллах разылыгы ушин мынау байланысым .87027042967 комекке зарумиз .

Аноним 26.11.2019 | 20:17

Қалдарыңыз қалай. Маған қол ұшын беретін адам керек. Егерде сондай жан ашыр адам болса ең үлкен рахмет айтар едім. Жағдайым қиын.

Аноним 27.02.2020 | 17:42

Ассаламу аллейкум жамагат! Менде комек колын сурауга мажбур болп отырмын,3 балам бар,быреуы туылгалы мугедек жасы 7 де,сол жолдасым балама шыдай алмай тастап кетты,быр пенсиямен баламды аякка тургызалар емеспн,Алла разы болсын колдан келгенше комек бериниздершы,инстада help_help_abdurahim келып тексерем дегендерге адресымды берейын,меным тел 8702 101 11 86(каспий голдта осы номерде) алдын ала рахмет!!!

Аноним 23.03.2020 | 22:11

Салеметсдерма менде көмек сурап отырмын өтініш көмектесніздерші

Аноним 23.03.2020 | 22:15

Бес балам бар казіргі танда қаты қйналып отырмыз шынымды айтсам дажы прадокты алуға ақшам да жок өтініш көмек қолын созыныздаршы 87772454678 н

Аноним 11.03.2021 | 22:24

Ассалаумағалайкум жамағат менің бес балам бар жағдайымыз төмен сіздерден өтініш көмек қолын сұраймыз кәзір квартира да тұрамыз. Бірақ сіздерден үй сұрамай мын.
Жай аздап көмек берсеңіз дер гой шүкір етеміз 87051901172 .

Аноним 22.04.2021 | 16:54

87085884296
Көмек керек

Аноним 05.07.2021 | 21:07

Шын комекке жалгыз басты аке муктаж 4баласымен дала кангырып жур комек тесиниши отинемин мен карындасы боламын

Аноним 10.02.2024 | 13:41

Саламатсызба жалгыз басты анамын кешкентаиым8 аилык пособия алам тамак жагынан муктажбын 87055598638

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір