Қазақ әдебиетінің өрісі
21.12.2016
2139
0

25-28 қараша аралығында  Лондон қаласында «Open Eurazian Literature Festival&Book Forum – 2016» атты V халықаралық әдебиет фестивалі өткені белгілі.

Бұл – Еуразия аймағындағы әде­биеттің дамуына ықпал етіп отырған бірден-бір халықаралық әдеби фестиваль. Еуразиялық  шығармашылық  одақ  (Лондон) пен Юнус  Эмре атындағы Түрік мәдени  орталығы және бри­тан­дық Hertfordshire Press баспа орта­лығының ұйымдастыруымен өткен фес­тиваль  жазушылар  мен  ақын­дар­дың, режиссерлер мен суретшілер  басын  қосқан за­манауи кеш болды. Осы фестивальге қазақстандық «Bestseller KZ» әдеби агенттігі ұсынған жазушы Серік  Асыл­бекұлының «Бөтеннің тойы» повесі «Көркем шығарма» номинациясы бойынша, жазушы Айгүл Кемелбаеваның «Қоңырқаз» әңгімесі «Көркем аударма» номинациясы бо­йынша лауреат  атанды. Бұл  әдеби агент­тіктің негізін қалаушы Бақтыгүл Маханбетова. Байқауға әлем­нің 43 елінен 1400 шығарма жолданған еді. Лауреат атанған қаламгерлердің шы­ғармалары  болашақта  ағылшын  тілінде басылып, әлемнің 43 еліне  насихатталады. Лондонның  атақты баспагерлері мен әдебиетшілері сарапқа салған бәй­геден оқ бойы озық шыққан әріптес­теріміздің  бұл жетістігін тек  жеке адам­­ның ғана емес, қазақ әдебиетінің жеңісі  деп бағалауға болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір