ЕКІНШІ ЖОҒАРЫ БІЛІМ
11.11.2016
2009
0

1448886923_money3_etoday-kzБүгінгі қоғамда білімнің қадірі артып, өткен күндермен салыстырғанда ең өзекті мәселелердің бірі болып тұрғандықтан, екінші жоғары білім алғысы келетіндердің қатары күннен-күнге көбейіп келеді.

Біздің пайымдауымызша, оның бірнеше себебі бар: Мә­се­лен, еңбек нарығының әмбебап ма­мындықтарға деген сұра­ны­сы­ның артуы, мансап жолында жо­­ғарылауға қол жеткізу, маман­дық­ты өзгертуге ұмтылу, еңбе­к­а­қы­сын ұлғайту, жалпы, білім алу­ға ұмтылу, қоғамдағы мәр­те­бе­сін көтеру, жеке өмірін түзеу, қа­зіргі заман талабына сай бір-бі­рін толықтыратын бірнеше ма­мандықты игеру, кейбір ма­ман­дықтарға қажеттіліктің өз­геруіне байланысты, басқа ма­ман­дыққа көшу керек бол­ған­дықтан, заман талабына сай кәсіби маман атану, кезінде өзіне ұнайтын мамандық бойынша білім ала алмаған­дық­тан, бала күнгі арманына қол жет­кізу, т.б. өмір ағымындағы жай­ларға байланысты көпшілік екін­ші жоғары білім алуға ұмты­ла­ды.

Кім-кімнің болса да екінші жо­ғары білім алуға ұмтылуының та­ғы бір негізгі себебін «Нұр Отан» ХДП-ның «ЕРТЕҢІҢ ҮШІН АЯНБА!» «100 маман­дық» бағдарламасында: «Бүгін дұрыс таңдалған мамандық – ол ер­теңгі табысты өмірдің кепілі. Сон­дықтан әрбір адам қолынан не келсе, сонымен айналысуы ке­рек. Ол өз кәсібінің шебері болуы қажет. Сол кезде ғана ол жақ­сы өмірге қадам жасай алады. Өске­лең ұрпақ осы қағиданы не­ғұр­лым ертерек түсінсе, со­ғұр­лым оларға осы мақсатқа жету жеңіл болады… Ал біздегі жағдай қан­дай?Бүгінгі таңдағы жағдай ке­лесідей: жастар өздерінің қа­бі­летін ескермей, өздерінің немесе ата-аналарының  ойынша бедел­ді, «тәуір» деп саналатын маман­дық­­тар­ды таңдайды. Осы тұрғыда олар оқу орнының қабырғасынан тыс жағдайдағы перспективаны емес, басқалардың пікірі мен уа­қыт­ша амбицияны ғана ескереді. Осы­дан келіп бізде, мысалы, жыл сайын оқу бітіретін заңгерлер мен экономистердің саны артып жығылады. Ал еңбек нарығында көп­теген мамандықтар бойынша жұмыс орындары бос қалып жатады. Мұның барлығы еңбек на­­рығында сұраныс пен ұсы­ныс­тың арасындағы теңгерімнің бұ­зылуына әкеп соқты.Болашақ ма­мандық  таңдау кезінде мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жас азаматтың аңсаған ар­маны мен шынайы қажеттілік­терін басшылыққа ала отырып, тұл­ғаның ерекшеліктері мен қан­дай нәрсеге икем екендігін ес­керіп қадам жасаған дұрыс», – деп атап көрсетеді.

Білім алу мәселесіне қатысты та­ғы бір маңызды сұрақ – ол оқу­ды қаржыландыру. Бұл ретте бір­неше қаржы көздерін атап көр­сетуге болады:

  • мемлекет есебінен – мемле­кет­тік білім гранты және мем­ле­кет­тік білім несиесі, жоғары оқу ор­нының өз гранты, орталық жә­не жергілікті атқарушы орган­дар­дың гранттары мен стипендиялары және т.б.;
  • мемлекеттік емес қаржы көз­дері – атаулы стипендиялар, ха­лықаралық ұйымдардың грант­тары, коммерциялық және ком­мерциялық емес ұйымдардың же­ке гранттары, түрлі қорлардың демеушілік көмегі және т.б.;
  • жеке қаржы есебінен – өз қаржысы, банк несиесі.

Айтып отырған мәселеміз – екін­ші жоғары білім алу болған­дық­тан ескерте кететін бір жайт, біздің елде екінші жоғары білім алу­ға мемлекеттік грант бөлін­бей­тіні жайлы мәселе. Екінші жо­ғары білім тек ақылы негізде ға­на оқытылады.

Қазақстан азаматтарының лайықты білім алуы үшін 2013 жыл­дың қаңтар айында «Мем­лекеттік білім беру жинақтау жүйе­сі туралы» Заң қабылданып, осы Заңның аясында бүгінде не­гізгі оператор болып Білім және ғылым министрлігінің жанын­да­ғы «Қаржы орталығы» акцио­нер­лік қоғамы жұмыс істеуде. Сол қо­ғам арқылы «Мемлекеттік бі­лім беру жинақтау жүйесі» арқы­лы керек қаражатты жинап, екін­ші жоғары білім алуға мүм­кін­дік бар. Себебі, білім беру жи­нақтау салымдарының басқа де­позиттерге қарағанда онда қар­жылық түсім жоғары. Әрі «Мем­лекеттік білім беру жи­нақ­тау жүйесі» қазақстандықтарға ақылы жоғары білім алу қара­жа­тын 30-70 пайызға дейін үнем­деу­ге мүмкіндік береді.

Білім беру жинақтау салы­мы­ның басқа депозиттерден ерек­ше­лігі – оның қаржылық түсі­мі­нің жоғарылығында. Ол жыл сайын 19-21 пайызды құрайды. Жи­нақтау салымының бірегей­лігі – мұнда жыл сайынғы банк сый­а­қысы  14 пайызды құраса, 5-7 пайызға дейінгі сыйлықақы мем­­лекет тарапынан көтер­ме­ле­не­­ді. Түсіндіре кетер болсақ, мем­­­лекет тарапынан белгіленген жыл сайынғы  5 пайыз сыйлық­ақы еліміздің барлық санаттағы азаматтары үшін, ал 7 пайыздық сый­лықақы жетім балалар, ата-ана­сының қамқорлығынсыз қал­ған  балалар, оның ішінде кәмелет жасқа толған балалар (23 жасқа дейін), мүгедектер, төрт немесе одан да көпбалалы отбасыдан шық­­қан балалар мен аз қамтыл­ған отбасыдан шыққан балаларға арналған. Ерекше  атап өтер жайт, бұл жинақтау салымы тек білім алу мақсатына ғана ашылады.

Іргеміздегі көрші ел – Ресей ма­мандары жүргізген ста­тис­ти­ка­лық мәліметтерге сүйенсек, ер адамдардың 66,5%-ы және әйел­дердің 70%-ы жасы отыздан асқан соң, екінші жоғары білім алуға ұм­тылады екен. Сонымен бірге, 31-40 жастағылардың 20%-ы, ал қырық жастан асқан­дардың 6%-ы екінші жоғары білім алатын көрінеді. Оқыған азаматтар­дың 86%-ы адам өзінің білікті­лі­гін көтеру үшін екінші жоғары бі­лім алуы керек деп есептейді екен. Бұл статис­ти­ка­лық көрсет­кіш біздің елге де қа­тысы бар деп есептеуге болады.

Себебі, бірінші жоғары білім­мен ғана шектеліп қалмай, екін­ші жоғары білім алып, өзін-өзі же­тілдіріп жүрген жандардың қа­тары осы күні Қазақстанда да ар­тып келеді. Осы орайда қашан да білімін жетілдіргісі келетін аза­­маттар үшін мемлекеттік оң­тай­ландырылған бағдарлама­лар бар екенін де есте тұта жүрген аб­зал.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір