КИНО ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР
11.11.2016
3580
0

abvka-3Жазушы, актер, кинорежиссер Василий Шукшиннің: «Кино дегеніміз, бұл – монтаж!» деген сөзі бүгінгі күні қаншалықты өзекті екенін дөп басып айту әсте қиын шығар-ау. Алайда, кейіпкер мимикасын, кейіпкер психологиясын, кейіпкердің әлеуметтік ортасын беру кезінде режиссердің көркемдік құралдары – жарық, камера, кадр, сценарий екені сөзсіз. Осы ретте қазақ киносы да Әлемдік киноиндустрияның көшіне ілесіп, алыс-жақын шетелде ұйымдастырып жатқан бәйгелерден жүлделі оралуда. Дегенмен, қамаутері алынбаған қарагердей шабысын күшейте алмай жүргені тағы бар. Көкейде жүрген көп сауалды сыншы, кинотанушы Гүлнәр ӘБІКЕЕВАҒА қойған едік.   

– Бүгінгі қазақ киносының бағыт-бағдары қандай?

– Бүгінгі қазақ киносын 4 бағытқа бөлу­ге болады. Біріншісі – Мемле­кет­тік тапсырысты жүзеге асыратын «Қа­зақфильм» студиясы. Бұнда көп қар­жы жұмсалып әрі сапалы дүниелер тү­сірілуде. Мәселен, Сергей Сне­ж­киннің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы «Так сло­жи­лись звезды», Ақан Сатаевтың «Ана­ға апарар жол» мен Рүстем Әбді­раш­тың «Қазақ хандығы» секілді фи­льмдерді ерекше айтуға болады.

Екіншісі – коммерциялық фильм­дер. Дәл осы бір бағыттың көшін бас­тағандар да бар. Айталық, Нұртас Адам­байдың «Келинка Сабина», «Ке­лин­ка Сабина – 2», Ақан Сатаевтың «Ра­йоны», Асқар Бисембинның «Замуж за 30» пен Асқар Ұзабаевтың «Гла­мур для дур», т.б. Бұлардың қата­ры­на «Қазақфильмде» түсірілген Қа­на­ғат Мұстафинның «16 қыз» киносын қосу­ға болады.

Үшіншісі – фестивальге арналған кинолар. Бұлар әу бастан қаржы жию үшін түсірілмеген еді. «Партизандық ки­но» деген қозғалыс бар. Онда еркін ой­лы, шығармашылық күш-қуаты өте мық­ты авторлар қосылады. Мысалы, Эмир Байғазының «Раненый ангел», Әділхан Ержановтың «Чума в ауле Ка­ра­тас», Серік Әбішевтің «Свидетель де­ла №6» пен осы режиссер мен Рус­там Магамадов бірігіп түсірген «Од­наж­ды в детскоем доме», Мұрат Ма­хан­ның «Судебный исполнитель», Жан­на Исабаеваның «Бөпем», Сәбит Құр­манбековтың «Оралман» сияқты ки­нолары.

Төртіншісі – коммерциялық ба­ғыт­ты ұстанғанмен, бірақ «прокатта» жолы болмаған туындылар. Атап айтар болсақ, «Жениться за 72 часа», «Су­пертой», «Моя чужая», «4:29», «Сел­­фи с мертвецами», «Б.А.Я.», «Бу­ме­ранг» және т.б. Төртінші бағытты ұс­танған жас режиссерлер комедия, ме­лодрама, қорқынышты фильмдер се­кілді жанрларды жан-жақты игеріп жүр. Қазақ және орыс тіліндегі ки­нолар­ды түсіріп жүргендер дені Астана, Алматы және Маңғыстаудан. Бірақ олар­ға әлі жарнама мен өзіне деген се­нім жетіспеуде.

– Серік Әбішев, Жасұлан Пошанов, Әділ­хан Ержанов, Елзат Ескендір, Эмир Байғазы сияқты қазақтың жас ре­жиссерлерін ел таниды. Ал олардың шет­елге шығып, кинофестивальдерге қа­тысу жағы қалай болып жатыр?

– Қазақ киносы – Әлем кино­сының ажырамас бір бөлшегі. Бірақ олар түсірген туындылар жалпы бұ­қара­­лық сипат ала алған жоқ. Қазір сіз атап шыққан жас дарындардың туын­ды­сы барлық кинофестивальдерге қатысып, жүлделі орын алып жатқан жайы бар.

– Яғни қазақ киносының атын осын­дай бір мықты режиссерлер шы­ғара­ды дегіңіз келеді ғой?..

– Эмир Байғазының киносы Гер­ма­­ния астанасы Берлинде көрсетілді. Әділхан Ержановтың «Хозяева»-сы Канн фестивалінде көпшілік назары­на түсті. Таяуда жас талант Жасұлан По­шановтың «Шлагбаум»-ы Мәс­кеу­ден жүлделі оралған еді. Елзат Ескен­дір­дің қысқаметражды «Өліара» туындысы Оңтүстік Кореяның Пусан қа­ласында өткен бәйгеде бірінші орын алды. Серік Әбішевтің «Свидетель де­ла №6» туындысы Душанбеде көр­се­тіл­ді. Мұрат Маханның «Судебный ис­полнитель» фильмі Барселона жұрт­шылығының ыстық ықыласына бө­ленді. Осындай бір мысалдарға қа­рап, біз аз уақытта Ресеймен теңесе ала­тын дәреже жетеміз деген ойдамын. Ол жақта жылына 100 кино жа­рық­қа шығады екен. Құдайға шүкір, қа­зақ көрермені кино эстетикасын те­рең түсініп келеді. Фестивальдік ки­нолар – нағыз өнер, ал прокат – би­з­нес. Қазақстанда кино-бизнес әлі дам­ыған жоқ. Яғни дистрибьютерлер кла­сы да түзіле қойған жоқ.

– Бүгіндері киносыншылардың аз болуына байланысты қазақ көрермені жа­р­ыққа шығып жатқан киноларды кө­ре алмайды. Ал кей тұста бар жаңа­лық­тан қалыс қалып жүргендей сезіледі ма­ған.

– Иә, расында да Бізде киносын­шы­лар аз! Сонымен қатар, пиар маманы мен кино туралы толымды еңбек жоқ. Негізінен, әр режиссерге 20 сыншы қажет. Сонда ғана жан-жақты пі­кір, орнықты ой қалыптасады. Ал Қа­зақстанда 20 режиссерге бір сын­шы­дан. Соның әсерінен Сіз айтқандай жалпы көрермен бар жаңалықтан қа­лыс қалып жүр. Осы ретте, әлгіндей жұ­мыспен сыншылармен қатар жур­на­листер де айналысу керек деп ой­лай­мын.

– Болашақта «Еуразия» мен «Шә­кен жұлдыздары» сияқты кинофес­ти­валь­дердің ауқымы кеңейе ме?

– Егер ауқым тар болса, онда әркім өз қазанында қайнап, киноиндустрия да­мымай қалады. «Еуразия» фес­ти­валі әлі жүріп жатыр. Ал Венера Нығ­матуллина кеткелі бері «Шәкен жұл­дыздары» тоқтап қалды. Фес­тива­льді ұйым емес, киноға ессіз берілген ел, ұжым, адамдар жасауы керек. Мы­са­лы, Сергей Азимов «Бастау» ки­но­фестиваліне басымдық беріп, қол­дағандықтан, ол мықтылар ғана жеңіп шығатын бәйгеге айналды. Жуырда ғана «Бродю.кз» порталы мен Әнуар Кен­жебаев ұйымдастырған «Бай­қоңыр» бәйгесі де жоғары дәрежеде өтті. Бұндай шаралар «қызыл кілем­мен» жүру үшін ғана емес, қазақ киноиндустриясын дамытпаққа қажет.

– Қазақ киносына қызығушылық туғызу үшін не керек деп ойлайсыз?

– Негізінен, біз бір жылда 50 кино түсіре алатын күш-қуатымыз бар. Сон­да прокаттағы қазақ киносының үлес салмағы 11 % құрайтын болар еді. Қа­зақ киносына продюсерлер мен жо­ғары санаттағы менеджерлер аса қа­жет. Әр адам жауапкершілік жүгін се­­зінгенде ғана жақсы, толымды дү­ние туады. Және тағы да Қазақстанда мемлекеттік қолдаумен ұйымдастыра­тын ашық киноконкурстар жоқтың қа­сы. Сондықтан кинопрокат жүйе­сін­де үлкен реформа жасалуы тиіс деп ой­лаймын. Сонда ғана орыс, американ, неміс, француз киноларымен та­ласа алатын дәрежеге жетер едік.

– 1962 жылы 12 қаңтарда Алматы қа­ласында туған екенсіз. Өзіңіз туралы айтып беріңізші…

– Әкем – Әбікеев Ойрат Абд­ра­х­ман­ұлы кен инженері, ал анам – Әбі­кеева Ақан Қарғұлқызы заңгер са­ла­сының адамы. 1984 жылы Бүкілодақтық мем­лекеттік кинематография инсти­ту­тының сценарий-кинотану факуль­те­тін кинотанушы мамандығы бойынша 1992 жылы Бүкілодақтық мем­­лекеттік кинематография институтының аспирантурасын бітірдім. 1990 жылы «Өнер­тану кандидаты» деген ғылыми атақ алдым. Кандидаттық диссер­тациям­ның тақырыбы – «Қазіргі за­манғы кино үдерісіндегі Батыс пен Шы­ғыс мәдениеттерінің өзара әре­кет­тесуі» еді. «Жаңа қазақ киносы», «Ор­та­лық Азия киносы. 1990- 2001», «The Heart of the World: Films from Central Asia», «Қазақстандағы және Орталық Азия­ның басқа елдеріндегі ұлт­тық құры­лыс және осы үдеріс ки­не­­ма­тог­раф­­та қалай көрініс табуда», «Кинопла­кат. Қазақстан» секілді кітаптардың авторымын.

2006 жылы Орталық Азияның ойын фильмдерінің «Орталық Азия ки­носындағы ұлттық өзін-өзі анық­таудың екі дәуірі: 60-шы және 90-шы жылдар» DVD топтамасын, 2008 жылы «Орталық Азияның деректі киносы: ұлт­тық өзіндік сананың қалып­тасуы­ның екі дәуірі» атты Орталық  Азияның деректі фильмдерінің DVD топтамасын құрастырдым.

– 1984  жылдан бері «Қазақфильмде» сценарийлік-редакциялық алқасының аға редакторысыз…

– Иә!

– Саяси қайраткер ретіндегі иде­-а­лыңыз?

– Махатма Ганди!

– Немен әуестенесіз?

– Әлем тағамдарын жасаумен.

– Сүйіп оқитын авторларыңыз?

– А.Баррико, С.Рушди, Т.Манн, К.Оэ, Ю.Мисима, М.В.Льоса, Г.Маркес, О.Памук, М.Павич, Пу Сун-лин, А.Рой және т.б.

– Отбасыңыз бар ғой?..

– Иә, тұрмыс құрғанмын. Жолдасым – Сәбитов Әлім Равильұлы сәу­лет­ші. Екі қызым бар.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Әлібек БАЙБОЛ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір