АМАНБЫСЫҢ, АУЫЛ СПОРТЫ?!
04.11.2016
1532
0

Совет Одағы кезінде «Советский спорт» газетінде Сәбит Мұқановтың «Ауылда спорт бар ма?» деген мақаласы жарық көреді. Сол мақала қоғамда біраз дау туғызып, көп ұзамай еліміздегі «Спорт» газетінде белгілі жаттықтырушы Петр Матущактың «Ауылда таланттар жетеді» деген көлемді мақаласы шығады. Сол кездің өзінде ауыл спортының өзектілігі турасында бұқаралық ақпарат құралдарында үзбей айтылып отырған.


akyn-aga-fotoАқын ОРДАБАЙҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
тележүргізуші, журналист, редактор

 

Ал бүгін ауыл спортының жағ­дайы қаншалықты деңгейде екен­дігіне біраз жауап беріп көр­сек.

Иә, Совет Одағы тараған ке­зең­де еліміз үлкен экономикалық дағдарысқа тап болғанын жақсы бі­леміз. Қарапайым халық әлеу­мет­тік қиыншылықтың әсерінен «бай­тал түгіл, бас қайғының» кү­­йін кешіп, ауыл спорты қай­раң­да қал­­ған балықтай шарасыз кезеңді бас­тан өткергені естері­ңізде болар. Дегенмен де, қазақ қойсыз болса да, тойсыз болмаған халық. Та­рих­­тан белгілі Одақ басшы­ла­ры­ның қолдан жасаған сайқал сая­­сатының салдарынан қан­ша­ма миллион қандасымыз әлемге та­рыдай шашылып кетсе, қанша­ма­сы аштық, қорлық, зомбы­лық­тың кесірінен қыры­лып қал­ды. Елге қатер болып төнген қан­шама нәубетке қайсар­лықпен қар­сы тұра білген қазақ мықты ғой, шіркін. Сол бір мың құбыл­ған заман ағымында ауыл қазағы ел іргесін сақтап, туған жерде тұ­­­рақтап қалды. Елді мекендерде ас-суын әзер тауып отырса да қа­зекем ешқашан да ұлттық спорт түрінен қол үзген емес. Ұр­пақтан-ұрпаққа жалға­сып келе жат­қан дәстүрлі спорт түрлері ай­талық, қазақ күресі, қыз-қуу, аударыспақ, теңге ілу, жамба ату, аламан ат спорты түр­лері үлкен жиын-тойларда салтанат құрып, көпшілік ерекше әсер алып отыр­­ған. Ал қазіргі таңда сол ауыл спорты мен ұлттық спорт түрлері кең байтақ елімізде қалай дамып жат­қанын халық жақсы біледі. Ал­лаға тәубе, еліміз еге­мен­­дік ал­ған жылдан бастап ауыл спорты жер-жерде қарқын­ ала бас­тады. «Ауыл қазақтың ал­тын бе­сігі, ауылсыз қазақ қай­раң­­да қал­ған балықтай» деп Әзіл­хан ата­мыз айтқандай, ауыл спортын да­мытпай ел спор­ты­ның іргесі ны­ғаймайтынын әлде болса тү­сіне алмай келе жатқан өңір-өл­ке­лер бар. Қаншама таланттар ауыл спортынан жарқ етіп көріне бас­тайды да, келе-келе қам­қор­сыз, қолдаусыз күй кешіп тасада қалып қояды. Аға-көкесі барлар бауыр­ларын қалаға сүйреп, дарынды мектептерге есігін қағып оқыту үшін шап­қы­лап, кейін нә­тиже көрсетіп жатса, ондай жа­нашыры жоқтар ауыл өтінде қа­лып, күйбелең тірлікпен күй ке­шіп жатады.

Совет Одағы кезінде селе­к­ция­лық жұмыстың жүргізіл­ге­ні­нің арқасында бірқанша ауыл да­рындары іргелі спорт оқу орын­дарынан тәлім алып, үлкен спортта толағай табыстарға жет­ке­нін білетінбіз. Солардың бірі, біре­гейілері – Дәулет Тұрлыханов, Жақсылық Үшкемпіров, Әбіл­сейіт Айханов, Аманжол Бұғы­баев, Асқантай Иманқұловтарды айтсақ жеткілікті. Бүгінгі күні ауыл спор­тының қарқын алуы үшін сол байырғы бағалы бағ­дар­ла­маларды жаңғырту керек шы­ғар.

Қазір жастар талапты да та­лант­­ты. Еліміздің облыс орта­лық­тарын былай тұрсын, аудан мен ауыл-аймақтарда зәулім спорт мектептері бой көтеріп, жұ­мыс істей бастауда. Ал «Сол мек­тептерден түлеп ұшқан жас спортшыларға қандай мемлекет­тік орындар қамқорлық көрсетіп жүр»? деген сұрақты турасынан қойсақ, жауап таба алмай тосылып қалатынымыз анық. Түнде ұша­тын құс, жұлдыздарды бағдар ете­ді екен. Олай болса, ауыл та­лант­тарына бағыт-бағдар көр­се­тіп, қамқорлығына алатын орын­дар­дың болғаны өте маңызды. Мем­лект ауыл спортына дамы­туға арнайы бағдарлама жасап, жастар болашағына бейжай қа­рамағанда ғана таланттарымыз ел тарихында есімі қалатын тар­ланбоздарға айналатынына се­німдімін.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір