ӘЛЕМНІҢ ӘМІРШІСІ – ЕҢБЕК
28.10.2016
2210
0

zhakaevЖуырда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  Қызылорда қаласында екі рет Социалистік Еңбек Ері атанған  диқан Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы мен «Алтын дән-2016» атты салтанатты шара өтті.

Бағдарламаға сәйкес А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Дала академигі – Ыбырай» атты ғылыми-танымдық конференция өтіп, жиыннан соң конференцияға қатысушылар Еңбек даңқ аллеясындағы Ы.Жақаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан соң  «Алтын дән — 2016» шарасы аясында ауыл шаруашылығы өндірісінің озаттары марапатталды. Осы облыстың Шиелі ауданында жалғасқан шараға қатысушылар еңбек ардагері, ақ күріштің атасы атанған Ы.Жақаевтың аруағына құран бағыштады. Сонымен қатар, Иіркөл  ауылында Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи мұражайы ашылып, аудан тұрғындары «Диқан рухы мәңгілік» атты республикалық ақындар айтысын тамашалады. Кеш соңы Қазақстан эстрада әншілерінің концертіне ұласса, келесі күні «Әлемнің әміршісі – еңбек» атты облыс­тық патриоттық әндер байқауы өтті. Ы.Жақаев  сынды еңбек адамының өмірін насихаттау жас ұрпаққа үлгі болып қана қоймай, жалпы ұлттық еңбек қоғамына белсене араласатын жастарды тәрбиелеуде үлкен роль атқарады.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір