ӨМІР СҮРГІМ КЕЛЕДІ
28.10.2016
2744
3

k-rmeСорос-Қазақстан қорының қолдауымен Болгарияның ком­мерциялық емес Құқық орталығы «Мен шешім қабылдаймын – Мен өмір сүремін» атты көрме өткізді.

Болгарлық авторлар Надежда Георгиева мен Яна Бурер Таваниер өз туындыларын «Мен шешім қа­был­даймын – Мен өмір сүремін» деп атауының себебін журналистер қауы­мына былайша түсіндіріп бер­ді:

«Айналамызда түрлі жандар бар. Олардың арманы, мақсаты әр түр­лі болуы мүмкін. Әсіресе, жаны мен тәнінде түрлі ауытқулары бар жан­дардың да өмірге деген өзіндік көз­қарасын, бостандығы мен қа­лауын да ескеруіміз керек. Осы мақ­­сатта біз арнайы жоба аясында жа­ны дертті біраз адаммен жеке­лей сөйлесіп, олардың әңгімесі ар­қылы армандарын сурет қылып са­луға тырыстық. Мүмкіндігі шек­теулі немесе психикалық проблемалары бар адамдардың билігі өз қолында ма? Жоқ, олар үшін өзге­лер жауапты. Яғни оның өмірі қамқоршысының қолында. Көңіл күйі мен бостандығын, мүл­кі мен бар қаражатын қам­қор­шы­сы ба­қылауда ұстайды. Қам­қор­шы­лық­қа алынған адамдардың өз өмі­ріне билік жүргізе алмайтыны бел­гілі. Олардың  дауыстары, ті­лек­­тері мен ойларының заң алдында құқы жоқ. Тіпті, олар өз өміріне өз­дері «шешім» қабылдай алмайды. Көрменің атын «Мен шешім қа­былдаймын – Мен өмір сүремін» деп атауымыздың себебі, Декарт­тың атақты «Мен ойлана аламын, демек, мен тіршілік етемін» афо­риз­мімен сәйкестендірдік. Демек, олар­дың өмір сүремін деп шешім қа­былдауына себеп бар».

Көрмеге қойылған 16 суреттің әр­бірінің астында өмір сүруге же­те­лейтін, әрбір баланың арман-мақ­сатын айқындайтын сөздер жа­зылып қойылған. Бастысы, бей­не­лер мен мәтіндер бір-бірімен үй­лесім тапқан. Сол арқылы оның мәнін терең түсіне  аласың. Мұның бәрі көрерменді ойға жетелейді: яғни авторлар олардың назарын қо­ғамға қажетті гуманизм идеясына, әлеуметтік жауапкершілікті се­зінуге бағыттайды. Бұл көрме мүм­кіндігі шектеулі және психи­ка­лық проблемалары бар адамдар­дың да өмір сүруге құқы бар деген мо­ральды алға тартады.

ПІКІРЛЕР3
Аноним 06.11.2019 | 08:14

😒👎👎😏😏😏

Аноним 02.09.2020 | 12:06

Менің кандай қоғамда өмір сүргім келеді?

Жақсы қоғамда

Аноним 02.09.2020 | 12:07

Норм жазған

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір