ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫМЫЗ
28.10.2016
1675
0

maraltaj-rajymbekuly1Осыдан он жыл бұрын  ашылған Талдыбұлақ ауылындағы №35 мектеп-гимназиясының ұстаздар ұжымының білім беру саласындағы жетістіктері жетіп-артылады. Тәуелсіз ел ұрпағының бойына сапалы білім мен саналы тәрбие сіңіру жолында атқарылып жатқан игілікті істері көңілге қуаныш ұялатады. Аталған мектептің директоры Айтжамал Әбдірешқызының ұйытқы болуымен білім шаңырағының айналасын көгалдандырып, гүлдендіру мақсатында ірі жобалар жүзеге асырылды.

Жуырда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық ме­рейтойына  орай  «Ұлы дала ұрпағымыз!» атты мәдени шара ұйымдастырып, соның ая­сында   мектеп ауласынан  «Қарағайлы бақ» ашылып, 25 түп жас көшет отыр­ғы­зыл­­ды.

Салтанатты  жиында  мектеп басшысы, ау­дандық мәслихат депутаты Айтжамал Нұр­ба­­ты­рова он жылда атқарылған жұмыстар жайын баяндады.

Әбдіреш Нұрбатыров, Әбдірахман Шү­ле­нов сынды ауыл ақсақалдары  Тәуелсіз­дігіміздің тұғырлы болуына ақ батасын берсе, аудандық мәслихаттың хатшысы Жұмахан Еңкебаев пен ақын Маралтай Райымбекұлы, ауыл тұрғыны Сапархан Исаев, ауыл әкімі Салтанат Сайранова  ұлт ұрпағын тәрбиелеудегі ұстаздардың тынымсыз ізденістері мен дарынды оқу­шы­лардың өнерлеріне ризашылықтарын білдірді. Мерекелік жиынға арнайы қатыс­қан ақын Маралтай Райымбекұ­лының құрметіне оның отты жырларын балалар жатқа оқып берді. Жыр­сүйер қауымның сұрауы бойынша Марал­тай ақын өзінің «Кентаврын» оқып берді.  «Жас қанат», «Кербез» би тобының  мың бұ­рал­ған  жас бишілері кештің көркін қыздыра түсті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір