АЙЫПТАЛМАҚШЫНЫҢ «СОҢҒЫ СӨЗІ»
21.10.2016
2101
0

razvorot«Қалың оқырман «Қайрат Рыс­­­құлбековтың ақтық сөз-өлеңі То­­қаңның жина­ғында неғып жүр?» деп таңырқауы әбден мүм­кін. Аға – таныс адамдарының ті­­легімен: туған күн, мүшел­той, мек­­тептегі мерекелік думандар, ал­­тын, күміс той деген сияқты той-тамаша­ларға талай жүрек­жар­­ды жырын арнаған ақын. Құт­т­ық­тағысы кеп тұрған адам­ның көңі­лін қимай, атынан жаза салатын. Ал мына ақтық сөзді де Тоқ­тар­хан Шәріпжанов қазақтың бел­гілі журналисі Марат Тоқаш­баев­­тың және менің: «Елдің еңсе­сін жігерлі жырмен көте­рейік­ші!» деген тілегімізбен жазып еді. Жел­тоқ­сан ызғары суылдап соғып тұр­ған. Бәрімізге де жан керек. «Тың­далады-ау» деген құлақты қа­­бырғалар­дан, ғимараттардан қаш­қақтап, оңаша бас қосып, тау жақ­та, біздің үйге келіп жиналдық. Өлеңді өзі жазбай, маған жаздырды. Сақылдап айтып отырды, мен қа­ғазға түсірдім. Машинкаға басып, өзгертіңкіреп, гәзет-жур­нал­дар­ға таратып жібердік. Ол кезде Ор­талық Комитеттің гәзет-журнал бас­пасының хабарландыру бө­лі­мінде қызмет істейтінмін. «Ауалық пош­та» деген бар болатын, сонымен өлеңді қазақ гәзеттеріне атып жібердім. Осылайша қайрат-жі­гер­ге толы жыр ел-елге тарады. Ақын ағаның көне жырлардан есе­­тін екпінді игерген стилін та­ни­тын жұрт осы өлеңнің тұп-тура Тоқтархан Шәріпжановтың жүре­гін жарып шыққандығына шү­бәсіз сенеді. Осылайша шын­дық­­ты айтып, асыл ағаның өз өлеңін өзіне қайтарайын дедім. «Қош бол, таң­дарым!» деп ат қоюы­мызға аға­ның да мәңгілік сапарға ұзауы, арманда үзілген жүрегінің көрмеген таң­­дарымен осы өлең арқылы қош­тасуына ұқсап кетуі себеп бол­ды».


167

 

 

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ

 

Бұл сыр-сөздер Алматының «Үш қиян» баспасынан 2003 жылы шық­қан, «Тоқтархан ШӘРІП­ЖА­НОВ. Қалдырдым мұра халқыма» деп аталған кітаптан алынды. Ав­торы – кітапқа қосымша енгізілген ес­­теліктердің бірін, «Қош бол, таң­дарым!» деп тақырып қойып жаз­­ған Гүлжиһан Боржымбаева. Тар­­тымды ма? Тартымды! Ұғы­нық­­ты ма? Әлбетте. Сендіре ме? Әри­не. Тартымдылығы зұлым­дық­­­­тың құрбаны болған Қайрат інім Рысқұлбековты бір қазақтай жоқ­­таған мені де қатты толқытты. Бей­­таныс қарындасымның ние­ті­не иландым, өлеңнің жазылуына се­беп­ші қаламдас інім Марат То­қаш­­баевқа іштей риза болдым.

Содан кейін де баспасөзде бас­қа­­ша мағлұмат: ол өлеңді – «Ақтық сөз­­ді» – Қайраттың жазғаны жайын­­­да айтылды. Мені де елең ет­­тір­ді. Ойландырды. Қайсысы ақи­­қат?.. Қашанда ақиқат тірінің өзі­­­не, өлінің аруағына қажет. «Таң­­­балыбас» М.Горбачев бастаған топ қыршынынан қиған Қайрат, даңқ­­ты ағамыз Бауыржан Мо­мы­ш­­ұлы «ерлік есеппен істел­мей­ді» де­гендей, шовинизмге қазақ елі­нің, қазақ халқының еңсесін бас­­тырмау күресіне перзенттік ұлы се­зіммен бел байлап шықты. Аты қалуын, өлеңі қалуын ойла­ма­­ға­ны анық, Табеев жазғандай, «тірі кезінде абырой-бедел жина­ған» жоқ.

Қайраттың жанкештілігі елі­нің, халқының тарихына өшпеске жа­­зылды. «Қазақстанның Халық Қаһар­­маны» атанды. Соған мен де жұ­бандым (сөз сыңайына қарай өкі­­нішімді де айта отырайын: бұл зор атақ-даңқтары аспандаған аяу­­лы ағаларымызға – Талғат Бигел­­диновке де, Бауыржан Момыш­ұлы­на да қалайда берілген жоқ).

Сол тұста қаскөйлік туралы ма­­­­­қа­лаларымның бірінде Қай­рат­тың түрмеде «кісі өлтіргені үшін отыр­­ған кездейсоқ бұзықтың» емес, әдейі жалдаған көрсоқырдың қо­лынан қаза тапқанын ашынып айт­тым. Яғни атақ тілеп арпалыс­па­­ған Қайрат ініме Тоқтархан жаз­­ған өлеңді телумен оның аруа­ғы­на салмақ қосылмайды, қалай бол­­ғанда да ақиқатты айту жөн деп біліп, иә, «Ана тілі» гәзетіне 2006 жылы мақала жаздым. Сол де­­ректі тіліне тиек ете осы гәзеттің өт­кен аптадағы санына «Қайрат Рыс­­құлбековтың «Ақтық сөзі» – өз сөзі» деп мақала шығарған Қайым-Мұнар Табеев мырза «ерікті ауызға бөрікті бас сиятынды» дәлелдеп бағыпты. Сол 2006 жылы екі ауыз сөз­­бен түйіндейтін жәйтті 10 жыл­­­дан соң екі беттік мақалаға жайып­­­ты. Жайғанда қандай?! Мен оның маған таққан айыптарын тізбелеп әуре болмаймын, се­­­бебі: менің «Ақтық сөз» туралы мақаламда «ондай өлеңді Қай­рат­тың жазуы мүмкін емес, ол ақын бол­­маған!» дегендей бей­бастақ сөз-сөйлем жоқ. Гүлжиһан мен Ма­­­рат куә өлеңді Тоқтархан шы­ғар­­­ған екен, олай болса, авторын анық­­тап алайық» деген ние­тім ға­­­на болды. Қайым-Мұнар боп­са­ла­ғандай, Тоқтарханға іш­бұр­ған емес­пін. Аруақтан аттау бері­де мұ­сыл­маншылыққа, арыда адам­гер­шілікке жатпайтынын біл­мей­тіндей алжасқан жаста да емес­пін.

Табеевтің айыптауларын біл­гі­­сі келген адам оны аталған мақа­ла­сынан тауып алар, ал менің әрі қай­ран қалғаным, әрі тіксінгенім оның: «Желтоқсанның дәл 20 жыл­дығында, енді міне, 30 жыл­ды­­­ғы қарсаңында – осындай дәйек­­сіз мақаланы қайталап ұсы­ну­дағы мақсаты не?.. Қайрат­тың тірі кезінде жинаған абырой-бе­де­ліне шәк келтірудің мәнісі не?» де­­ген прокурорлық-тергеу­шілік сұ­рақ­тары. Мұны оқыған­дардың қай­сысы болса да, әсіресе, мені же­­те білмейтіндердің: «Ойбай-ау, Ғаб­бас Қабышұлы дегенің Қайрат Рыс­құлбековтың аруағымен алысып жүрген пәле екен!» дейтіндері даусыз. Табеевке керегі сол се­кіл­ді.

Мақаламды «қайталап ұсыну­да­ғы» мақсатым өзім шындық деп біл­генімді Роллан Сейсенбаевқа айту еді. Табеев оған өзінше саяси ас­тар беріпті. Ол астарының аста­рын­­да Сейсенбаевқа адвокат бол­ған­ның нышаны жатыр. Шәкәрім қа­жы Құдайбердіұлының 1988 жы­­лы «Жазушы» баспасының сая­­си сүзгісінен өткізіліп шы­ға­рыл­­ған өлең-дастандарының «дұ­рыс нұсқасын» сол жарымжан қал­пында екі рет қайталап басқан Ролланның ағаттығын жанамалап жуып-шайғаны.

«Екі ауыз сөзбен түйіндейтін жәйт­­ті 10 жылдан соң екі беттік ма­­­­­қалаға жайыпты» дегеніме орал­­­­сам, қаламдас інілерімнің бі­рі Қайым-Мұнармен екеуміздің құ­дайы көрші болып, іргелес пә­тер­лерде тұрып келе жатқанымызға 25 жыл. «Ана тілі» гәзетіндегі ма­қа­ламды айыптаудың ретін 10 жыл сарылып тосып жүрмей-ақ, мен естімеген, көрмеген кіта­бын­­дағы «сыпайы жауабына» ме­нен 10 жыл жауап күтпей-ақ, сол күні ке­­ліп: «Аға, мұныңыз не?!» демес пе? Өйтсе, мен: «Інім-ау, мен Гүл­жиһан Боржымбаева мен Марат Тоқашбаев куә болған, ашық ай­тыл­ған оқиғаны оқыған­дығымды жаздым ғой? Оным жөн болмаса, ес­телік авторымен, Маратпен хабарласып, анық-танығын білші! Қай­раттың өлеңі мен Тоқтар­хан­ның өлеңінің түпнұсқаларын қа­тар жариялап, салыстырып, әділ тө­релік айтыңдаршы!» деп өтінер едім. Ол өтінішім орындалса, Тоқ­тар­ханның «Қайраттың өлеңінен бойын аулақ ұстағанын» айтса, біріншіден, мен ондай ақиқатқа сол сәтте иланар едім, екіншіден, «құдай күбірлегенді естімей ме?» дегендей, мені Қайраттың аруағын сыйламайтын етіп «дәлелдеуі» ар­­қылы  барша  желтоқсандықтарға жа­манатты етудей астары бар ­бүгін­гі албаты айыптауына душар болмас та едім.

Табеевтің өлі-тірі талай-талай ғұ­ламалардың кітаптарынан, бү­гінгі ақын-жазушыларымыздың қай­сыбірінің айтқандарынан, жаз­ғандарынан үзіндіні үйіп-тө­гіп отырып: «О дүниедегі боздақ­тың енді қайтып келіп: «Ағасы, бұл өлеңді менің жазғаным рас еді» деп куәлікке жүгінбесі хақ» деуіне қарағанда, мен Қайраттың қайтып келмесіне көзімді әбден жет­кізіп алып, сонсоң оның аруа­ғы­на қарсы шабуылды өлеңін тар­тып алудан бастаппын-ау!.. Одан кейін: «Жоғын жоқтайтын ағайын-туысқандарынан да көп­тен бері хабар-ошар болмай кетті» деуіне қарағанда: «Олар Қайрат Рыс­құлбековтың кім болғанын біл­мейтін, білгісі де келмейтін мы­на Ғаббас Қабышұлына қарсы жо­рық жасамай, неге тыныш жатыр?!» деген өзегін өртер өкініші бар сияқты.

Айтпақшы, егер «Ақтық сөз­дің» екі нұсқасы бары Табеев кітап жаз­ған жылы анықталса, оларды Рол­лан Сейсенбаев «Дешті қып­шақ жырлары» жинағына енгізсе, сырттағылар әсте күйінбес еді, есе­леп сүйінер еді дей аламын.

Табеевтің мені айыптау мақа­ла­сының соңына Марат Тоқаш­баев­тың пікірі қосымша етілген екен. «Мәселе мынада – екі өлең бар. Бірі – Қайраттың өлеңі, екін­ші­сі – Қайраттың өлеңі деп халық­тың рухын көтеру үшін жазған Тоқтархан Шәріпжановтың өлеңі. Қайраттың өлеңін Тоқтархандікі деу­ге болмайды», депті Марат. Жөн сөз. Бір өлеңнің екі нұсқасы бар екен, ендеше, ілкіде айтқа­ным­дай, екеуін қатар жариялап, салыстырып, марқұмдарды бір-бі­ріне қарсы қоймай, әр нұсқаны өз авторына қайтарып беру орынды бол­мақ. Ондай әділ түйін екеуінің аруағына нұқсан келтірмейді деп ой­лаймын. «Қайраттың өлеңін Тоқтархандікі деуге болмайды» деп екіұштылап жүре беру кімге керек?

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір