ӨНІМДІ ЕҢБЕК – ӨРКЕНДЕУ КЕПІЛІ
21.10.2016
1584
0

oblys-basshysy-zh-t-jmebaev-biz-birgemiz-aktsiyasynda

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету басты назарындағы мәселе екенін атап өтті.

«Және бұл қажеттілік болып табылады, өйткені, әлеуметтік мәселелерді шешуге еліміздің бар­­лық азаматтарының өмірі мен күн сайынғы өзін-өзі сезінулері тәуелді», – деді Мемлекет басшысы бағ­дарламалық мақаласында. Еліміз ілгері дамып, кемелденген сайын Мемлекет басшысы қоғам алдында үнемі жаңа міндеттер қойып отырады. Әр қазақстан­дыққа, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық көрсету, елімізде мүгедектерді, сал ауруына шалдыққан адамдар­ды жұмысқа орналастыруға кө­мектесуге және олардың бел­сен­ді өмір сүруіне ықпал жасауға байланысты қатысты тапсырмалар Елбасы Жолдауларында да көрініс тапқан болатын. Мысалы, «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында
Елбасы: «Бізде ондай адамдар аз ем­ес, оларға қамқорлық көрсе­тіл­уі тиіс. Бұл біздің қоғам ал­дын­дағы парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шек­теулі адамдар тағам өнер­кәсібі, ауыл шаруашылығы кә­сі­п­орын­дарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұ­мысқа орналастыруға көмекте­сі­ңіздер деп тағы да айт­қым келе­ді. Сондай-ақ, 5-10 адамға арнал­ған мұнай квотасына енгізу мүм­­кін­дігін қарастыруға болады. Сол кезде біз оларды бел­сенді өмір­ге тартамыз. Олар тек жәрде­ма­қы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның пайдалы мүшесі ретінде сезінетін болады. Біздің барлық әлеуметтік институттар, үкі­меттік емес ұйым­­­­дар, «Нұр Отан» партиясы осы жұ­мыс­тарды қолға алғандары жөн. Үкі­меттен бастап, жергілікті әкім­дерге дейінгі барлық мемле­кеттік органдар өз жұмысын осы арқылы көрсеткен маңызды», – деді. Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында партия «Ке­дер­гісіз келешек» атты мүге­дек­тер­дің тұрмысын жақ­сартуға ба­­ғытталған идеяны қолға ал­ды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды белсенді өмірге тартып, өздерін қоғамның пайдалы мү­ше­сі ретінде сезінуіне, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға мүмкіндік жасап, оларға көмектесу мақса­тында Шымкент қаласында «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы өтті. Аталмыш іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қаты­сып, демеушілік жасаған жомарт азаматтарға алғысын білдірді. «Тағдыры ерекше адамдар – біз­дің қоғамның толыққанды мү­шесі. Олардың көпшілігі талантты, білімді, іскер, өнерлі жандар. Сондықтан олардың көбісі қа­тардағы азаматтан артық болмаса, қабілет жағынан төмен емес. Конституцияға сәйкес мүм­кін­дігі шектеулі азаматтар мемлекет­тің барлық азаматтарымен тең­дей құқықтары бар. Сол себептен, біз осы отандастары­мызға барынша қолдау жасап, үнемі жағ­дайын жақсартып отыруға тиіс­піз», – деді облыс әкі­мі. Сон­­дай-ақ, ұйымдастыру шара­ла­ры­ның бастамашысы болған ОҚО прокуроры Ибраһим Иманов акцияға қатысушыларға алғысын біл­діріп, демеушілік жасаған аза­маттарға Алғыс хат табыс етті. Айта кетелік, бүгінгі таңда облыста 112 мыңнан астам мүм­кіндігі шектеулі азамат тұр­са, олардың 26,7 мыңының тірек-қимыл аппараттары бұзылған, оның ішінде 8,5 мыңы арнайы қол арбамен қозғалады, ал 16,4 мың азамат көру және есту қа­білеттері жағынан мүгедек. Облыс әкімдігі баспасөз қызме­тінің мәліметтеріне сүйенсек, сәуір айынан бастау алған «Біз бір­геміз!» акциясы аясында қоғам­дық нысандардың 403-не пандус­тар салынып, дыбыс және жарық беретін 44 бағдаршам орнатылған. Ал 51 жерге арнайы жол белгілері мен көрсеткіштері қойылыпты. Сондай-ақ, 13 ав­тотұ­рақ салынып, 1072 жеке кәсіпкерлермен 42 млн. теңгеге меморандумдар түзілген. Акция шеңберінде 370 мүгедек азамат жұмыспен қам­тыл­ған. Ал кешегі акцияда де­меушілер тарапынан төрт би қоларбасы мүгедектер спорт мек­тебіне берілсе, 14 аза­матқа ме­дици­налық көмек алу үшін 140 мың теңгелік сертификаттар мен дәрі-дәрмектер пакеті тапсырылды. Мүгедектер спорт мектебіне демеушілік жасаған­дар­дың бірі – «Отау строй» ЖШС президенті, облыстық мәслихат депутаты Қай­рат Молдасейітов бұған дейін де жомарттығымен ел алғысына бөленген азамат. «Отау строй» компаниясының демеу­шілі­гімен киелі Түркістан қала­сында 100 баланы қабылдайтын «Психоло­гиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мен 16 пәтерлік үй салынып, 16-сының да кілті тұрмы­сы төмен, мүгедек жандарға табыс етілгенін өңір халқы ұмыт­пас. Сондай-ақ, кәсіпкер Қ.Молдасейітов Шымкент қала­сын­да «Нұрсәт» шағынауданынан ғасыр індетін жұқтырған бала­ларға арнап «Ақпараттық оңалту орталығын» салды. Яғни кәсіп­кер мүмкіндігі шектеулі жандар­дың қоғам өміріне белсене араласып, еңбек етуіне, ел дамуына өз үлесін қосуына септігін ти­гізуде. Елбасы идеясын ілгерілету мақсатында жүзеге асырылған қамқорлық өз нәтижесін де беруде. Мысалы, Риодағы Паралим­пия­лық ойындарда спортшыларымыз ел абыройын асқақтатып, еселі еңбектің қашанда табысқа жетелейтінін іс жүзінде көрсетті. Мемлекет басшысының «Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында айтылғандай, қазір­гі жаппай жаhандану заманында елдің де, ұлттың да әлемдік бәсе­кеде өзінің лайықты орнын табуында осы Еңбек мәселесі шешуші роль атқаратыны анық. Мұның әсіресе индустриалды-инно­вация­лық жобаны жүзеге асыруға зор маңыз беріп, қызу кірісіп кеткен біздің еліміз үшін маңызы тіпті өзгеше. Тек еңбексүйгіш, жаңалыққа бейім, оны білім мен ғылымның жетістіктерімен тығыз ұштастыра білетін ұлт қа­на тарихтың қойнауында қалып қоймай, өркениет көшіне қар­қынды ілесе алады. Әрбір азаматты еңбекке үндейтін және еңбек етуіне мүмкіндік жасайтын бастамалар мен нақты бағыт-бағдарлар Елбасы Жолдауларында жалғасын тапты.

ndiris-shymkentИндустриалды-инновация­лық дамудың екінші бесжылды­ғын­да шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын эконо­ми­ка­ға басымдық берілуде. Әр­тарап­тандырылған экономи­каға бағыт алу жаңа жұмыс орын­да­рының көптеп ашылуына мүм­кіндік беруде. Бұл орайда, Елбасы жеке инвесторларды жол, газ құбыры, ауруханалар, мектептер және басқа да нысандар құры­лы­сына ғана емес, сонымен бірге, оларды қайта жаңғыртуға және техникалық қызмет көр­сетуге тартудың да маңызы зор екенін атап көрсетті. Ал бюджет шы­ғын­дарын оңтайландырудан босаған барлық қаржы бірінші кезекте халық үшін нақты нәти­желер әкелетін жобаларға бағыт­талуы тиіс. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қызметке кіріскен алғашқы күндерде-ақ инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесіне белсене кі­рісті. Облыс басшысы ірі бе­ль­­­гия­лық «WILLEMEN Groep NV» компаниясының президенті Йохан Виллені және аталған компанияның өкілдерін қабыл­дап, өңір үшін әлеуметтік-эконо­ми­калық маңызы жоғары инвес­тициялық жобаларды талқылады. «WILLEMEN Groep NV» компаниясы Бельгияда тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, авто­жолдардың және медици­налық нысандардың құрылысы­мен айналысады. Кездесу барысында Шымкент қаласында онколо­гиялық орталықтың құрылысы жобасын әзірлеу туралы екіжақты келісімге қол қойылды. Инвес­тициялық көлемі 250 млн. еуро болатын онкологиялық орталық 350 орынға  лайықталған. Сон­дай-ақ, кездесу  барысында, бель­гиялық компания өкілдері Са­рыағаш-Мақтаарал авто­жо­лының құрылысы және Шымкент әуе­жайы терминалын жаңғырту құрылысы жобалары бойынша жұмыс істеуге әзір екендіктерін білдірді. Жергілікті тұрғындарды жұ­мыспен қамтуға мүмкіндік беретін индустриаландыру картасы қала, аудандарда  да нәтижелі жүзеге асырылып, тұрғындардың тұрмысын жақ­сартуға септігін тигізуде. Мысалы, «Оңтүстік» ин­дустриалды аумағында бірқа­тар жобалар жүзеге асырылды. Үдемелі ин­дустриалды-инно­вац­ия­лық даму және «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарла­малары бойынша іске қо­сылған «Ferrum-Vtor» ЖШС-і қуатты­лығы жылына 100 мың тоннаға дейін сұрыптық металл прокатын өндіретін кәсіпорын осы индустриалды аймақта ор­на­лас­қан. Зауыт шегеден бастап, сұйық натрий шынысына дейін шығарады. Атап айтсақ, түрлі диаметрлі арматура, бұрыш, сызба сым, шаршы, шегелер және метиздер, темір бетондық құры­лым­дар үшін арматуралық және дәнекерлік торлар, сынақ құдық­тардың люктері, сонымен қатар, натрий силикаты және сұйық натрий шынысын өндіреді. Кә­сіпорын өнімдері елімізде және Ауғанстан мен ТМД елдерінде сұранысқа ие. Яғни өнімдерінің 40 пайызын экспорттайды. Сон­дай-ақ, «Ferrum-Vtor» ЖШС-інің өндіріс аумағы кеңейтіліп, аммоний көмір қышқылы тұзын өндіретін цех іске қосылған. Көпсалалы кәсіпорын ауыл­шар­уа­шылығы өнімдеріне арналған тыңайтқыштардың түрін де шы­ғарады. Бұл бағытта қосымша 150-ден астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. «Оңтүстік» өндіріс аймағында орналасқан кәсіпорындардың тағы бірі – «Компания ЮгПласт» ЖШС-і су, газ, кәріз жүйелеріне арналған құбырлар шығаруда. Кәсіпорынның өнімдері тұтыну­шы­лардың талабына сай. Жалпы жобалық құны 350 миллион тең­ге болатын кәсіпорын жылына 6 мың тонна өнім шығаруға қау­қарлы. Бұйымдары түгелдей ішкі нарыққа арналған. Мұнда 30 адам тұрақты жұмыс істейді. Зауыт инновациялық соңғы үлгідегі құралдармен жабдық­талған. Жұмыстың бәрі авто­мат­тандырылған. Сондықтан да өнімдері сапалы. Бүгінгі таңда облыста құрылысқа немесе жөн­деу жұмыстары барысында отан­дық өнімдерге басымдық берілу­де. Бұл орайда «Югпласт» ком­­­пания­сы тапсырыс беру­ші­лер­­ге ұзақ мерзімге жарамды, сапалы құбырлар ұсынуда. Ал Қазығұрт ауданында индустриаландыру картасы бойынша биыл жалпы сомасы 722,7 млн. теңгелік 2 жоба өңірлік  үйлестіру кеңесі­нің қарауына ұсынылған. Облыс әкімдігінің шілде айындағы қау­лысымен «Отырарбат құ­рылысы» ЖШС-нің құны 120,0 млн.тең­ге­лік «газоблок өндірісі» және «Асыл бастау КZ» ЖШС-нің құны 602,7 млн. теңгелік «май­сыз­­дандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру» жобасы индус­триаландыру картасына ен­гі­зіл­ген. Сонымен қатар, индуст­риаландыру картасы аясында «Компания SERPER invest» ЖШС-і 200 тонна ет, «Сапа-2002» ЖШС-і 1000 тонна өсімдік майын және «Қайып ата» ЖШС-і 1000 тонна ет өнімін өндіруді жоспарлаған болатын. Серік­тес­тіктер ай сайын бекітілген кестеге сәйкес өнім өндіріп келеді. Айта кетелік, ауданда өнеркәсіп саласында 16 кәсіпорын бар. Биылғы 8 айда өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 3971,8 млн.теңге болып, нақты көлем индексі 105,4 %-ды құрады. Өнеркәсіп саласында «Lotus Food Company LLC» ЖШС-нің құны 471,0 млн.теңгелік «тез әзірлене­тін тағамдар» жобасы Елбасының қатысуымен өткен Жалпыұлттық телекөпір шарасында іске қосы­лып, 48 адам тұрақты жұмыспен қамтылған болатын. Ал ағым­дағы жылдың ІІ-жартыжыл­ды­ғында «ЮКГУ» ЖШС-нің «газоблок өндірісі» жобасын іске асыру жоспарланып отыр.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақс­тан­­ның әлеуметтік жаңғыр­тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстандағы әлеуметтік жаң­ғырту бәрінен бұрын барлық қаза­қстандықтардың өмір сапасын арттыруға, кедейлердің санын азайтуға және әлеуметтік дүбәралыққа жол бермеуге ба­ғыт­талуы керек деген сенімде екенін білдірді. «2020 жылға қарай экономиканың өсуі ғана емес, әлеуметтік құрылымның ауқымды өзгеруі орын алатын­дықтан да бұл өте маңызды. Атап айтқанда, ІЖӨ-дегі шағын және орта биз­нестің үлесі 40 пайызды құрайды. Еңбекпен қамтылу құрылымында білікті мамандар­дың үлесі де 40 пайызға жетеді. Басқаша сөзбен айтқанда, елде жаппай орта тап қалыптасуда. Бүгінде Қазақстанда өмір сапасының белгілі бір әлеу­меттік үлгі-қалыптарын, соның ішінде мемлекет кепілдік ете­тіндерін де, белгілеу үшін тиісті әлеует те, экономикалық алғы­шарттар да бар», – делінген бағдарламалық мақалада. Сондай-ақ, мемле­кетіміздің ең пәрменді әлеуметтік саясаты өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып табылатынын үнемі айтып келе жатқан Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдерге еңбекке жұмылдыру және жұмыс беру­шілер мен еңбеккерлердің бірін-бірі іздеп табуына ықпал ету жөніндегі жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл орайда жоғарыда біз атап өткен Қазығұрт ауданының даму бағдарламасына сай, 2016 жылдың 8 айында тұ­рақ­ты жұмысқа орналастыру, ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлары артығымен орындалыпты. Тарата айтатын болсақ, 8 айда 1382 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, 1498 жаңа жұмыс орындары ашылып, жос­пар 108 пайызға орындалған. Тұрақты жұмысқа орналастыру жоспары 111 пайызға орындалып отыр. Ақылы қоғамдық жұмысқа 340 адам жіберу қаралса, оған 364 адам тартылған. Ауданда жұмыс­сыздық денгейі 3,18 %-ды құ­райды. Осы жылы 3 рет жәрмеңке өткізіліп 33 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасса, ағымдағы бос жұмыс орындарына мүмкіндігі шектеулі 36 азамат жолданып, барлығы 69 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды. Аудан көлемінде биыл «Өрлеу» пилоттық жобасына аз қамтамасыз етілген 24 отбасы өтініш беріп, оның ішіндегі 26 еңбекке қабілетті адамды «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына, яғни тұрақты жұмысқа тарту арқылы балаларын қоса алғанда 131 адамға 5117 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалған. Аталмыш бағдарлама бойынша үш бағытта жұмыс жүргізілді. Бірінші бағыты бойынша елді мекендердегі құрылыс жұмыста­рына 10 жұмыссыз азамат тартылса, екінші бағыты бойынша жыл көлемінде 79 азаматқа несие беру жоспарланған. Жоспар артығымен орындалып, 110 адам­ға 294,5 млн. теңге несие берілді. Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 138 азамат әлеуметтік жұмысқа орналастырылды. «Жас­тар практикасына» 100 адам жіберу жоспарланса, 106 маман тәжірибеден өтті. Мемлекеттік және аймақтық бағдарлама бойынша жұмысқа 330 адам тартылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 364 адам жолданыпты.Тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыру жоспары 1010 адам болса, оған жолдамамен 1119 адам жолданып, жоспар 111 пайызға орындалды. Жалпы, «Жұмыспен қам­ту жол картасы – 2020» бағ­дар­ламасы бойынша 1897 адам қамтылған. «Дипломмен ауылға» бағдар­ламасы бойынша 2009 жылдан бері 326 маманға 38,8 млн. теңгеге көтерме жәрдем­ақы, 112 маманға 284,0 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға жәрдемақы берілген. Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытуға да ерекше мән беріліп келеді. Жыл басынан бергі 8 айда кәсіпкерлік субъек­тілер саны 6849 болып, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыс­тырғанда 106,3%-ға өскен. Осы бағытта 10766 адам жұмыспен қамтылған. Олардың өндірген өнім көлемі 28 310,4 млн.теңге болып, 298,9 млн.теңге бюджетке қосымша салық түсірілді. Жалпы, шағын және орта бизнес саласы бойынша 17 жоба іске асырылып, 60 адам жұмысқа тартылды. Қа­зығұрт ауданының жүзімдері Алматы, Астана сияқты ірі қа­лалар­мен бірге, еліміздің өзге де өңірлерінде сатылып, Ресейдің Мәскеу, Новосибирск, Екатеринбург сияқты қалаларына экс­портқа жібері­луде. Өткен айда ауданнан 150 тоннадан астам жүзім, 100 тоннаға жуық алма, сон­дай-ақ, шабдалы, киви, ал­мұрт, алхоры сияқты өнімдер экспортталды. Бағдарламаны жүзеге асыруға қаржы ұйымдары да қолдау көрсетуде. Мысалы, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағ­дарламасы аясында өңіріміздегі «Ырыс» микроқаржы ұйымы 2011-2015 жылдар аралы­ғында 1003 жобаны 2,1 млрд.тең­ге­ге қар­жыландырыпты. Оның ішін­де мал шаруашылығы бойынша 1,8 млрд. теңгеге 888 жоба; егін шаруашылығы бойынша 106,5 млн.теңгеге 44 жоба; ал әр түрлі қызмет түрлері бойынша 150 млн. теңгеге 71 жоба жүзеге асырылған. Биыл аталған бағдар­лама аясында облысқа 7,0 млрд.теңгеден астам қаражат бөлініп, оның 3,8 млрд.теңгесі «Ауыл­шаруа­шылығын қаржылай қол­дау қоры» арқылы таратылған. Ал Түлкібас ауданында Тәуелсіз­дік жылдары мемлекеттік бағдар­ламалар арқылы 1026 жоба қар­жыландырылып, белсенді жеке кәсіпкерлер саны 2961-ге жеткен. Сондай-ақ, Түлкібасқа тартылған инвестиция көлемі 1991 жылы салынған 37 млн. теңге қаржыдан, 19 474 млн. теңгеге (2016 ж) жетіп, 52,6 есеге өскен. Ауданның жалпы өңірлік өнімі 2016 жылы 54 млрд. теңге болып, 7,3 есеге өсіп, жан басына шаққанда 487,4 мың. теңгеге жеткен. Ауданда 1991-2016 жылдар аралығында бар­лығы 1619,5 га жерге алма бағы мен жүзімдіктер егіліп, 13,5 га жерге жылыжай салыныпты, 4474 га жер­ге тамшылатып суғару әдісі енгізілген.

Жоғарыда аталған нәтижелер, көрсеткіштер еңбекпен келгені мәлім. Дегенмен, еңбек етуде жә­не оның өнімділігін жоға­рыла­туда адам денсаулығының ма­ңызы зор. Бұл орайда, Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде әрбір елді мекенде, соның ішінде ауылдық жерлерде, сондай-ақ әрбір мекеме мен кәсіпорында белсенді демалысты, дене тәр­бие­сі мен бұқаралық спортты дамыту үшін бірте-бірте жағдай жасау керектігін атап көрсетті. «ХХІ ғасырда әлеуметтік қамтылу әншейін жұмысқа орналастырудан гөрі әлдеқайда кең ауқымды ұғымға ие. Әлеуметтік қамтылу – сол сияқты жергілікті билік орган­да­рының күш-жігерін қоғаммен үй­лестіре отырып ұйымдастыратын бұқаралық іс-шаралары. Еуропа, Америка, Азия сияқты дамыған елдер агломерациялары мен мегаполис­тері­нің мәдени өмірлерін модель­деудің шетелдік бай тәжірибелері бар, олар – көпшілік алдындағы велосипедті шерулер, бұқаралық шахмат турнирлері, қалалық марафондар, ұлттық спорт түрле­рінен байқаулар, ауылшаруа­шылық мейрамдары, жастар театрларының карнавалдары, балалар турнирлері және басқа­лар, жалпы алғанда, құмар ойын­дарға жатпайтын іс-шаралар. Сондықтан мен сөзімді барлық әкімдерге арнаймын: қо­ғамдық, әлеуметтік өмір әрбір жекелеген ауылда, қалада, аудан орталы­ғында, облыста тұрақтылық ахуалын нығай­татындай тұрғыда ойластырылған бұқаралық оң сипатты іс-шаралар арқылы дамытылуы тиіс», – делінген Ел­ба­сы­­ның «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағ­дарламалық мақаласында. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақса­тында еліміздің үшінші мега­полисі – Шымкент қаласында «Shymkentbike» велостанциясы тұрғындар мен қала қонақтарына қызмет көрсетуде. Қала көше­ле­рінде велосипедке отыр­ған­дардың қатары артып келеді. Сабағына, жұмысына денсау­лық­қа пайдалы, отбасы бюд­жетіне тиімді осы көлік түрімен қатынауды әдетке айналдырған да бар. Қазіргі таңда орталық көшелерде 18 велостанса орна­тылған. Мамандар жұмыс әлі жалғасады деп отыр. Сондай-ақ, Д.Қонаев даңғылы бойында аяқжол мен веложол да қатар салынуда. Екеуінің де ені –
3 метр, ал ұзындығы 600 метрге жуық­тайды. Қазір қалада 160-тан астам адам дисконттық картаны сатып алған көрінеді. Олардың қатары ай сайын арта түсуі әбден мүмкін. Оның бір себебі велоға әуес студенттер көбейіп келеді. Талдау  жұмыс­тары көрсеткендей, Шымқала тұрғын­дары экологиялық кө­лікке таңер­тең және кешкі уа­қыттарда көп мінеді екен. Шымкент қаласы әкімдігі мен «Са­мұрық-Қазына» АҚ бірлесе іске асырған жобаның өміршең боларына сенім зор. Мамандар қазір тұрғындардың вело­мәде­ниетін арттыруға күш салуда. Сондай-ақ, облыс ор­талы­ғында Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен ашылған Тәуелсіздік саябағын­дағы ашық ауада жаттығумен айналысатын спорт алаңдары көпшілік жиі келетін орынға айналды. Салауатты өмір салтын сақтауға арналған «Street workout» қозғалыс құралдары облыс орталығының бірнеше аумағына орнатылып, қала­лық­тардың спортпен шұғылдануына мүм­кін­дік тудырып отыр. Бұл спорт алаңдары 20-дан астам түрлі снарядтардан құралған. Айта кетелік, аталған спорт алаңдары­ның құрылысы Ұлттық Олимпиада комитетінің пре­зи­денті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен, әрі қаржылай қөмегімен Шымкент қаласының әкімі  Ға­би­долла  Әбдірахымовтың қол­да­уымен салынған. Аталмыш жоба балалар мен жастардың бұқаралық спортқа деген қызығу­шылығын оятуды көздейді. Соны­мен қатар, адамдардың өзде­рінің денсаулығы үшін жауапкершілігін арттырады. Мемлекет басшысы өзінің бағ­дарламалық еңбегінде көптеген адамдардың өз денсаулығына жүрдім-бардым қарайтынына, іс жүзінде дені сау болуға құнт жасамайтынына қынжылыс біл­дірді. Өзінің жеке басының ден­саулығын алдымен адамның өзі ойлауы керектігін атап көрсетті. Яғни әрбір отбасы, әр азамат өз денсаулығын нығайтса еңбектегі белсенділігі де бә­сеңдемей табысы еселенетіні, мемлекет жүзеге асырып жатқан қадамдар әлдеқайда тиімді болатыны анық.

Диас НҰРКЕНҰЛЫ.
Оңтүстік Қазақстан облысы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір