ПРЕЗИДЕНТ АТАМҚҰЛОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

0
51 қаралды

168a1a99-58ed-4730-8762-9789f0d7fd96Жаңадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тізгінін ұстаған Бейбіт Атамқұлов жұмысына қызу кіріскен сыңайлы. Апта басында ол Ақордаға барып, Президенттің қабылдауында болды.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі өніміне деген сұранысты қамтамасыз ету үшін отандық кәсіпорындар өз мүмкіндіктерін барынша пай­далану қажеттігіне назар аударды. Яғни келешекте қор­ғаныс пен аэроғарыш та өнеркәсіптің үлкен бір саласына айналады деген сөз. Әрине, айналдыра алсақ. Бейбіт Атамқұлов бұл міндетті қаншалықты орындай алады? Президентпен әңгіме барысында ол министрлікте жүргізіліп жатқан кешенді ұйымдастырушылық   іс-шаралардың  аяқталуға  жақын­дағанын хабардар етті.

Бейбіт Бәкірұлы бұл қызметке дейін Оңтүстік Қазақстан об­лысының әкімі қызметін атқарғаны белгілі. Алғашқыда ел­шіліктен келген, әкім болып істеудің ыстық-суығын біл­мей­тін азаматқа елдің тосырқай қарағаны рас еді. Алайда,  Оң­түс­тікті басқарған бір жыл, екі ай ішінде Бейбіт Атамқұлов соңына ел айтып жүрерліктей із қалдырды деуге болады. Атап айт­қан­да, Оңтүстікте өнеркәсіп пен кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы са­ла­сында біраз серпілістер жасады. Мақта шаруашылығына қайта қозғау салды. Ма­шина, трактор станцияларын ашқызды. Инвестиция саласында ауыз толтырып айтарлық тың жұмыстар атқарылды. Елшілікте жүріп, алыс-берістің тиімділігін білетін әкім Шымкентте инвесторлардың форумын ұйымдастырды. Осы форум аясында шетелдік кәсіпкерлермен көптеген келісімдер жасалды. Атамқұловтың жасаған осы тірлігін кейінгі әкімдер ары қарай жалғап кетсе жаман болмас еді.

Б.Атамқұлов өзінің жасаған тірлігін жарнамалаудан жалықпайтын кейбір әкімдердей емес. Оны арық сөйлеп, семіз шығатын шенеуніктердің қатарында десек, артық айтқанымыз емес шығар. Министрлікке келген экс-әкімнің  қай қырынан танылатынын уақыттың еншісіне қалдырдық.

 

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.