ЖАЗАРМАН ЖАЙЛЫ ҮЗІК ОЙ
14.10.2016
1402
0

Редакцияға келген қалың хаттар, анығында мақалалар оқырманның газетке деген ықыласын көрсететіні анық. Басылым көлемі шектеулі болғасын шығармашылық ұжым ол ықыласқа тиісінше жауап бере алмай жатады. Бірақ ол редакцияға келген жазбалар мүлдем оқылмай қалады дегенді білдірмесе керек. Әр бөлімге жауапты қызметкердің жазу үстеліндегі қалың хаттар нөмірдің жоспары жасалған сайын қайта-қайта ақтарылатыны сөзсіз. Қоғамдағы әдеби-мәдени шаралардың аясындағы кезек күттірмейтін мақалалардан бөлек, авторлар мен оқырмандардан келетін мақалалардың біразы журналистердің хат қорытуынан өтіп, ұжымның талқысына ұсынылады. 

Редакцияға келген мақала­лар­ды мазмұнына қарай сұрыптап ша­­ғын сараптама жасасақ, оның көп бөлігі Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайында екенін көреміз. Абай – кемел­денгісі келген әр қазақтың рухани бет тү­зер бағыты десек, бұл құбы­лыс заң­ды да. Дейтұрғанмен ол жаз­­балардың көпшілігі теориялық тал­даудың ескі сүрлеуімен шек­те­летіні рас. Абай шығармаларын жаңа қырынан талдаған, яки жас­тардың оған деген көзқарасынан ха­бар беру тұрғысынан келу жоқ­тың қасы. Абай негізін салған жаз­ба әдебиеттің кейінгі өкілдері де осал емес, олар қазақтың әдебиетіне өз заманына сай жаңашылдық пен стиль қалыптастыра білді. Оны кө­зіқарақты оқырман мен әде­биет­тің басы-қасында жүрген аза­мат­тар да жақсы біледі. Алайда, ХХ ға­сырдың ортасында әдебиетке кел­ген буынның шығармашылығы ту­ралы талдаулар тым аз. Одан ке­йін­гі қатарда қайтыс болған әріп­тестерді ес­ке алу мақсатында әр жанрда жа­­зылған шығармалар тұр.  Әруақ­ты сый­лау, оның жақ­сы­лы­ғын айту бү­гінгі  ұрпаққа өнеге еке­­ні даусыз. Алайда, көзі кеткен адамдарды көп айту, қазақы ұғымда берік қалып­тас­қан әруақты қозғау мәдениетіне қаншалықты сыйымды болар екен деген ой да жоқ емес… Әр қаламгер­дің әрбір шы­ғар­­масы оның жан-дүниесінің ай­насы десек, арамыздан кеткен ақын-жазу­шы­лардың өзі туралы айтқаннан гөрі, қала­мынан туған бір жақсы шығар­масын жаңаша сипатта талдаған тиімді болар ма еді?.. Хаттардың көп­тігі жа­ғынан келесі орында тұр­ған көзі тірі адам­дар туралы жазыл­ған ма­қала­лардың да сипаты мақ­тау- ма­дақ­таумен ғана шектеліп, қаламгер шы­ғармалары екінші орынға ысырылып қалады. Ел ішін­де белгілі бір тұлғадан культ жасау дағдысы бе­лең алып жат­қанын редакцияға кел­­ген хаттардан жиі аңғара­ты­ны­мызды қалай жа­сы­райық. Оның болашақ ұрпақ үшін қаншалықты зиян екенін саясаттанушылар мен әлеу­меттану­шы­лар айтуындай ай­тып жүр. Нау­қаншылдықтың өр­шігеніне «Жеңіс-70» айдарымен кел­ген материалдарды жыл бойы жа­риялаған күннің өзінде де бір бу­ма хатты ор­талау қиынға соқ­қаны айғақ. Мәр­тебелі оқырман­ның не жазатынына яки не туралы жазатынына біз нұс­қаушы бола ал­масымыз анық. Дегенмен, әде­биетке 1980 жылдар­дың аяғы мен 1990 жылдардың басында кел­ген буын­ның шығарма­лары елеу­сіз қа­лып бара жатқандай көрі­неді…

Назым ДҮТБАЕВА.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір