«ӘБІШ ӘЛЕМІ»
07.10.2016
1889
0

2-betke-bishЕлордадағы Маңғыстау облысының күндері аясында халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы мен өміріне арналған «Әбіш әлемі» журналының тұсауы кесілді.

Тұсаукесер шымылдығы Әбіш Кекіл­бай­ұлының толғаныстары жинақталған бейнетоптамамен ашылды. Тұсаукесерге жазушының көзі тірісінде сындас аға, сырлас дос болған замандастары мен қаламдас інілері жиналды.

Қоғам қайраткері Зейнолла Алшынбаев: «Әбіш әлемі жатқан мұхит. Біз жаңа ғана білуге тырысып жатырмыз. Әбіш ең­бек­терін түсіну үшін үлкен дайындық керек. Сондықтан «Әбіш әлемі» атты жур­нал­дың маңыздылығы осында. Басқа қыр­ларынан айтпай-ақ қояйық. Тәуелсіз­дік алғаннан бергі еңбектерінің барлығы тәу­елсіздікке қаланған жәй ғана кірпіш емес. Бұл – гранит. Мығым, үлкен дүние», – деді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Аңызға айналған Абыз» атты кітап және «Ұлы дала Абызы» тақырыбындағы жылжымалы ақпараттық көрме ұйымдастырылды. «Жаңғырған Маңғыстаудан – Жасампаз Астанаға» деп аталған шара Әбіш Кекіл­баев­тың «Шыңырау» повесімен қорытын­ды­ланды.

Журналдың тұсауын ғалым, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков пен жары Клара Жұмабай кесті.

Шарадан соң жиылған қауым Әбіш Кекілбайұлының зиратына барып, құран бағыштады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір