БАҒЫ ЖАНАТЫН ШЫҒАРМА
30.09.2016
6145
0

shutterstock_120735568-774x1024Жазушы Айгүл Кемелбаеваның баспасөз бетінде жарияланған шығармаларын қадағалап оқып жүруші едім. Осыдан он екі-он үш жыл бұрын «Сорос Қазақстан» қоры ұйымдастырған «Қазіргі заманғы Қазақстан романы» әдеби конкурсында жүлдегер атанған  «Мұнара» романы қолыма түспеді. Қайдан тапсам екен деп ойлап жүргенде, ғаламтордан көрнекті сыншы, үлкен ғалым Ш.Елеукеновтың: «А.Кемелбаева «Мұнара» атты романның тұтас сюжетін Аллаға деген сеніммен көмкерген» деген пікірін көріп, одан сайын ынтықтым. Сол «Мұнара» жуықта қолыма тиді.


tolymbek

Толымбек ӘБДІРАЙЫМ,
жазушы

 

 

Бірінші бөлімде Москва ша­һарымен таныстым. Дұры­сы, сол шаһарда әдебиет инс­титутында оқитын Айжан есімді студент қызбен. Бала бағу­шылық өмірі арқылы «аласы ішіндегі» адамдардың екі­жүз­ді, аяр, жымысқы, аумалы-төкпелі мінездерін жеріне жет­кізе суреттеген авторға ри­за болдым. Айжанның оқу біті­рер мерзімі Кеңес Одағы­ның ыдырауына тұспа-тұс келіп, Ресей мен Қазақстан ара­сында, пошта арқылы қара­жат жолдау тоқтап қалады да, елдегі анасы жіберген ақша қолына тимеген студент қыз­дың мардымсыз сти­пендиясы күн көруге де жет­пей тығырық­қа тіреледі. Мәскеудей алып мегаполисте көк тиын қаражат­сыз қайтіп күн көруге болады?! Көп жағ­дай­да нанға май жағып ашқұр­сақ жүруіне тура келеді. Бала жасынан Тәңірді қапысыз мо­йын­даған, тағдыр талайына иланған Айжан өзінің далада қалмасына сенеді. Ақиқатында Алла  деген жанның нәпақасыз, түксіз, аш-жалаңаш қалуы мүмкін емес. Әлбетте әрекет жа­саған жағдайда. «…Соңғы күн­дері астан өзге ештеңе ой­лауға қабілетім жоқ болып кет­ті, дұрыстап құнарлы ас же­мей, еттен қағылған соң, (қазақ баласы!) аш қарын өзге дүниеге мұқтаж емес…» дейді студент қыз. Аштық сезімін бұрын-соңды бастан кешпеген, бей­мәлім жалғызкөз дү­лей­дің өзі­не айналды. Тіпті, кей кез­дері миын қалжырау мен дағ­дарыстың шарпуы меңдейді, оқып отырған кітабы қолынан сусып түсіп кете береді. Сондай шақта өзі оқыған жазушылары: Кнут Гамсунның «Аш­тық» атты романы, Генри Мил­­лердің романы, Эдгар По­ның қаламынан туған «Мальстам ағысы» әңгімесі, Гогольдің «Өлі жандар» поэмасындағы Чичиковтың дастархан үстін­де­гі сәті, қаймаққа былғанып кеп ауызға сүңгіп кететін галушкалар көз алдына елес­тейді.

Не істемек керек? «Өлме­ген­ге өлі балық». Курстас құр­бысы Лиля себепші болып бала күтуші болып жұмысқа тұрады. Бағатын баласы тоғыз жастағы Ританың әкесі – орыс, шешесі – қазақ, ныспысы – Жамал. Бас­тапқыда Лиля екеуі бір күн­­нен кезектесіп істейді де, ке­йін келе Айжан жалғыз өзі қалады. Еңбекақысын қо­жайын­дар күнде кешке төлеп тұрады. Күні бойғы тамақ ішу үй иелерінің есебінен.

Әсілі бала күтуші жұмысы деп аталғанымен, Айжанның күнделікті міндеті – пәтердің тазалығы, түскі және кешкі ас қамдау, Ританы мектептен ертіп әкелу, сабағын қарату сияқ­ты іш пыстырар күйбең жұмыстар. Яғни бұл жұмыстың рухани жағы өте ауыр, бейне байлаулы ит тәрізді күйкі тір­ші­ліктің дәл өзі. «Демек, бұл фәниде неге болса да шыдап, көніп бағудың арты жаман болмайды, – дейді Айжан ойланып. – Бәлкім, бұл алдамшы дүниеде не көрсең  де Құдайдың басқа салғанына ризашылық қылудан артығы жоқ болар. Өйткені, кішірейтетін де бір Өзі, зорайтатын да бір Өзі. Адал­дықтың ала жібін аттап кетпеген адам ештеңе жоғалт­пайтынына қылаусыз сенемін, бұл сенім маған қанмен беріл­ген, оның туған даламның күм­безіндей шексіз болмағын немен өтеймін…».

Бала бағушылық мерзімі бітіп, жатақханаға қайтып бара жатқан сәттегі Ританың анасы Жамалға қарата айтылған мо­нологқа айызым қанды. Әсілі есеп-қисап мамандық иелері: экономист, сатушы, бухгалтер, т.б. адамдардың көпшілігінің мінезі тақ-тұқ, сараңдау, қаты­гездеу келетіні белгілі. Бауыр­мал­дықтары кемшін. Ал Жа­малдың тасбауырлау бо­луы­ның бір себебі, діні басқа ұлт өкіліне тиюінде жатса керек. Жамал мен Айжанның жұл­дыздары қарсы. Ақи­қа­тын­да Алла қо­жайын әйел мен бала күтуші студент  Айжанның бірімен-бірінің тіл табысуын, жақсы көруін қаламайды. Капитал билеген қоғамдағы екі­жүзді, қатыгез, негізінен дү­ние-тір­шілікті ғана ойлайтын, өмірдің мақсат-мұраты баю, ақша деп түсінген адамдар жиынтығы осы Жамал сияқ­тылар. Жамал­дың мінезі жуас, жібі бос, көп нәрсемен шаруасы жоқ Максим Андреевичке тұрмысқа шығуында есеп те жатуы  әбден мүмкін. Әсілі Жамал аса жаман әйел емес. Бірақ оның аяқасты хамелеон сияқты өз­гере қалуында адамнан шық­қан сайтанның ролі жатыр. Қасиетті Құранда: «…адамдардан шыққан белгісіз сайтанның азғыруынан сақта деп, Тәңірім, сенен пана тілей­мін», – деген («Нас», 114) сүре бар. Кішкентай Ританың да тоғыз жасар балаға ұқсамайтын тосын, тәкап­пар­лық мінездері толғандырмай қоймайды.

Жазушы бірінші бөлімдегі санаулы кейіпкерлер арқылы адам жанының бұлтарыс-қалтарыстарын суреткерлік шабытпен терең суреттеген.

«Соңғы жолбарыс» аталатын екінші бөлімдегі  әңгіме  ішіндегі әңгіме әдісімен жа­зыл­ған қарт аңшы, ұзын бойлы, ақ сары дөңгелек жүзді, қыр мұрынды келбетті Тарбақ арқылы Арқа­дағы аң-құстар­дың тыныс-тіршілігі кең қам­тыл­ған. Жазушы Айгүл Кемел­бае­ва­ның суреткерлік дү­ние­таным ерек­шелігі, ай­шық­тау мә­де­ние­ті автордың аталмыш романды жазардағы жан-жақты дайын­дығын риясыз жеткізеді. Әсі­ресе, көктегі ай мен күндей маң­­ғаз, сабырлы, көзі сары түсті, қарашығы кейде жасылданып көрінетін Жолбарыстың түп-тұқияннан бастап, күн­делікті қам-қаре­кеті, мінез-құлқы жан-жақты ашылған.

Жолбарыс өз туған жерін адамнан бетер сүйеді. Ата­­-ме­ке­нін ол жаттан қызғанып, өзінше қориды. Оның жерді мен­шіктеп иемденгені сүйіс­пеншілігі мен қимастығынан.

Осы екінші бөлімде он сегіз мың ғаламның иесі Алла жа­рат­қан дала еркелері, дала сәні аң-құстардың өмір сүру дағ­ды­лары, бітім-болмыстары дәлме-дәл, нақты таңбаланған. Бұл  көркем әдебиеттегі – зо­ологиялық проза.  Жолбарыс жаратылысында қазақтың өршіл, мықты рухы бар!

«Мұнара» интеллектуалды, таза реалистік шығарма. Бағы жан­атын роман. Болашағы алда.

Астана қаласы.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір